Дербес мұғалім мен оқушы



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі22,79 Kb.
#23424
  1   2
Байланысты:
дербес мұғалім мен оқушы


Дербес мұғалім мен оқушы

Оқушының өзін-өзі тануға ұмтылғаны, ізденуі өз бетінше терең білім алуда, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда шығармашылыққа жетелейді. Оқушылардың өздігінен аткаратын жұмыстары білімді терең меңгеруде дербестік қасиетін мейлінше арттырады. Олардың алған білімінің кеңейгені саналылығы мен беріктігін камтамасыз етеді. Оқушыларда оқуға кажетті біліктер мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқуға ынтасын арттырып, сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға алып келеді. Өз бетінше ойлауды дамытуға бағытталған жұмыстар белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. Оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым – қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Өз бетінше ойлауды дамыту іс-әрекеттері оқытудың тиімділігін арттырады, тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен өз бетінше даралауды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы өз бетінше қабілетін дамыту. Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өз бетінше ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушының білім сапасын көтеру – негізгі мақсат. Өз бетінше жұмыс істейтін оқушылар қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білуі, ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыруы, алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылуы, өзін – өзі талдауды, өзін – өзі бағалай білуді меңгеруі, басқа оқушылармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білуі (интернет, электронды пошта), қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білуі қажет. Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңаша өтуі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады. Мектеп мұғалімдері өз бетінше жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. Баланың өз бетінше қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының өз бетінше әрекетін дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Мұғалімдерге оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Нақ осы қасиеттер оқушының өз бетінше әрекет етуін көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың өз бетінше жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының 107 шығармашылық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін өз бетінше ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның өз бетінше қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоционалдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады. Мұғалімдердің тәжірибесі оқытуды мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы ретінде қабылдау, оқушының алдына мақсат қойып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту, өз бетінше талдау жасап, ерікті таңдауда оқушылардың өзін – өзі басқару, ата – аналармен ынтымақтастық құру ережелеріне негізделеді. Жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда өз бетінше көзқарасқа негізделген әдістер жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінде, оқушының өз бетінше әрекет ететін моделін, қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын, өз бетінше әрекет ететін оқушыларға тапсырмалар дайындай білу қажет. Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. Өз бетінше әрекет ету объект пен субъектінің біріккен қызметі ретінде жүзеге асады. Өз бетінше әрекет ету шығармашылық тұрғыдан зерттеу – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсетіп, әрбір адамның өзіндік ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Өз бетінше әрекет ету – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты шығармашылық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Өз бетінше әрекет ету – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Өз бетінше әрекет ету адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім жұмыс істеуінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Өз бетінше әрекет ету – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай- ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын шығармашылық үрдіс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Өз бетінше әрекет ету ерекшеліктерін таным мен ой жұмыс істеуінің сатысы ретінде зерттеу білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Өз бетінше әрекет ету амалдарын қалыптастыру және жетілдіру үшін талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, топтау, заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу, құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасай алу қажет. Оқушы өз бетінше әрекет етуде икемді, сыни тұрғыдан ойланып, анық, дәлелмен ақпараттар дайындауды дамытуға икемделеді. Өз бетінше әрекет етуге тән осы сипаттар оқушылардың өз бетінше әрекет етуінің мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі. Өз бетінше әрекет етудің жүйелі түрде қалыптасуы тек оқуда ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Өз бетінше әрекет ету мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным жұмыс істеу барысында қалыптасады. Өз бетінше әрекет ету қасиетінің дамуы арқылы адамның танып- білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады. Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді. Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі іс-әрекеттерімен, шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды. Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде өз бетінше әрекет ету мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз. Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде өз бетінше әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог шығармашылық көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді, егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс өз бетінше әрекет ету мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ. Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арқылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады. Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге 108 болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады. Өз бетінше әрекет ету дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренудің, оқудың өсуі, мүмкін болғанша мол білімді және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады. Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше өз бетінше әрекет етуді дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу жұмыс істеу әрдайым қатар жүріп отырады

Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Оқудағы дербестілік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана әрекетінің бағыттылығымен оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.

Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек.Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады.Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар,пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:



  1. шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

  2. шығармашылық тапсырмалыр түрлі деңгейде болуы;

  3. кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

  4. білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

  5. тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

  6. оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек;

Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Оқушының дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады.Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп , танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін.Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.

Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік;

1.қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

2.оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

3.білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

4.жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;
5.жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;

6.тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық прцестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді.Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.

Біздің пайымдауымызша, дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілетін.

Дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Дербестік адам өмірінің жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.

Жүйелі жүргізген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық дербестігінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас , оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.Сонымен, шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады;

1.Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

2.Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

3.Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

5.Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

6.Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

7.Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылық пен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.Жқғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық – оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады.

Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелектті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: ˝ еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен ?˝- деген. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс.Олар:

1.Оқушының өз бетімен ізденуге , жаңа білім ашуға, проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы;

2.Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады.Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

3.Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игеріліген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;



4.Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға , оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет