10 сынып
Бөлім 6: Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері.
Ұсынылатын алдыңғы білімдер
Оқушылар арнайы сызба құрал- жабдықтарымен жұмыс жасай алады. Жазық және көлемді пішін проекцияларын тұрғызу дағдыларын игереді. Геометриялық денелердің формалық түрлену қағидаларын және негізгі ережелерін, сызбадағы қима мен тіліктін мағынасын және орындалу ережелерін біледі. Заттың бөліктерінің және кеңістіктегі орнының, формаларының түрленуін орындай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар үшін тиісті академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсатқа төменде мысал келтірілген.
Пән бойынша оқыту мақсаты
Пән бойынша оқыту мақсаты
Пән бойынша оқыту мақсаты
Пән бойынша оқыту мақсаты
Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшектер және құрастырмалы бірліктер туралы жалпы ұғымдарды білу.
Сәулет құрылыс (жоспар, қасбет, қима) сызбаның ерекшеліктері мен оның мағынасын түсіну.
Оқушылар: стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшектер және құрастырмалы бірліктер туралы түсініктері мен жалпы ұғымдарды айту; біледі.
Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, спецификация.
Бөлшектер, құрастырмалы бірліктер, ажырайтын қосылыстар, ажырамайтын біріктірулер . Жоспар, қасбет, қима.
Анықтама әдебиеті.
- Ажырайтын біріктірулердің артықшылықтары және кемшіліктері…
- Ажырамайтын біріктірулердің артықшылықтары және кемшіліктері…
- Ажырамайтын біріктірулерге қолданатын … мысалдар болуы мүмкін.
- Менің ойымша, заттың құрылым бөліктерінің бүтіндігін бұзбай біріктіру…
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқытуға жататын тілдік оқыту мақсаттары жөніндегі қосымша нұсқаулар үшін жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қықаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшектер және құрастырмалы бірліктер туралы жалпы ұғымдарды біледі. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді ажыратып, бейнелену ережелерін біледі. Құрастырмалы сызбаларды безендіру және орындау ережелерін біледі. Құрастырмалы сызба және бөлшектеу сызбаларын орындайтын болады. Және де сәулет құрылыс (жоспар, қасбет, қима) сызбаның ерекшеліктері мен оның мағынасымен танысады. Анықтама әдебиеттерімен жұмыс жасайды. Сызба құрал- жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникаларын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |