Оқу мақсаттары Сабақтағы ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған ескертулер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары Зат формасын түрлендіру 10.5.1.1
Бөлшектерің жою және басып шығару арқылы зат формасын түрлендіру
Заттың формасының түрленуі Сабақ басында өткен тақырып бойынша сұрақ- жауап өткізуге болады.
(Т) оқушыларға тәжірбие жүргізу арқылы қарапайым құрылымдық түрлендірулер орындауды ұсыныңыз. Оларға;
Заттың кеңістіктегі орнын ойша (затты толықтай бұру) өзгерту;
Зат формасының құрама бөліктерін қиыстыру жолы (ауыстыру, жылжыту және бұру) арқылы түрлендіру;
Заттың бөліктерін алып тастау және ығыстыру жолдары арқылы формаларын түрлендіру.
Заттардың кеңістіктегі қасиеттерін алдын- ала ойда түрлендіру жолдары арқылы жасалатын оқушыларға сызба жұмыстарын орындатуға көшу.
Сызбаның негізгі мағынасына (адам қызметіндегі шығармашылық- жоба, қайта түрлендірушілік, танымдылық кескіндерге ) тұжырымдама жасайды.
Оқушылармен тәжірбие жасау үшін ұсынылады. Мысалы; сөренің негізінің мықтылығы.
Оларға тікбұрышты ағаш кесегінің (діңгек) кескінің ұсынып, топта талқылау:
Аспалы сөренің негізі мықты болу үшін берілген ағаш кесегінен қалай тіреу жасауға болады?
Олар ағаш формасының түрленуін қандай тәсіл арқылы орындауды жоспарлайды? Неге?
Заттардың формалары түрленуден (алып тастау және ығыстырудан) кейінгі сызбаларын орындау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін төмендегі тапсырмалар ұсынылады:
Дайындама (зат) формасының алғшқы кескіні;
Дайындама сызбасына белгілеу сызықтарын жүргізу;
Затқа белгілеген сызық арқылы жазықтықпен ойша қиып, алып тасталған бөлік формасын елестету;
Сызбадағы өзгерген формаларды бекіту және алып тастаған бөліктер орны мен формасын ескере отырып, дайындаманың өзгерістерін айқындау.
Сызбаны тексеру.
Ескертпе: Тақырыпты игеру үшін 3 сағат ұсынылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Черчение: дополнительные материалы. Преобразование изображения в графической деятельности школьников. Пособие для учителей. – Алматы :изд.мектеп,2005 г.
См. систему учебных заданий на мысленные преобразования предмета по изображению. Стр.47
Задание 1. Изменение положения предмета в пространстве путем его поворота.
Задание 2. Изменение взаимоположения частей предмета.
Задание 3. Изменение формы предмета путем удаления его части.
Задание 4. Изменение формы предмета путем «выдавливания его части».
Задание 5. Задания на преобразования с элементами конструирования, (проектирования)