(Ұ) Оқушылардан құрал-жабдық деп нені атайтынымызды түсіндіруін сұраңыз. Қандай құрал-жабдықдар оларға белгілі екенін анықтау.
(Ұ) Оқушыларға мәтінді оқуға беріңіз және сол мәтінде қалайша басты үзінділер бөлініп алынғаны және қандай құрал-жабдықдар ол үшін қолданғанын анықтасын.
(Ө) Мәтіннің түсін өзгертетін іс-әрекеттің алгоритімін құрастырсын.
(Ж) Оқушылар бір түспен «Түс», «Көлем», «Ж», «К», «Ч» бөліп алсын. Басқа түспен «Көшіру», «Қиып алу», «Қою». Үшінші түспен - «Сақтау», «Ашу», «Баспаға шығару».
(Ө, Қ) Оқушыларға үлгі бойынша мәтінді пішімдеуін ұсыныңыз.
Мәтін редакторында көлемін және мәтіннің түсін өзгертетін құрал-жабдықтарды табатын тапсырма ұсыныңыз. Түсті білдіретін қаріптің көлемін үлкейтетін және қаріп түсін өзгертетін іс-әрекетті түсіндіріп беруін сұраңыз.
(Ұ, Т) Оқушыларға бірнеше суреттелген мақал ұсыныңыз. Топта суретпен мақалды сәйкестендіруін сұраңыз. Оқушыларға парақ бетінде мәтін орналасуын анықтауын сұраңыз.
(Ө, Ж) Өткен сабақта қолданылған жұмыс дәптеріндегі мәтін редакторының терезесіндегі құрал-жабдықтарының скриншотына оқушылардың назарын аударыңыз. Азат жолын пішімдейтін құралдарды бөліп алуын сұраңыз.
(Ж, Қ) Оқушыларға жаңа құжат құрып оның ішіне мақал жазуын ұсыңыныз. Оқушыларға түзету, түсін, келбетін және көлемін келтіретін құрал-жабдықтар арқылы мәтіннің азат жолын және үзіндісін пішімдеуіне тапсырма беріңіз.
|
Сіз құрал-жабдықдардың мақсатын анықтау үшін суреттер ұсына аласыз.
Алдын ала мәтіндік файл дайындап қойыңыз. Сол мәтінде түрлі түспен мәтіндердің үзіндісін бөліп қойыңыз.
Егер де алгоритм құру барысында оқушы қиналса, сіз оған көрсете аласыз.
Оқушылар жұмыс жасайтын мәтіндік редактордың құрал жабдықтарын скриншот арқылы алдын ала дайындап қойыңыз. Оқушылар жұптасып әр санаттағы құрал-жабдықдардың аттарын жазып көрсетсін.
Әр жұп өз жұмысын көрсеткен кезде сыныптастары оларды өзара бағалайды.
Пішімделген мәтін ішінен түсті сипаттайтын сөздердің үлгісін қағаз бетіне шығарып дайындап қойыңыз.
Өздерінің іс-әрекеттерін сипаттаған кезде оқушылардың құрал – жабдықтардың терминдерін қолданғанын қадағалаңыз.
Алдын ала оқушылармен мәтіннен бүкіл түсті өшіріп тек қана қара түс қалдыруға болатынын талқылаңыз.
Мақалды және оған суреттерді дайындап қойыңыз.
Оң жақта, сол жақта, ортада ені бойынша орналасқан мақалдың мәтінін ұсыныңыз.
Оқушыларға азат жолы не екенін және азат жолын қалай пішімдеу керек екенін түсіндіріңіз. Мәтінді азат жолына бөлу тәсілдерін талқылаңыз.
Мәтінді пішімдеу және өңдеу кезіңде оқушыларға бір-біріне көмек беруіне мүмкіндік беріңіз, өзара бағаласын.
|
Көңілді әнгімелердің үзіндісі, мәтінінде сөзді әр түрлі бөліп алу тәсілдері қолданған (кескіні, көлемі, түсі)
http://www.kostyor.ru/archives/8-08/mokey.php
http://kladraz.ru/raskazy-dlja-detei/smeshnye-raskazy-dlja-detei-ne-nado-vrat.html
Мәтін редакторының құрал жабдықдарының скриншоттары
Мәтін редакторы
http://www.roditeli.ua/deti/development_poetry/colours
http://pogovorki.net/cat19/
http://posloviz.ru/category/hleb/page3.html
http://pogovorki.net/cat14/
қағаз бетіне шығарылған мақал-мәтелдер
өзара бағалау кестесі
|