Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.
(Ұ) Оқушыларға ажырайтын және ажырамайтын бөлшектерді біріктірулердің әртүрлі типтерінің (техникалық қолданыстағы, тігін ісіндегі, дизайнда, адам өмірде және тұрмыста) жиі қолданатынымен таныстырыңыз.
(Ұ) Оқушылармен талдаңыздар:
Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулердің артықшылықтары мен кемшіліктерін білесіздер?
Оқушыларға өздеріне таныс ажырамайтын біріктірулердің типтеріне және қолданылған біріктірулерге мысал келтірулерін ұсыныңыз.
Бұйым бөлшектерін бүтіндігін бұзбай қандай біріктірулер орындауға болады?
(Ұ) Біріктірулердің шартты стандарт белгілері мен кескіндеріне оқушылардың назарын аударыңыз.
(Т) Шарттылық пен жеңілдетулерді қолдана отырып, оқушыларға өздері таңдауы бойынша бөлшектердің біріктірулер нобайын жұмыс дәптерлеріне орындауларын ұсыныңыз. Тақырыпты бекіту мақсатында бейне баян көріп, сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз. Мысалға:
Бұйымды құрастыруда қандай біріктірулер қолданған?
Олар қандай біріктірулер түріне жатады?
(МК) Оқушыларға бұранданың жасалу техгологиясы мен жолдарын, негізгі түсінігін, класификация мен элементтерімен таныстырыңыз. Біліктегі, сомындағы, бүрандалы біріктірулердің қимасындағы бұранданың шартты белгілеріне мысал келтіріңіз.
(Ө) Оқушыларға А4 пішімге бұрандалы бөлшектері бар сызба орындауды ұсыныңыз.
|
Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер үлгілері мен көрнекі материалдарды алдын- ала дайындап алу ұсынылады.
Ажырайтын біріктірулер қозғалмалы және қозғалмайтын болуы мүмкін екендігіне оқушылардың назарын аудартыңыз.
Анықтамалық әдебиеттерді қолдану, кескіндердің түрін біріктіру кезіңдегі шартылық және жеңілдетулер маңыздылығына оқушылардың назарларын аудартыңыз.
Машина құрудағы ажырамалы біріктірулердің 60% бұрандалы ажырайтын біріктірулер болып келеді.
Бұрандадағы ірі және майда іздерінің мағынасына назар аударыңыз.
Сызба құрал- жабдықтарымен жұмыс жасау кезіңде қауіпсіздік техникасын сақтау керек екендігін оқушылардың назарына салғаныңыз жөн.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 2 сағат ұсынылады.
|
Дәптер
Сызба құрал- жабдықтары:
шеңберсызар, транспортир, сызғыш, бұрыштама, өшіргіш және т.б.
Жәй қарақалам жиынтығы
Ғаламтор дереккөзі:
http://hi-intel.ru/202/102.html
http://grafika.stu.ru/wolchin/umm/in_graph/ig/004/000.htm
http://cadinstructor.org/eg/lectures/6-nerazyemnie-soedinenia/
Бейнефильм. Ұшақты құрастыру.
https://www.youtube.com/watch?v=YnkB40BofBw
|