Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары



бет4/4
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#134819
1   2   3   4
Байланысты:
ref -este-saqtau-qurylgylarynyn-klassifikacijasy dinamikalyq-zhad-kontrolleri

1.3.Негізгі жад
Негізгі жадтың физикалық құрылымы
Негізгі жад (ОП) оперативті (RAM-Random Access Memory) және тұрақты (ROM-Read Only Memory) есте сақтау құрылғысынан тұрады.
Негізгі жад модулінің қысқартылған құрылымдық схемасы оның матрицалық ұйымы кестеде көрсетілген.

Негізгі жад модулінің құрылымдық схемасы
Матрицалық ұйымда регистр адресіне түсетін ұяшықтың адресі,мысалы, 20-разрядты кодтық шина адресі бойынша екі 10-разрядты бөлікке сәйкесінше Рег.адр.Х және Рег.адр.Y бөлінеді.Осы регистрлерден жартыадрестік кодтар дешифраторларға түседі:дешифратор Х және дешифратор Y, осылардың әрқайсысы алынған адреспен 1024 шинаның біреуін таңдайды.
Жад кубы есте сақтау элементтерінің жиынтығынан тұрады –жад ұяшықтарынан.
Есептелінетін немесе жазылатын (ПЗУ тек есептелінетін) мәліметтердің кодтық шинамен байланысты ақпарат мәліметтер регистріне келіп түседі.Қандай операция орындау керектігін анықтайтын, басқарылатын сигналдар құрылымның кодтық шинасы бойынша түседі.
1.4.Оперативті есте сақтау құрылғысы
Оперативті есте сақтау құрылғысы (ОЗУ) ағымдағы уақыт интервалындағы есептеу процесіне қатысатын ақпаратты сақтауға арналған.
ОЗУ–энергияға тәуелді жад:қоректену кернеуін өшірген кезде ондағы ақпараттар толығымен жойылады. Күрделі тапсырмаларды орындау кезінде, яғни есептердің дұрыс шешілуі үшін қажетті барлық ақпаратты бірден сыйдыру үш операциялық жүйе сиымдылығы жетпеген кезде ОЗУ көлемін үлкейту ДК өнімділігінің ұлғаюына алып келеді.Бұл есептеу процесі кезінде қосымша ВЗУ-ға сүйенуге тура келеді және осыған көптеген уақыт жұмсалады (миллион рет ВЗУ тез әрекеттігі ОЗУ тезәрекеттігінен кіші).
ОЗУ негізінен DRAM динамикалық жадтың микросхемасы құрайды. Бұл не бекітпе мен бастау арасындағы меншікті паразитті сиымдылығына, не қосымша конденсаторларға ақпарат сақтау үшін қолданылатын МОП-транзисторының матрицаларынан тұратын үлкен интегралды схема.Конденсаторларда зарятың бар болуы «1»,ал зарядтың болмауы «0» білдіреді.
ОП конструктивті элементтері жадтың жеке модульдер түрінде (бір немесе бірнеше микросхемамен жамалған кіші көлемді плата) орындалады.Бұл модульдер тетіктерге–жүйелік платадағы слоттарға қойылады. Жүйелік платада тетіктердің бірнеше тобы болуы мүмкін–жадтың модульдерін орындауға арналған банктер;бір банкке тек сәйкес сиымдылықтың блоктарын қоюға болады, мысалы, тек 16 Мбайт немесе тек 64 Мбайт бойынша;әртүрлі сиымдылықты блоктарды тек әртүрлі банктарға орналастыруға болады.
Жадтың модульдері конструктивпен, сиымдылықпен, айналу уақытымен және жұмыстың беріктігімен сипатталады. Модульдің маңызды параметрлері оның болатын іркілістерге беріктігі және тұрақтылығы болып табылады.
Жұмыстың беріктігі қазіргі кездегі жадтың модульдерінде едәуір жоғары –қабылдамауда атқарылған жұмыс көлемінің орташа уақыты жүз мыңдай сағатты құрайды, бірақ оған қарамастан беріктігін жоғарылататын қосымша шаралар қолдануда.Беріктігін қамтамасыз ету олардың маңыздылығының дұрыстығын қамтамасыз ету сұрақтарын алдында қарастырып өткен болатынбыз.Мұнда айта кетерлік тек бір жайт, жүйеастындағы жадтарды функционалдау сенімділігін арттыратын ақпаратты бақылау және кодталудың артықшылығы арнайы схеманы қолдану болып табылады.
Жад модульдері мәлімет биттерін сақтайтын жұптықты бақылаумен (parity) және бақыламауынсыз (non parity) болады.

Қорытынды
Қорыта келгенде,осы баяндамада негізгі қарастырып өткен негізгі мәселелер дербес компьютердің есте сақтау құрылғыларымен:статикалық (Static Random Access Memory-SRAM) және динамикалық (Dynamic Random Access Memory-DRAM) оперативті жад,кэш жады,негізгі жад,оперативті есте сақтау құрылғыларына тоқталып өттік.Есте сақтау құрылғыларының әрқайсысының қалай сипатталатынын бір-бірімен салыстырдық және де осылардың жеке анықтамаларын,құрылымын, олардың ерекшеліктерін зерттедік.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.В.Л.Бройдо О.П.Ильина «Вычислительные системы,сети и телекоммуникации»
2.В.Л.Бройдо «Архитектура ЭВМ и систем»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет