Дербес білім беру ұйымы графика және жобалау


Оқу бағдарламасына сілтеме



бет32/37
Дата15.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#68255
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Оқу бағдарламасына сілтеме



Оқу мақсаттары

Сабақтағы ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған ескертулер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқу ресурстары

Стандарттау

10.6.1.1
Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы жалпы түсінікті білу

Стандарттау. Бұйым, бөлшектер және олардың элементтері.
(Ұ) Заттарды мемлекеттік стандарт жүйесінің құрылым бірліктері мен негізгі түрлерімен оқушыларды таныстырыңыз.
(МК) Оқушылармен бірге адамдарды қоршаған ортадағы қарапайым элементтер топтамаларын қарастырыңыздар. Мысалы, жиһаз, киім, ойыншықтар және т.б.


(Т) Жеңіл және жайлы болу үшін бөліктерді ауыстыруға және құрастыруға болатынына оқушылардың назарын аударыңыз. Яғни, стандарт бұйымдардың өзара алмасушылығы. Өзара алмасушылық - жөңдеу және өңдіруді ұйымдастыру үшін жасалған жағдайлар. «Сиппаттама», «өзара алмасушылық», «сәйкестендіру» түсініктеріне өздігінен тұжырымдама жасау, бұйымдар, тетіктер және құрастырмалы бірліктердің өзара алмасушылығына мысалдар келтіріп, айтуды ұсыныңыз.


(Ұ) (МК) Оқушыларды стандартты графикалық және мәтіндік құжаттар құрамымен таныстырыңыз. Стандартты спецификация үлгілерін көрсетіңіз.


(Ө) Оқушыларға қарапайым заттың спецификациясын дайын үлгіге толтыруларын ұсыныңыз. Мысалға: шарлы қалам- қақпағы, сыртқы пішіні, саптамасы, резеңкесі және т.б.

Бұйымның негізгі түрлеріне оқушылармен бірге кластер орындау ұсынылады; адамды қоршаған орта, пәндік әлем, Мысалы:

Өзара алмасушылық және құрастырмалы тетіктердің қажетті көріністерін толықтыру ұсынылады. Мысалы; пәндік әлем, қоршаған ортатадағы заттар- киім- түйме- ине- жіп, кеңсе заттары- парақ- жиектеме және т.б.
Өзара алмасушылық элементтерін біріктірулер не үшін қажет екендігіні туралы оқушылармен талқылаңыз.

Графикалық құжаттарды рәсімдеу туралы білу және түсіну мақсатында оқушыларға алдын-ала дайындалған спецификация үлгілерін толтыруды ұсыныңыз. Спецификацияны толтыру барысында сызба қаріптерінің орындалу ережесі мен әдістеріне назар аудартыңыз. Оқушылар жұмыс дәптерлерін пәндік термин сөздер мен жаңа ақпараттарды және қажетті орындалған сызбаларға пайдалануын мұғалім қадағалау ұсынылады.


Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 1 сағат ұсынылады.



Дәптер
Сызба құрал- жабдықтары:
шеңберсызар, транспортир, сызғыш, бұрыштама, өшіргіш және т.б.


Жәй қарақалам жиынтығы
Қарапайым бұйымдар үлгілері, спецификация үлгілері.


Ғаламтор дереккөзі:
http://www.kgau.ru/distance/2013/m5/004/13_5.html

Бөлшектердің қосылыстары. Құрастыру сызбасы

10.6.2.1
Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет