Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университет Эссе Тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын
жүзеге асырудағы философияның рөлі»
Жаңғырудың түпкі мақсаты мемлекетті өзін-өзі дамытуға және өз механизмдерін тұрақты жаңалап отыруға қабілетті жүйеге айналдыру, уақыт талабына сәйкес келтіру болып табылады. ХХІ ғасырдағы ұлттық өзіндік сананы жаңғыртудың маңызды бағыты жеке деңгейде де, қоғамдық деңгейде де бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы болып табылады. Мақсатты аудитория алдында сөз сөйлей отырып, қоғамдық сананы жаңғырту нақ қазір ерекше маңызға және өзектілікке ие болып отырғанын атап өту маңызды, өйткені қазіргі әлем барған сайын өзгере түсуде. Жаһандану процестері стандартты емес, күтпеген сын-қатерлерді қалыптастыруда, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану өмірдің ритмі мен стилін өзгертеді, ұлттық дәстүрлер заманауи элементтермен толығады. Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құра отырып, Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. Сосын, 2030-Стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 да- мыған елдің қатарына енді – бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері. Үстіміздегі жылдан бастап, Қазақстан жа- һандық бәсекелік қабілетке қол жеткізуге бағытталған елдің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кірісті. Басты мақсат – Ұлт жоспа- рын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену. Бүгінгі таңда, Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру шеңберінде, үш жаңғырту процесі жүзеге асырылатын болады: саяси реформа, экономикалық өрлеудің жаңа моделін құру және қоғамдық сананы жаңғырту. Жаңа үлгідегі жаңғырудың бірінші шарты – өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын сақтау. Онсыз жаңғыру бос сөзге айналады. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен салт-дәстүрлерге тым жоғарыдан қарауға болмайды. Керісінше, үздік дәстүрлерді жаңғырту сәттілігінің маңызды шарты етіп алу керек. Әр бір қазақстандық өзіне өңірлік және жаһандық нарықтарда ұтымды нәрселер ұсына алуы үшін ең маңыздысын бөліп алуы тиіс. Бұл тек материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге интеллект пен білім. Мұның сөзсіз алғышарттарының қатарында компьютерлік сауаттылық, шет тілін білу және мәдени ашықтық сияқты факторлар тұрады. Қазіргі кезде философияның саясат үшін өте маңызды екенін атап өтуге болады. Бұл оның қоғам дамуының өте күрделі мәселелерін шешуге арналғандығымен де, қазіргі кезде бұл проблемалардың өте күрделі екендігімен де байланысты. философия адамның өмір сүруі үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізудің маңызды факторларының бірі болып табылатын өмір тақырыбын білуге бағытталған. Бұл сөзсіз, еліміздегі үшінші модернизациясының мақсатына ұқсас.