10.2.2.1
Тегіс геометриялық денелер мен көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия)
10.2.2.2
Заттың (дененің) берілген көріністері бойынша, құрылымдау ережелерін білетіндігін көрсете отыра аксонометриялық проекцияны орындау
10.7.1.1
Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну
Аксонометриялық проекция (Ұ) Оқушыларға заттың жазық және көлемді кескіндерін салыстырып, аксонометриялық проекцияларды салу ойларын түсіндіруді ұсыныңыз.
Оқушыларға 3D пішімінде, көлемді композициялық қаріп жазуларын орындауды ұсыныңыз.
(Ұ) Оқушылардан аксонометриялық проекцияны қандай салаларда (кескіндеме, дизайн, инженерлік сәулет өнері, фото, кино, компьютерлік модельдеуде және т.б.) қолданатының сұрастырыңыз.
(Т) Оқушылармен шаршының екі аксонометриялық проекциялар (изометрия және фронтальдық диаметрия) көрінісін қарастырып, сол кескіндерді салу айырмашылықтарын анықтауды ұсыныңыз.
(Ұ) (МК) қарапайым геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын координат осьтеріне бойында салуларын кезең бойынша қарастырыңыз.
(Т) Фронтальдық диметрия және изометрия проекцияларындағы цилиндр тәріздес ойығы бар бөлшектердің кескіндерін қарастырыңыз.
Оқушыларға шеңбердің берілген проекцияда қалай түрленетінің анықтап, шеңбердің изометриялық проекциясына салуды ұсыныңыз.
Тәжірбиелік жұмыс.
(Ө) Оқушыларға берілген заттардың көрінсіне қарай отырып, аксонометриялық проекцияларын салуларын ұсыныңыз.
(Т) Заттың көптеген аксонометриялық проекцияларының көптеген нұсқаларын қарастырыңыз. Берілген тапсырманы топта талқылауларына болады.
(Т)(Ө) Оқушылар ауызша сиппаттау арқылы аксонометриялық проекцияларды орындау ұсынылады.
Қарапайым көлемді әріптер орындау ұсынылады.
Аксонометриялық ось координатына сәйкес тікбұрышты проекция координат осьіндегі нүктенің орналасуын және параллель проекцияларды салу қағидаларына оқушылардың назарын аударыңыз.
Жазық фигураның аксонометриясын салу барысында оның жазық сызбасынан бағыт- бағдар алған жөн.
Аксонометриялық бейнелерді қолданатын салаларды талқылау арқылы көлемді заттардың түрленуі мен сызбаларының орындалуын түсінеді.
Мысалға оқушыларға шаршының бір қырында цилиндр тәріздес тесігі барын ойша елестетуін ұсыныңыз. Одан кейін изометриялық проекцияда тесіктің қалай өзгеретінің талдаңыз.
Изометриялық проекцияда орындалатын элипс сегіз нүкте көмегімен орындалатыныңа оқушылардың назарын аударыңыз.
Изометриялық проекцияда шеңберді кезең бойынша салуы туралы бейне материал қарау ұсынылады.
Аксонометриялық проекция туралы білімдерін дамыту үшін әртүрлі заттардың аксонометриялық проекция мысалдарын көрнекілікке қолдануға болады.
Сызба аспаптарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауын оқушыларға ескертіңіз.
Ескертпе: Тақырыпты игеру үшін 3 сағат ұсынылады.
Әдебиет: А.А. Павлова Е.И.Корзинова «Технология, черчение и графика» 8-9кл