Дербес білім беру ұйымы графика және жобалау


Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік



бет35/37
Дата15.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#68255
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік.
(Ұ) Миға шабуыл. Оқушыларға белгілі ғимараттардың сәулеттік нобайын, суретін қарауды ұсыныңыз. Ашық және жабық сұрақтар стратегиясы бойынша оқушылармен сәулетшілердің ойын талқылаңыз. Қандай да бір сәулетші ойының артында сәулет-құрылыс ғимаратының сызбасы болатынына көз жеткізіңіз.
(Т) Оқушыларға ғимараттың қасбетін және ғимараттың тілігін көрсетіңіз. Сызбада қандай негізгі мәліметтер бар екендігін анықтау және қарап шығуды ұсыныңыз.


(К) Ғимараттың жұмыс сызбасының орындалуындағы негізгі ережелер мен түсініктеріне көңіл бөліңіз. Мысалы: қасбеттер, жоспар және тіліктер, құрылыс сызбаларын безендірудегі МЕСТ, КҚБЖ, ҚҚЖЖ ережесін сақтау талаптары.


(Ұ) Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға сынып кабинет (жоспарын) сызбасын салуды ұсыныңыз.
Қосымша тапсырма: Әлемге әйгілі ғимараттардың бейнебаянын көрсетіңіз.
Оқушылармен талқылаңыз:

  • Қандай құрылыс пішіндері мен олардың құрамдас элементтерін көрдіңдер?

  • Көрген ғимараттарыңның міндетін анықтай аласыңдар ма? қандай белгіден анықтадыңдар?



(Ұ) Сәулет-құрылыс графикасының ерекшеліктері туралы негізгі мәліметтерді оқушыларға айтыңыз.
(Ұ)
Сызба құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды естеріне салыңыз.

Сабақ басында Эйфель мұнарасы, Хан Шатыр, Сидней театрі және т.б. нобайын көрсетуді ұсынамыз.


Тәжірбиелік жұмыс жасау алдыңда оқушыларды құрылыс сызбаларындағы шартты белгілерімен таныстыру ұсынылады.


Сәулет-құрылыс сызбаларында көбірек айқындылық, көрнекілік пен оқуға ыңғайлылық болу мақсатында санитарлық-техникалық жабдықтар, ғимараттың элементтерінің графикалық шартты белгілері және т.б. қолданылады, бұл сызбада түсіндірме жазуларды қысқартуға мүмкіндік береді.

Мұғалімге оқушылармен бірге орындалу ережесін және құрылыс жоспары, (эвакуации) көшіру жоспары және т.б. негізінде безендіруді қарастыруды ұсынамыз.


Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 2 сағат ұсынылады.



Дәптер
Сызба құрал- жабдықтары:
шеңберсызар, транспортир, сызғыш, бұрыштама, өшіргіш және т.б.


Жәй қарақалам жиынтығы


Ғаламтор дереккөзі:
https://www.youtube.com/watch?v=9uG8kSU8oC0&spfreload=10

https://www.youtube.com/watch?v=11_v3wyXAlI



10.6.3.2
Әр түрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет