(К, Т, Қ) Оқушыларға экрандағы фотосуреттердің әр түрлі лауазымда: қалыпты немесе төңкерілген және ауқымдағы түрлерін көрсету. Не себепті осылай болғаны туралы оқушылар өз ойын білдірсін. Өз тәжірибесіне негізде отырып, проблеманы шешу жолдарын қарастыру керек. Топтың өкілдері әр түрлі жағдайдағы өзінің шешімін: файлдың экран немесе принтерге шыққаны туралы түсіндіреді.
(Ө, Қ, К)Оқушыларға, жұмыс жасау үшін қағаз бетіне шығарылған программаның скриншотын таратыңыз. Қолданатын командаларды бөліп алуын ұсыныңыз. Оқушылар өз бетінше олардың функциясын анықтасын. Көмек көрсете отырып олардың іс-әрекеттерін, таңбалар мен құралдарын ұқсастығын қамтамасыз етіңіз. Интерактивті тақтада кейбір командалардың нәтижесін көрсете отырыңыз.
(Т, Қ, Ж) Программа командаларының дағдыларын өндеу үшін шағын нысан қарастыруын ұсыныңыз, мысалы: өсімдіктің жапырағын, су тамшыларын немесе өз алақанындағы сурет.
Оларға суреттерді ашып, үлкейтіп, бұрып, жаңа атпен суреттерді қарау программасында сақтауын сұраңыз.
(К, Ұ, Э) Бір бірін басып тұрған бірнеше фотосуретті әр түрлі терезеде ашыңыз. Бір терезеден басқа терезеге ауысуға оқушылардан көмек сұраңыз.
(Т, Ж) Оқушылар бірден барлық терезелерді көрсету үшін немесе олардың әр қайсысын жылжытуға қандай шаралар қабылдау керектігін қарастырсын.
(К, Э, Ұ) Программалардың әр түрлі интерфейстарын көрсетіңіз. «Терезе», «Меню», «Терезені басқару батырмасы» «командалар» ұғымдарды талқылаңыз. Әр түрлі программа скриншоттарынан менюдің орналасқан жерін табуын оқушыларға ұсыныңыз. Өлшемі мен қарау терезесін басқару мүмкіндігін терезе объектiнi орналастыру ұтымдылығын талқылаңыз.
(Э, Қ, Ө)Программа да әдеттегі қалпы бойынша ұсынылмаған файлдағы суретті ашуын ұсыныңыз. Суреттер файылын әр түрлі терезеде ашылуын. программада немесе терезеде көрсетіңіз.
(Қ) Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын қарап ең үздігін таңдап алады
Топтық жаттығу кезінде оқушылардың программа командаларын, принтер мен монитор мүмкіндіктерін сипаттай алатынын бағалаңыз. Жауап беру кезінде әр бір академиялық терминді қолданғаны үшін бір ұпайдан беріп отырыңыз. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болып табылады.
Оқушылардың ұсынған немесе алдын ала оқытушының дайындаған лайықты фотосуреттерін арнайы бумаға орналастырып, практикалық жұмыс ұйымдастыру керек. Назар аударыңыз, суреттер аумағын өсіргенде көре алатындай шағын бөліктерден тұру керек.
Программа мүмкіндіктерін бағалайтын кестені дайынданыз:
Осы іс –әрекетте хабардар болған оқушыларды практикалық жұмыс орындаған кезде кеңесші етіп тағайңдаңыз.
Оқушыларға Windows/Linux/ iOS/Android операциялық жүйесіндегі программа терезелерін салыстыруын ұсыныңыз.
http://www.irfanview.com/ тегін, қарапайым суретті қарау программасы.
http://geodum.ru/home/images/stories/computer/IrfanView/IrfanView.jpg программа интерфейсіндегі құрал жабдықтар мен жұмыс жасайтын сурет мысалдары
Нысанында майда бөлшектері бар тіршілік табиғатының электронды фотосуреттері