Темпераменттің кілті Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. «А» - Холерик – ыстыққанды «Б» - Сангвиник - жеңілқанды «В» - Флегматик – суыққанды «Г» - Меланхолик – ауырқанды 1. Темперамент- жүйке саласының тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке дара өзгешелігі. Мәселен, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да қүйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы төкпелі жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық бірақ бейқам келеді. Ғылымда бұлар холерик деп аталады.
2. Адамдардың енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін қөңілді ұстайды. Ақ көңіл қызу істің адамдары. Қысылып қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді. Мұндай адамдарды сангвиник темпераментінің өкілі дейді.
3. Енді біреулері сақ байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу.
Бұл флегматик темпераментінің өкілі.
4. Меланхолик темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ. Пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.