Деректер мен зерттеулер



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата05.04.2017
өлшемі27,4 Mb.
#11071
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

177
байланыс принциптері болды. 1967 ж. Г.Б. Зда-
нович  басшылық  еткен  Солтүстік-Қазақстан 
археологиялық экспедициясы өзінің қызметіне 
бірнеше  мəселені  алға  қойып  бастады: 
біріншісі-  Петропавлдағы  Ертіс  маңының 
географиясын  жəне  тарихи  топография-
сын  зерттеу,  екінші - Ертіс  акваториясының 
археологиялық  картасын  құру,  үшіншісі - 
объектілердің  шоғырлану  жерлерінде  кең 
аумақтармен  ескерткіштерді  кешенді  зерттеу. 
Кезеңділікті, хронологияны құру жəне мəдени 
тиесілілікті  анықтау.  Солтүстік-Қазақстанның 
облыстық  мұражайының  директоры  К.С.  Уш-
ков жастарды қабылдап жəне оларды жұмысқа 
алғанда: «Балалар,  біз  жаңа  экспозицияны 
құрғалы  отырмыз,  жəне  бізде  археологиялық 
материалдар  жоқ.  Қола  дəуірін  ығыстыру 
үшін,  андронов  ыдысының  тек  біреуін  ғана 
тапсаңдар  болды» - деп  айтты.  Бірінші  жыл-
дан  бастап  экспедиция  жұмыстары  Яленка, 
Бескөл, Покровка ауылдары жанында кешенді 
зерттеулер  басталған  болатын  жəне  тас,  қола 
жəне  темір  ғасырлардағы  артефактардың 
ерекшеліктері  туралы  бірінші  түсініктері 
алынған болатын. 1970-ші жылдардың басын-
да В.Ф. Зайберт басқарған экспедиция отряды-
мен орта жəне кеш тас ғасыры тұрақтарының 
арнайы  зерттеулері  басталған  болатын.  Есіл 
маңындағы  (Явленка,  Виноградовка,  Тель-
ман,  Аққан,  Қорғалжын)  түрлі  аудандардағы 
мезо-неолитикалық 
ескерткіштердің 
онжылдық 
зерттеулері 
планиграфикалық 
жəне  топографикалық  байқаулар  түрінде  кең 
ақпаратты, жақсы құжатталған артефактардың 
көптеген  кешендерін  (оң  мындаған  бірлік) 
жинауға  жəне  ССРО  ғылым  Академиясының 
археология  Институтының  аспирантурасы 
шегінде  Орал-Қазақстандық  археологиялық 
экспедициясының  көптеген  мамандары  өткен 
бай  археологиялық  материалдарды  теориялық 
жағынан  түсіну  процедурасына  кірісуге 
көмектесті.  О.Н.  Бадер,  Н.Я.  Мерперт,  А.А. 
Формозов,  Д.А.  Крайнов,  М.Ф.  Косарев,  С. 
Ошибкина,  В.Ф.  Старков,  Г.Н.  Матюшин,  Ти-
тов  жəне  басқа  маститті  ғалымдар  алдында 
неолит  пен  қола  секторындағы  дала  мате-
риалдары  көрсету  жəне  талқылау,  сонымен 
қатар  осы  ғылымдармен  жеке  консультаци-
яларда  археологиялық  деректемені  бағалау, 
оның  ақпараттық  дұрыстық  деңгейі  жоғарғы 
кəсіпқойлық  дайындықты  жəне  объективті 
экспорттық  бағалауды  талап  ететіндігін 
түсіндік.  Атбасар  мəдениетінің  ескерткіштер 
құрал-саймандары 
жүйелілігінен 
шыққан 
негізгі практикалық тұжырымдамалар, ертедегі 
археология,  соның  ішінде  энеолит  саласында 
үздік  мамандардың  ұжымды  пікір  негізінде 
негізделді.  Осындай  тұжырымдамаға  атба-
сар  мəдениеті  ескерткіштерінің  Еуразияның 
микролитикалық  мəдени  аймағына  оның 
Орал-Ертіс  нұсқауына  кіруі  жатады;  екінші-
атбасар  мəдениетін  оның  үш  деңгейінде 
жəне  б.з.д. VI-III мың  ж.  шегіндегі  екі 
нұсқауында  бөліну  заңдылығы;  Солтүстік 
Қазақстан  неолиті  шегінде  көпсалалы  эконо-
микада  мал  шаруашылығы  элементі  түрінде 
өндірістік 
шаруашылықты 
қалыптастыру. 
Орал-Ертіс  өзенаралық  аймақтарда  кеш 
тас  ғасырының  қатарлас  зерттеулері  жал-
пы  жəне  жергілікті  мəдени  ерекшеліктерді 
анықтады.  Осыған  байланысты  сапалы  са-
лыстырмалы,  археологиялық  жəне  тарихи 
анализдерді иелену мəселесі туралы айтқымыз 
келді.  Археологиялық  объектілердің  немесе 
мəдениетінің  екі  артефактарының  салыстыр-
малы  талдауы  мамандардан  археологиялық, 
тарихи, 
экологиялық, 
культурологиялық, 
дүниетанымдық, 
əлеуметтік 
контекстерін 
білуді  талап  етеді.  Контекст  жөнінде  ақпарат 
қаншалықты  көп  болса,  тұжырымдаманың 
верификациясы  да  соншалықты  жоғары  бола-
ды.  Археологиялық  материалды  теоретизаци-
ялау  кезінде  зерттеу  жүргізілген  елдің  тарихи 
мектеп  шегіндегі  кəсіпқойлық  дайындықтың 
маңызы  зор.  Неолиттану  тарихиграфиясында 
біз  мезо-неолитикалық  ескерткіштерін  жəне 
мəдениетін зерттеумен қалыптасқан осы күнгі 
жағдайды  көріп  отырмыз – кеш  тас  ғасырын 
зерттеу  қызығушылығы,  Ботай  жəне  Терсек 
мəдениетінің  энеолитикалық  ескерткіштерін 
белсенді  зерттелуіне  байланысты  Қазақстан 
энеолитінің  пайда  болу  сұрағы  туындады. 
Энеолиттің қалыптасуы жергілікті негізде бол-
ды, «жергілікті» сөзін біз табиғи-тарихи аймақ 
деп  түсінеміз,  ол  Орал-Ертіс  өзен  аралық  бо-
лып  табылды. 1980-2000-шы  ж.ж.  атбасар 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

178
мəдениетін зерттеу бойынша барлау жұмыстары 
негізінен бұрын зерттелгендей ұқсас материал-
дарды  анықтады.  Ескерткіштердің  қатарында 
мəдени қабаты бар жəне қазба үшін болашағы 
бар.  Кейбір  дəрежеде  атбасар  мəдениетінің 
нақты шекарасы жобалануда.
Əлбетте, 
кітап 
материалдарын 
қалыптастыру кезінде авторлар өзіне пайдалы 
сындық  ескертулерді,  сонымен  қатар  ғылыми 
əдістемесіндегі  осы  күннің  тенденцияларын 
ескерді. Археологиялық зерттеулердің маңызды 
аспектілердің  бірі  мəдениеттің  экономикалық 
негізін 
қайта 
құру 
болып 
табылады. 
Еуразиялық далалардың түрлі аудандарындағы 
өндірістік  шаруашылықты  тарату  түрлі  жол-
дармен  жүрді  жəне  бұл  жолдар  нақты  табиғи 
жəне  əлеуметтік-  экономикалық  жағдаймен, 
сонымен  қатар  мəдени  байланыстарының 
бағытымен  негізделген  болатын. 1970-1980 
жж.  Орал-Қазақстан  дала  аймақтарынан 
алынған  материалдар,  далалық  Еуразия 
аймақтарының  бірінде  қолданылған  өндіруші 
шаруашылықтың  жалпы  суретін  толтыруға 
көмектесті. 
Орал-Қазақстан 
аймағының 
əлеуметтік-экономикалық  даму  жолдарының 
тұтастығында 
ботай, 
терсек, 
сұртанды 
(қысықкөл) мəдениеті ескерткіштерін зерттеу-
ге нандырады. Бірыңғай мəдени массив болып 
кең танымал петров-синташтин айналымы бой-
ынша  орта  қоланың  бірінші  кезеңдерінде  де, 
Орал-Ертіс дала өзен аралығы қабылданады. 
Өндіру  экономикасының  бастаулары 
неолиттің  түрлі  кезеңдеріне  шығады.  Культу-
рогенез, бейімделу жүйесі сияқты көрсетілген 
жəне  басқа  нақты-тарихи  жағдайларға  байла-
нысты күнтізбелік жылдық шаруашылық айна-
лым  шегінде  өндірілді.  Даланың  бір  қалыпты 
белдеуінің 
күрт-континенталды 
климаты 
жағдайында  тұрақты  күнтізбелік  айналымды 
құру қиындау болды. Өндіру экономикасының 
элементтері иелену тұрпатының көп қырлы ор-
тада пайда болды. Көлдердің ескі арналарымен 
жəне тармақтармен, көктем кезінде магистрал-
ды  саланың  суларымен  толатын,  ал  жаз-күз 
уақытында  кебумен  сипатталатын  Орал-Ертіс 
өзен  аралығының  өзен  алаптары  жəне  Ертіс 
маңындағы аумағы көне адам үшін азық ресур-
старымен  толы  болды.  Бұл  жағдай  жартылай 
отырықшылыққа  жəне  отырықшылыққа  се-
беп  болды.  Өзен  жүйесіндегі  балық  байлығы, 
аңшылық  кəсібімен  бірге  кепілденген  азық 
болып  табылды  жəне  тіршілікті  қамтамасыз 
етуді  нығайтты  жəне  жеңілдетті.  Өмірдің 
жаңа  бейнесі  қоршаған  орта  ресурстарын  ие-
лену,  ал  кейін  оларды  өзгертуге  бағытталған 
еңбек  қызметінің  спектрін  кеңейтті.  Əрине, 
тұрғындардың  елеулі  отырықшылығы  ғана 
жануарларды  қолға  үйрету  үшін,  ал  кейін 
домистикациялауға  жағдай  болып  табыл-
ды.  Жылқы,  бизон  жəне  басқа  тұяқтыларға 
аңшылықтың тиімділігін көтеру үшін қозғалыс 
құралдары қажет екенін көнелер түсінді. Дала 
аймағында  қолға  үйретудің  негізгі  объектісі 
жылқы болып табылды. Тельман жəне Виногра-
довка  ықшам  аудандарындағы  неолитикалық 
тұрақтар  қатарындағы  остеологиялық  мате-
риалдар  ұсақ  жануарлардың  сүйегі  ғана  емес, 
жылқылардың да сүйегі бар. Ботай қонысында 
неолитикалық 
артефактардың 
шоғырлану 
орындарында  сонымен  қатар  жылқының 
жəне  басқа  жабайы  фауна  өкілдерінің 
сүйектері  табылды.  Қазақстан  даласындағы 
неолитикалық тұрғындары мал шаруашылығы 
қызметінің жаңа формаларын қабылдауға дай-
ын  болды.  Қолға  үйретудің  инновациялық 
технологиясының  пайда  болуы  негіз  бол-
ды.  Бұл  технологиялармен  тайларды  піштіру 
ғана  емес,  сонымен  қатар  үйретудің  толық 
айналымы,  жылқы  шаруашылығының  асыл 
тұқымдыларды  ұстау  жəне  күтіп  баптау  бо-
лып  табылады.  Саз  балшықты  пайдаланумен 
жəне  саз  балшық  технологияларын  мəдениет 
жəне  күйіктас  үй  құрылысы  саласында  пай-
далану,  неолитикалық  ортада  құрылған  сүйек 
тұсаулары  мен  піштіруге  арналған  тескіш-
скальпельдер  жəне  басқа  да  ветеринарлық 
мақсаттағы  құралдар  жаңа  технологиялардың 
инновациялық  пайда  болудың  археологиялық 
куəсі болып отыр. 
Шаруашылық қызметінің жəне үй кəсібінің 
қайта  құрылуы,  артефактарды  трасологиялық 
зерттеу негізінде жəне оларды эксперименталь-
ды  процессте  пайдаланғанда  жүзеге  асырдық. 
ССРО-ның  Азиаттық  бөлігінен,  соның  ішінде 
Қазақстаннан  алынған  материалдарға  көп 
жылдық  зерттеулер  жүргізген  Г.Ф.  Коробкова 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

179
еңбек  құралдарының  қызметін  зерттеуге  жəне 
эксперементалды тəжірибеге үлкен үлес қосты. 
Бізбен артефактардың салыстырмалы типолого-
функционалдық  зерттеулері  жүргізілген  бола-
тын, оның нəтижелері жұмыстарда баяндалады. 
Осылайша, 
балықшылар, 
аңшылар, 
жинаушылар  ортасында  шаруашылықтың 
жаңа  формалары  пайда  болды,өзімен  бірге  ол 
шаруашылық бағдарда, қоғамдық қатынастарда 
жəне  дүние  көзқарастарына  өзгеріс  əкелді. 
Материалдық өндіріс саласында, əсіресе еңбек 
құралдарын  өндіруде  елеулі  өзгерістер  болған 
жоқ.  Тек  металл  пайда  болуымен,  сүйектен 
жасалған еңбек құралдардың көбеюімен, өңдеу 
үшін  мал  шаруашылығы  шикізатының  үлкен 
көлемі  түскеннен  кейін  ғана  материалдық 
өндіріс 
саласында, 
жылқышылардың 
əлеуметтік  жəне  рухани  өмірінде  радикалды 
өзгерістер  енгізілген  болатын.  Орта  голоцен 
дəуіріндегі  Қазақстанның  дала  аймағындағы 
экономика элементтерінің даму бағытына жəне 
формаларына,  негізіне  көзқарасымыз  осын-
дай. Берілген жұмыстың шығуы мамандардың 
кең топтарына жəне тарихты сүйетін қауымға 
өлкенің  көне  тарихы  бойынша  бірегей  мате-
риалдармен  танысуға,  атбасар  мəдениетінің 
ерекшелігі  туралы  түсініктеме  алуға  жəне 
Қазақстанның  көне  тарихының  даулы  жəне 
проблемалы мəселелері қатары бойынша өзінің 
пікірін бекітуге мүмкіндік береді.   
Голоцен  дəуіріндегі  Есіл  маңындағы 
табиғи  орта  мен  палеогеографикалық  де-
ректер. 
Солтүстік  Қазақстан  негізінен  Батыс-
Сібір  жазығының  дала  бөлігінде  орналасқан. 
Солтүстік-Қазақстан  облысының  шегінде  ор-
манды  далалар  мен  дала  шекаралары  өтеді, 
ал  Целиноград  облысының  оңтүстігінде  дала 
Орталық-Қазақстандағы  қырлардың  (Сары-
Арқа)  жартылай  шөлді  бөлігімен  шектеседі. 
Белгіленген аумақта аудандар мен аймақшалар 
қатары  көрінеді  (Природные  условия  и  есте-
ственные  ресурсы  СССР.  Казахстан, 1969, 
321 б.). Аумақтың басым бөлігі жазық неме
се 
қырлы бедерімен сипатталады, ол қуаттылығы 
аз  жəне  жаңа  континенталды  құрулардың 
тұрақсыз  жамылғымен,  бедер  формаларына 
тығыз  тəуелділігін  анықтаған  кендердің  тара-
лу  жəне  жағдайымен  денудацилық  жазық  пен 
плато.
Қарастырлған  аймақтың  солтүстігінде 
Есілдің  (солтүстік-қазақстандық)  орманды 
дала  жазықтығы  орналасқан.  Бұл  олигоценді 
балшықпен  құрылған  көлді-жазықтық  аумақ. 
Оларды  литологиялы  бірыңғай  емес  өзенді 
шөгінділер  басады.  Соңғылары  төрттенген 
күштілігі  бірнеше  метрден 50-70 м  дейінгі 
суглинкамен 
жəне 
көлді-аллювиальді 
шөгінділермен көмкерілген (Природные усло-
вия и естественные ресурсы СССР. Казахстан, 
1969, 322 б.).  Жазықтық  солтүстік-шығысқа 
қарай  бүгіледі,  ол  бұрынғыда  үштенген 
тұщысулы  бассейннің  жағалауы  болған. 
Провинцияның  абсолютті  белгілері 120-150-м 
тең. 
  Есіл  маңының  оңтүстік  жағы  Есіл  өз. 
ағысының меридианалды жəне ендік кесіндімен 
пайда  болған,  бұрыш  ішіндегі  барлық 
кеңістікті  алып  отырған  Көкшетау  қыраты 
орналасқан.  Өңірдің 30-60 м    шамасында 
биіктікпен жайпаққыратты жəне жайпақты қия 
берістермен жазықтық сипаты бар. Аудан үшін 
эрозиондық  торабының  əлсіз  дамуы  сипатты. 
Тек ауданның солтүстік, батыс жəне оңтүстік-
батыс  бөлігінің  шектеулі  учаскелерінде  бе-
дер  таулы  көріністе  болады (600-700 м  дейін 
жететін  бөлек  шыңдармен  Көкшетау  таулары, 
Аққан төбесі - 730 м, Жыланды - 654 м, Иман-
тау - 622 м, Балқаш төбелері - 150-200 м). Егер 
Көкшетау шыңының оңтүстік бөктері 300-340 
м тең болса, онда солтүстігі су бөлу кеңістіктің 
абсолютті  белгілерінің  күрт  төмендеуімен 
ерекшеленеді-Шалқар  өз.  жанында 340 мет-
рден,  биіктіктің  шетінде 240 метрге  дейін. 
Солтүстік-батыста  биіктік  белгілерінің 80 км 
қашықтықта 300-ден 200-ге  дейін  төмендеуі 
байқалады  (Шанцер,  Микулина,  Малинов-
ский,1967, 11 б.).
Солтүстік Қазақстанның негізгі су арте-
риясы  Есіл  өз.  болып  табылады,  ол  өзінің  ба-
стауын Орталық Қазақстандағы аласа шыңнан 
алып  жəне  үш  облыс  арқылы  оңтүстіктен 
солтүстікке ағады. Есіл өз. ұзындығы шамамен 
1900  км.  Ағыс  барысында  ол  құйылулардың 
қатарын  қабылдайды:  Иманбұрлық,  Аққан-
Бұрлық, Жабай, Кулутон, Терісаққан жəне т.б. 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

180
Қарастырылған  аумақта  ірі  көлдердің  қатары 
бар:  Селеті-Тенгиз,  Шағалы-Тенгиз,  Бура-
бай,  Шабашы,  Щучинск,  Шалқар  жəне  т.б. 
Ұсақ  жəне  орташа  көлдердің  негізгі  массасы 
Солтүстік-Қазақстан  облысында,  онда  олар 
2000  астам  есептеледі  (Ресурсы  поверхност-
ных вод районов освоения целинных и залеж-
ных земель, 24 б.).
Есіл-Ертіс  өзенаралықтың  бір  сарын-
ды  жазықтығы  Камышлов  сайдың  шығыс-
солтүстік-шығыс  бағытында  жатыр.  Соңғы 
15-20  км  орташа  ені-10-20  м  (Волков, 1962, 
34-48  б.;  Волков, 1960, 294-298 б.).  Камыш-
ловка өзені өзінің тіршілігін ХVІІІ ғ. тоқтатты, 
көктемде  өзара  ағыстармен  қосылатын  ұзын 
көлдер  қатарына  айналды.  Камышлов  сай 
бойынша бірыңғай ағыстар «Мемлекеттік Им-
перия  атласында»  белгіленді (1745 ж.  басы-
лым). 1768 жылы академик П. Паллас «Рессей 
мемлекетінің  əр  түрлі  жерлері  бойынша  сая-
хат»  еңбегінде: «Камышловка  үлкен  болмаса 
да  осындағы  (Мельничный  пос.  жанындағы) 
ағысы өте жылдам» деп жазған. Ол Көкшетау 
шыңдардан сорғалайтын кішкентай Камысақты 
өзенінен  басталады  жəне  Тарангүл  өзеіне 
құйылады, одан осы уақытта Камышлов сайы 
көлдердің  қатарымен  байқалады:  Балықты, 
Жыланды,  Ақсуат,  Питное,  Половинное  жəне 
басқалары- Есіл өз. дейін. Солтүстік Қазақстан 
үшін өзендердің тереңдігі 30-40 м дейін жететін 
көптеген  арқалықтар  мен  жыралар  сипатты. 
Олардың көбінде өз атаулары бар: Чудасай (14 
км),  Боганата (15 км),  Александровский (6,6 
км),  Мальцевский (5,9 км)  жəне  басқалары. 
Ыза сулар шығатын Мальцевский жəне Алек-
сандровский  сайларында  ағын  аса  ұзақ  уақыт 
бойы ағады (Гладышева, 1959, 36 б.).
Нұра  мен  Шағалы  өзендері  сияқты 
Солтүстік Қазақстанның осындай өзендерінде 
ішкі ағындары бар. Біріншісі Қазақ Сары-Арқа 
ұсақ  шыңдарынан  басталады  жəне  Орталық 
Қазақстан бойынша ағып, Қорғалжын өзеніне 
құйылады.  Екіншісінде - бастауы  Көкшетау 
қыратында. 
Көкшетау 
əкімшілік 
облы-
сы  шегінде  солтүстік-шығыс  бағытта  ағып, 
Шағлы-Тенгиз  өз.  құйылады;  Шағалы  ағысы 
көктем  уақытында  ағатын  ескі  арналардың 
қатарын жəне уақытша суағарларды құрайды.
Солтүстік Қазақстанның барлық аумағы 
үшін  күрт  континенталды  климат  сипатты 
(Фельдман, 1960, 35 б.). Континенталдығы ми-
нималды  (қаңтар)  жəне  максималды  (шілде) 
температуралардың  ауытқуына  байланысты. 
Сонымен қатар аймақтың климаты үшін жыл-
дан  жылға  дейінгі  температуралық  режимнің 
күрт  өзгешелігі  сипатты.  Жауын-шашынның 
ортажылдық  мөлшері  жылына  шамамен 300 
мм  жəне  аумақ  бойынша  біркелкі  таралған. 
Жауын  шашынның  айлар  мен  жыл  мезгілдері 
бойынша  бөлінуі  бірдей  емес:  жылдың  жылы 
уақытында 
(сəуір-қазан), 
максимуммен 
шілдеде (50-70 мм),  жалпы  мөлшердің 86% 
жауады.  Суық  уақытта  (қараша-наурыз),  ми-
нимуммен  ақпан-наурызда (10 мм),  жауын 
шашынның  жылдық  мөлшерінің  тек 14-19% 
келеді.  Жауын  шашынның  орташа  жылдық 
сомасы  күрт  өзгереді.  Қуаңшылық  жылдар 
ылғалды  жылдармен  ауысады.  Қуаңшылық 
жылдары  жауын  шашынның  сомалары  орта-
ша  көп  жылдардан 65-70% құрауы  мүмкін, 
ал  ылғалды  кезеңде  одан  бір  жарым  рет  аса-
ды. Аумақтың жылу режимі келіп түсетін күн 
радиациясына  ғана  тəуелді  емес,  ол  айнал-
ма  процесіне  де  тəуелді,  олар  сонымен  қатар 
атмосфералық  жауын-шашынның  мөлшерін 
жəне  сипатын  анықтайды.  Жалпы  айналымға 
тəртібі батыс құрамаларының желдеріне сипат-
ты – оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс.
Солтүстік 
Қазақстанда, 
суайырық 
кеңістігі  əлсіз  ағынмен,  топырағы  көп 
тұздылықпен 
ерекшеленеді, 
ал 
төмен 
температураның 
салдарынан 
жəне 
қар 
аздығынан жарықтар пайда болады. Жарықтар 
арқылы  гумус  пен  өсімдік  тамырлары  терең 
енеді, ол гумустың қосымша пайда болуының 
негізі  болып  табылады.  Бұл  қысқартылған 
гумустық  қырынмен  жоғарғы  гумустың  ба-
рын  анықтады  (ССРО  Европалық  бөлігінің 
қаратопырағымен  салыстырғанда) (Дурасов, 
1952, 31 б.).
Қазақстанның 
орталық 
бөлігінде 
топырақ 
сортаңмен 
ерекшеленеді, 
ол 
топырақтың  тұздылығына  жəне  климаттың 
құрғақшылығына 
байланысты. 
Қыратты 
төбелер  аудандарында  ұсақ  тасты,  нашар 
дамыған  топырақ  басым. (Стороженко, 1952, 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

181
89  б.).  Есілдің  бойымен  жайылым  топырақ 
жатыр, ол əр түрлі аудандарда 1-2 дейін жəне 
10-15  м  дейін  тар  жолағын  алып  жатыр.  Егер 
дала қара топырағы сызаттармен ерекшеленсе, 
құмды  топырақта  бұл  құбылыс  байқалмайды 
(Глазовская, 1952, 57 б.).
Солтүстік 
Қазақстанның 
өсімдік 
жамылғысы  шамамен  екі  бөлікке  бөлінуі 
мүмкін;  оңтүстік  далалы  жəне  солтүстік  ор-
манды  далалы.  Біріншісіне  шамалы  орман 
сипатты  болса,  екіншісіне  ормандар  мен  дала 
алқаптарының  үздіксіз  алмасуы  сипатты. 
Орманды  жəне  шілікті  учаскелер  аумақтың           
23 % алып  жатыр,  ал  дала  бөлігінде  олар 10 
%  да  қамтымайды.  Осылайша,  қарастырылып 
отырған  аумақ  оңтүстікте  дала  аймағынан, 
солтүстікте орманды далаға алмасып отыратын 
алқап. Ағашты өсімдіктер «алқап» деп аталатын 
бөлек тоғай түрінде орналасқан жəне негізінен 
көктерек  пен  тал  араласқан  қайыңнан  тұрады 
(Демидовская, 1961, 12 б.).  Шөпті  өсімдіктері 
дəнді  шөптерге  басым - жаппай  шымды 
құрайтын  селеу,  көк  шұнақ  бетегемен  жəне 
басқалармен.  Шалғындар  өзен  алқаптарында 
жайылған. Əртүрлі шөпті жайылмалар далалы 
болып  келеді. (Растительность  степей  Север-
ного Казахстана, 1961, 135 б.).
Солтүстік  Қазақстанның  фаунасы  ор-
ман  алқаптар,  көлдер,  қамыс,  батпақтар 
мозайкасының 
жайылуына 
байланысты 
ала,  аралас  болып  келеді.  Дала  учаскелері 
көптеген жəндіктерге жəне ұсақ кеміргіштерге 
толы.  Бұл  жасыл  өсімдікті  көп  пайдалана-
тын  сібір  байталша,  ұсақ  ала  бүйе.  Дала 
күзені  мен  түлкі,  ал  мамық  жыртқыштардан 
–қарақұс,  кəдімгі  жамансары  жəне  басқалар 
аулайтын  ұсақ  кеміргіштердің  арасында 
үлкен  қосаяқты,  сарышұнақты  белгілеу  тиіс. 
Қалған  мамықтыларды  бозторғай,  дала  конь-
ки мен бақшалы овсянка, ақсуасқар, дуалдық, 
жек  дуадақ,  үлкен  шалшықшы  құс,  сұр 
шалшықшылар, бөдене, сұр кекілік, қараторғай, 
торғай  жəне  басқалары  құрайды.  Рептильдер-
ден тек кесірткені ғана атауға болады.
Тікенектілер 
бөлігінде 
ұсақ 
сүтқоректілерден  қызыл  полевка,  орман 
тышқаны,  кəдімгі  кірпі  жəне  басқалары  өте 
көп.  Өндірістік  сүтқоректілерге  қоян,  түлкі, 
борсық жəне қасқырлар жатады. Тұяқтылардан 
кейбір  жерлерде  сібір  елігі,  марал  жəне 
бұғылар  кездеседі.  Өзен  алқаптарындағы  ор-
ман өсімдіктрімен сонымен қатар ХІХ ғ. басын-
да  Солтүстік  Қазақстаннан  жойылып  кеткен 
құндыздар байланысты болды (Костенко, Баша-
нов, 1960, 76 б.). Ағашты-құстардан алқаптарда 
үлкен ала тоқылдақ, мысықторғай, иволга, си-
ницалар  мекендейді.  Жыртқыштардан  ұсақ 
ителгілерді,  күйкентайды,  ителгіні  дербняк-
тарды атау тиіс. Сонымен қатар бұлдырық, ақ 
кекілік жəне басқа құстар да кездеседі (Формо-
зов, 1969, 258 б.).
Солтүстік  Қазақстандағы  көл  мен 
шалшықтың  жануарлар  дүниесі  ерекше. 
Су  қоймаларда  мекендейтін  құстар  мен 
жануарлардың  сапалық  жəне  сандық  құрамы 
көлдердің  үлкендігіне,  қорегіне,  балық  пен 
омыртқасыз  жануарлардың  көлеміне  байла-
нысты.  Оларда  көптеген  түрлі  үйректер  мен 
жүздеген  сұр  қаздар,  қасқалдақтар,  поганка-
лар,  шағалалар,  куликтер  батпақ  шағалалары 
жəне  т.б.  ұялайды.  Ағын  көлдерде  аса  си-
рек  кездесетін  мамық  жүнділер  ұялайды: 
бұлдырлақ-аққу, сұр қаз жəне басқалары. Ұсақ 
сүтқоректілерден су егеуқұйрығы ақкіс, сирек 
колокон  кездеседі.  Қосмекенділерден  үшкір 
тұмсықты  бақалар,  чесночница  жəне  жасыл 
құрбақалар кеңінен кездеседі (Формозов, 1969, 
263- 264 б.).
Солтүстік  Қазақстанның  аталған  табиғи 
жағдайлары  өзінің  ландшафтарымен,  клима-
тымен,  жануарлар  дүниесімен  жəне  флорасы-
мен аймақ плейстоцен мен голоцен мəресінде 
тұрақтана  бастады.  Оған  су  жүйесінің  бар 
болуы  ғана  емес,  негізгі  өзендер  ағысының-
Есіл,  Тобол,  Ертіс  меридианалды  бағыты 
себепші  болды (1 сурет).  Есіл  меридианалды 
бағытта  Солтүстік  Қазақстанның  үш  облы-
сын  кесіп  өтеді,  сонысымен  дала  мен  орман-
ды  даланың  түрлі  орографикалық  аудандар-
ды  біріктіріп,  экологиялық  буданын  құрады. 
Ежелгі  тұрғындар  Есілдің  қолайлы  кең  ала-
бын  тіршіліктеріне  пайдаланды.  Ол  туралы 
Есіл  маңындағы  тас  ғасыры  ескерткіштерінің 
археологиялық картасы куəландырады (200-ден 
астам тармақтар). Тұрақтар, қоныстар, шебер-
ханалар ежелгі адамның мекендеуіне ыңғайлы 
арнайы ықшамаудандарда шоғырланды.
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет