193
оқтардың ұштары сынық күйінде кесіндісі
жапырақ пішінінде ұсынылды, ұштардың
қалыңдығы 1,5 см дейін. Макроформалар да
бар (қырғыш, пышақтар, балғалар жəне т.б.).
Аталған коллекциялардың барлық жерінде ке-
рамика бар. Бірақ аз. Түбі үшкір, қабырғасы
жұқа, болмашы күйдірілген, қоспада ағаш,
ірі құм немесе өсімдік қалдықтары қосылған.
«Қадам басқан» тарақшамен, жеңіл ойықтар
басылған, толқынды сызықтармен жəне тесікті
сызықтармен əшекейленген.
Ерте неолитті кешендер кейінгі не-
олиттерден зерттеу əдістемесінде көрсетілген
белгілер бойынша ғана өзгешеленбейді, соны-
мен бірге, технологиясы мен типологиясында
біршама сабақтастықты сақтайды.
Егер мезолитте шикізатқа əртүрлі
шақпақтас,
яшма,
кварцит,
хрустал
жиынтықтары қызмет етсе, ал ерте неолитте
негізінен яшма түріндегі сұр немесе ашық-
қоңыр түсті сапалы кварцитті пайдаланады.
Неолитте платина индустриясының ары
қарай дамуы байқалады. Жоңқа индустриясы
болмашы өзгерген, сондықтан біріншінің си-
паттамасына тоқталамыз.
Ерте неолитте мезолитпен салыстырғанда
құралдар түрінің жиынтығы бай болып келеді,
қайта өңделгені əртүрлі (58 кесте). Екі жақты
пішіндер, бөліктері тегістелген шабу құралдары
пайда болады, жəне, ақыры, неолитте керамика
пайда болады.
Орта неолитке жататындар: Явленка
тұрағының ІІІ тобы (Явленка IV, V, Карлуга
IV, Боголюбове II, Булаево I жəне басқалары);
Виноградовтың ІІ тобы (Виноградовка X, XI),
Тельмандық ІІІ тобы (Тельман XV, XVII, Заимка
I, Жабай-Покровка III жəне басқалары) шағын
аудандары. Ескерткіштерде табылған олжалар
қара топырақ қабаты мен сазды құмайттың та-
банына ұштасады. Шақпақтас индустриясының
бұл кезеңінде мезолит дəстүрлері біртіндеп
жойылады.
Құрал-саймандар
жиынтығы
тілікшелер мен жоңқадағы құралдардың
екі жағы өңделген пішіндермен үйлесіп си-
патталады. Соңғыларының арасында жебе
ұштықтарының жапырақ түріндегі дұрыс фор-
малары кеңінен таралған. Өңделуі ерекшелен-
ген немесе ұстайтыны бар немесе жоқ кескіш
пышақтар ерекше. Тілікшелердегі ұштықтар,
биік трапециялар жəне басқа түрлері жиі
кездеседі. Бүйірлерінен кескіштер, жаны не-
месе арқасы мұқалған, сырттары шығыңқы
тілікшелер жəне басқа да ерте (мезолиттік жəне
ертенеолиттік) түрлері мүлдем жойылып кет-
кен. Коллекция арасында макропішіндер бар
– қырғыштар, пышақтар, ұрғыштар, балғалар
жəне басқа да бұйымдар.
Керамика бұрынғысынша мəнерлі жəне
фрагментарлы емес. Формасы жұмыртқа
түрінде, қабырғасы жұқа, орташа күйдірілген
арасында, ағаш, құм, өсімдік қалдықтары
қосылған.
Кейінгі неолит. Оған Явленканың IV
тобы (Явленка III, Бескөл I, Карлуга, Красно-
горка, Еңбек жəне басқалары), Тельман (Тель-
ман XI, XII, XIII, 1X6 жəне басқалары) жəне
(Берлиновка I, Кучковка I, Кенеткөл III жəне
басқалары) барлауларында зерделенген Ви-
ноградовка шағын аудандарының бірқатар
тұрақтары жатады.
Мəдени қалдықтар горизонттың беткі
топырағында (балшықты майлы қабатында)
көп кездеседі, кейде бетіне шығады. Алқаптар
мен дала өзендеріндегі беткі қабаттың жасы
б.з. дейінгі ІІІ мыңжылдықпен анықталған.
Тас құрал-саймандар кешені барлық
белгілер бойынша алдыңғы кезеңдер материал-
дарынан ерекшеленеді. Шикізат (тұрпайы квар-
цит) тұрпайылығымен жəне сапасыздығымен
сипатталады, ол əуелі жоңқадағы жəне екіжақты
формадағы құралдар жасау үшін пайдаланыл-
ды. Тілікше техникасы қолданылмаған, бірақ
коллекция арасында сол кездегі платиналар
бар, алайда қайта өңделмеген.
Керамиканың
қабырғалары
жұқа,
түбі дөңгелек немесе үшкір, сынық сызық,
таяқшамен тесілген, толқынды сызықтар
түріндегі тарақ тісті қалыпта əшекейленген.
Энеолит дəуірінде біршама өзгерістер
болған, əуелі еңбек құралдарын жасау үшін
шикізатты пайдаланған. Тас пен сүйек орнына
темір – мыс, кейін қола алмастыра бастаған.
Оның ежелгі тарихи қоғамда қандай рөл
атқарғанын бəрі біледі.
Ұсынылған кезең түпкілікті нұсқаны
бере алмайды, бірақ Солтүстік Қазақстандағы
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
194
дереккөздерді жүргізу базасының замана-
уи деңгейін толық көрсетеді. Ерекшеленген
кезеңдердің əрбірінің абсолютті уақытын
мерзімдеу күрделі болып тұр. Қазіргі уақытта
аймақтың археологиялық материалдары бой-
ынша неолит дəуірі уақытының төменгі жəне
жоғары екені жөнінде сенімді түрде айтуға бо-
лады.
Біздің еншімізде 14-нен (біздің күннен
10540 + 200) алынған уақыт бар, ол Тельман
XIVa мезолит тұрағы аумағындағы шұңқырдан
шығарылған көмірден алынған. Ол кейінгі
мезолиттің бастапқы кезеңін көрсетеді, оның
мəресі б.з.дейінгі VII-VI мыңжылдықтар
уақытымен белгіленіп, радиокөмірқышқылды
уақыт сериясы бойынша Орал, Орта Азияға
жетеді (Старков, 1980, 90-92 б.; Виноградов,
Мамедов, Сулержицкий, 1977, 267 б.). Өйткені
кейінгі мезолиттік жəне ертенеолиттік кешен-
дер технологиялық жəне типологиялық жақын,
генетикалық байланысты, ал арасындағы
алшақтық үлкен болуы мүмкін емес. Осы
уақытты
ескергенде,
мезолиттің
мəресі
б.з.дейінгі VII мыңжылдықпен белгіленеді.
Ал тиісінше, ерте неолитті б.з.дейінгі VII-
VI мыңжылдық соңымен белгілеу керек.
Тас ғасырының соңындағы хронологиялық
шеңберлер (энеолитті қосқанда) б.з.дейінгі ІІ
мыңжылдық – XVIII ғасырлар басымен дəл
анықталады. Мысалы, Вишневка І қонысының
еденіндегі ошақта петров-алакөл түріндегі
(Зайберт, 1973, 108 б.), бірнеше «импортты»
ыдыс табылды, ол андронов мəдени-тарихи
қауымдастығы рəсіміндегі уақытпен сəйкес
келеді (Зданович, 1973, 443 б.).
Осы шеңбер аясында қорытындылайтын
болса, тексерілген аумақтағы кейінгі тас
ғасырының басы мен аяғын анықтаған орта,
кейінгі неолит жəне энеолит хронологиясы
б.з.дейінгі ІІ мыңжылдықтың басы V шеңберіне
тоқтайды. Кейде бұл шектесетін аумақта ерек-
шеленген хронологиялық кезеңдерге жақын
келеді (Коробкова, 1969, 178 б.).
Солтүстік Қазақстанның ескерткіштерін
кезеңдеу көзқарастары бойынша Шығыс
Қазақстанның жақсы сақталған Усть-Нарым
қонысымен салыстыруға келеді. Г.Ф.Коробкова
оған
тыңғылықты
типологиялық
жəне
трассологиялық талдау жасады жəне зерттеуші
ғалым өз монографиясында мазмұндап берген.
Автордың Усть-Нарым кешеніндегі ерекшелік
жөніндегі сұрақтары бойынша көзқарасымен
келісуге болады, онда Қазақстан мен Орта
Азия ескерткіштерінен ерекшелігі айтылады.
Г.Ф. Коробкова нуклеустің өзіндік
формаларын атап өтеді – неолитте кеңінен
қолданылатын сына (кокорев) түрінен конус
түріне дейін (Коробкова, 1969, 125 б.).
Солтүстік-қазақстандық
обьектілердің
талдауы көрсеткендей, сына жəне қарындаш
түріндегі нуклеустер мезолит ескерткіштерінде
кездеседі. Г.Ф. Коробкова монографиясының
166 бетінде негізінен мезолит пішінінде болып
келетін арқасы мұқыл микротілік ішпектерінің
барын, 158 бетінде тегістелген құралдардың
жоқ екенін (кей бөліктері тегістелген) атап
өтеді. Ғалым мұны техникалық себептер-
мен, мүмкін мəдени тəртіппен түсіндіреді
жəне Г.Ф.Коробкова түйіндемесі келесідей
қорытындыланады: «...Уст-Нарым
кіші
мəдениет, Сібір мен Орта Азия неолитінің
жарқын элементтерін біріктіре алды, осылай-
ша аралас мəдениет сипатын алды...» (171 бет).
Қорытындылуы өте əділетті, егер кешендердің
хронологиялық əртүрлі уақыттың мүмкіндігін
ескермесек, немесе Солтүстік Қазақстанның не-
олит ескерткіштерінен алынған бұйымдардың
барлық түрлерін (трапециядан бөлек) біз Усть-
Нарымнан табамыз. Ескерткіштің уақытын
белгілеуде С. С. Черников, Г. Ф. Коробкова жəне
А. П. Окладников кейінгі неолиттік (энеолиттік
кешендердің) түрлерді пайдаланды (Окладни-
ков, 1950, 315 б.).
Біздің материалдарды Қарағанды XV, Зе-
леная Балка 24 тұрақтарымен салыстырғанда
технология мен типологияда ұқсастықтың
жоғары дəрежесі байқалады. Сондай ішпекті
қағидат, трапецияның, кескіштердің көп түрі.
Тельман I, X, Мичуринская I экземплярына
ұқсас тілікшелерде жебенің ұштықтары бар.
Қарағанды XV коллекциясының бөлігі
Солтүстік Қазақстанның кейінгі неолиттік
жəне энеолиттік кешендерінен ұқсастық та-
бады. Мысалы, ойығы бар екіжақты жебе
ұштықтары жəне басқа түрлері (М.Н. Клапчук
бойынша ІІ қабат) (Клапчук, 1965, 212 б.).
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
195
Л.А.Чалая
зерттеген
Қазақстанның
Солтүстік-Шығысындағы тұрақтар да көптеген
мезолиттік, ертенеолиттік жəне энеолиттік
ескерткіштерге жақын келеді. Петка І тұрағы
Тельман І, Х ұқсас (мезолит пішінінен басқа)
(Чалая, 1971, 14 б.). Қараторғайлық пунктер
де мезолиттен энеолитке дейін жалғасып
үйлеседі.
Арал
маңында
ерте
неолит
ескерткіштеріне Ағыспа тұрағы мен Сексеуіл
І тұрағының құралдары жақын. Олардың ерте
жасын (неолит шамасында) А.П. Окладников
(Окладников, 1956, 313 б.), А.В. Виноградов
(Виноградов, 1968, 156 б.), А.А. Формозов
атап өтті, жарияланған материалдар олардың
ІІІ мыңжылдығын межелеген (Формозов, 1949,
49-58 б; Формозов, 1950, 141-147 б.).
Тобылдағы Қостанай ескерткіштерін
есілдікпен салыстырғанда біршама жақындық
байқалады. К.В. Сальников (Сальников, 1962,
16 б.), А.А. Формозов (Формозов, 1951, 3-18
б.), В.Н. Логвиндер жарияланған тұрақтар
аралас сипатқа ие. Хронологиялық біртектес
бірнеше пунктер қызықты.
Бірінші ескерткіш - В.Н. Логвин қазған
Амангелді І тұрағы. Қазған автор жəне Л.
Я. Крижевская (Крижевская, 1975, 161 б.)
оны б.з.дейінгі IV-III мыңжылдық межесіне
жатқызды. Біздің көзқарасымызша, ол ерте не-
олитке, немесе Тельман Х түрінің материалда-
рына жақын коллекция – шикізат, ыдырау тех-
никасы, жиынтығына жатуы тиіс.
Басқа
ескерткіш,
Евгеньевка
І,
жиынтықпен зерттелді. Аралас коллекция. В.
Н. Логвин осы тұрақты Va Джебел қабатымен
ұштастырды жəне б.з.дейінгі IV мыңжылдық
шамасымен белгілейді. Коллекцияны қарау
кезінде ұқсас мезолит пішіндері кездесті.
Осылайша, Есіл бойындағы матери-
алдарда белгіленген кезеңділік пен хроно-
логия Қазақстанның үлкен бөлігінде неолит
тұрғындарының материалдық мəдениетінің
даму заңдылығын жалпылама көрсетеді.
Əрине, бұл мезолит-неолит аралығында
республиканың жекелей аймақтарында өзіндік
мəдениеттің хронологиялық алға жылжуын
жоққа шығармайды.
Кейбірін қорытындылайтын болсақ:
Қазақстанның неолитін кезеңдеу 70 жылдарға
дейін шектеулі материалдармен толықты жəне
Орта Азия, Батыс Сібір, Оралмен шектесетін
аумақтарындағы осы сұрақтың өңделуіне бай-
ланысты болды.
СҚАЭ жұмыс істеуіне байланысты,
неолитте материалдық мəдениеттің даму
заңдылығын бақылауға мүмкіндік туды, оның
бастапқы кезеңі б.з.дейінгі VI мыңжылдықтан
кешіктірілмей
мерзімделеді,
ал
ІІІ
мыңжылдықта алғаш темір пайда болады.
Қазақстанның əр аудандарындағы жаңа
материал базасында кезеңділік пен хронологи-
яны ары қарай нақтылай түсу міндеті тұр.
Қазақстанның неолиттік ескерткіштерінің
мəдениетке жататыны туралы сұрақ əдебиетте
60 жылдарға дейін қойылм
ады, немесе орал
жəне ортаазия неолиті байланысы жөнінде по-
лемика үдерісінде қозғалды (Чернецов, 1947, б.
56). Сонымен бірге, Қазақстандағы неолиттік
материалдар белгілі болды, олар жинақталған
болатын, бірақ осы аумақтың индустриясын си-
паттау жөнінде жалпы танысу үшін жеткілікті
көп еді (Археологическая карта Казахстана,
1960, 223 б.).
Қазақстандық
материалдардың
оралдыққа
жақындығына
қарамастан,
А.П. Окладников 1941 жылы шығыс-орал
мəдениетін ерекшелеу кезінде оны Төменгі Оба
маңының шығыс шекараларын бөліп тастады.
А.П. Окладниковтың пікірінше, Қазақстан мен
Орал маңының орманды далаларындағы не-
олитте дала мəдениеті тарады (Окладников,
1941, 7 б., 1 сурет), оны автор зерттеулері мен
бірқатар басқа мамандар растады .
Басқа авторлар орал жəне қазақстандық
неолит
анализіне
басқаша
көзқарас
білдірді. Кельтимар жəне орта-орал неолит
ескерткіштерінің жақындығын айтқан С. П.
Толстов жəне А.В. Збруеваның (Толстов, 1941,
214 б.; Толстов, 1948, 243 б.; Збруева, 1946, 182
б.), артынан В.Н. Чернецов анықталған орал-
ортаазия этномəдени тұтастығын атап өтеді.
Толстой С.П., Чернецов В.Н., Збру-
ева А.В. ғалымдарының концепциясында
неолиттегі Орал жəне Орта Азия байланысы
сұрақтарын кейін О.Н. Бадер қарастырды (Ба-
дер, 1970, 158 б.; Халиков, 1969, 252 б.).
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
196
Қазақстанның далалық жəне жартылай
далалық ескерткіштерінің мəдениетке жататы-
ны жөнінде сұраққа А.А. Формозов басқаша
көзқарас білдірді (Формозов, 1950, 65 б.).
1949 жылы ол Арал маңы үшін келтеминар
мəдениетінің батыс-қазақстандық нұсқасын
ерекшелейді жəне оны хорезм неолитінің
əсерінен шектейді (Формозов, 1949, 50 б.).
Оң жылдан кейін орал-азиаттық
жақындығын жақтаушылар көзқарасынан
бөлек табанды жұмысы жарияланды (Фор-
мозов, 1959, 162 б.). Біздің көзқарасша, А.А.
Формозов Евразияның далалы жəне шөлейтті
үлкен кеңістігінде нуклеустерді ыдыратудың
мамандандырылған
тілікше
техникасына
негізделген жəне тілікшелерді ішпек ретінде
пайдаланған микролиттік индустриясы өте
жақын ескерткіштер таралған дегені дұрыс.
Бұл экологиялық жағдайда ұқсас мəдени-
шаруашылық түрлердің түзілудегі конверген-
ция нəтижесі.
1960 жылдардың басында К.В. Сальников
оңтүстік-орал жəне қостанайдың материалдың
бір бөлігі базасында орал-қазақстандық
қауымдастығы ерекшеленді (Сальников, 1962,
17 б ). 60 жылдардың аяғында Л.Я. Крижевская
оңтүстік-орал-қазақстандық этномəдени сала-
сы болатынын нақтылайды (Крижевская, 1968,
123 б.).
Алайда ол белгілеген этномəдени сала-
ны өз атымен атаса жəне оның аумағын сызып
қойса дұрыс болар еді, немесе Л.Я. Крижев-
ская Қазақстанның əлі зерттелмеген ауданда-
рын оған қосады (Крижевская, 1975, 162 б.).
Крижевская Л.Я. үлкен этномəдени
облыстардың
барын
айтқанда
ұсақ
құрылымдарды – археологиялық мəдениеттер
мен нұсқалардың бар екеніне рұқсат беруі
өте дұрыс, ол Оңтүстік Орал мен Солтүстік
Қазақстанның бүгінгі зерттеудегі үдерістерінен
расталады.
1950 жылдардың басында А.А. Формо-
зов Қазақстандағы неолит ескерткіштерінің
аумақтық үш тобын ерекшелейді: оңтүстік-орал,
арал маңы, семей (Формозов, 1951, 117 б.).
Оған В.Н. Чернецов қарсы болды, ол Қазақстан
мен Зауралдың кең аумағында неолиттік
кешендердің жақындығы туралы көзқарасында
қалды (Чернецов, 1947, 80 б.). С.С. Черников
көрсетілген аумақтағы материалдар арасында
соншалықты айырмашылық жоқ деп есептеген
болатын, бірақ Уст-Нарым қонысы ашылғаннан
кейін ол өз көзқарасын өзгертті жəне айырықша
уст-нарым мəдениетін бөлу жөнінде сұрақ
қойды (Черников, 1957, 13 б.).
1970 жылы С.С. Черников докторлық
диссертациясында Қазақстан аумағында бір
мəдени-тарихи тұтастық шеңберінде неолиттік
ескерткіштердің алты локалды тобын бөледі,
оларды б.з.дейінгі ІІ мыңжылдықтың басы
- IV аяғы шамасында мерзімдейді (Черников,
1970, 54 б.). Бұл Шығыс Қазақстан, Солтүстік-
Батыс Қазақстан, Арал маңы жəне Оңтүстік
Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Солтүстік
Балқаш маңы жəне Бетпақ дала, Орталық
Қазақстанның солтүстік жолағы.
Оның көзқарасы бойынша бөлінген
топтар «құралдар жиынтығымен, жасау
техникасының
ерекшелігімен,
керамика-
мен, шаруашылық қызметі сипатымен»
ерекшеленеді. Сонымен бірге, ол жетісу,
оңтүстік-қазақстан,
үстірт-маңғыстау
топтарының барын топшылайды (Черников,
1972, 60 б.).
Біздің көзқарасымыз бойынша, бөлу
тек бір ғана критерий негізінде жүргізілген –
географиялық, ал бұл белгі диагностикалық
емес, өйткені барлық аумақтар неолиттік
қоныстармен орналасқан.
Чалая Л.А. «Қазақстанның Орталығы
жəне Солтүстік-Шығыс неолитінде ло-
калды топтарды бөлу жолдары» бойын-
ша кетті. Семейлік, арал маңы, оңтүстік
орал топтарының барын жоққа шығарып
жəне Қазақстан неолитінің мəдени-тарихи
қауымдастығы туралы сұрақты ашық деп
есептеді (Чалая, 1970, 242 б.), ол төрт
ареалды
белгілейді:
железиндік,
усть-
нарымдық, қараторғай-балқаш маңы жəне
қарағанды. Тұтастай алғанда Л.А. Чалая-
мен келісуге болады, оның белгілеген аре-
алдары өзінше жəне олардың болуы заңды.
Оның ерекшелігін ғалым Қазақстанның,
Оралдың, Батыс Сібірдің, Байқал маңы, Орта
Азия тұрғындарының жан-жақты байланысу
себебімен түсіндіреді.
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
197
Чалая Л.А. қазақстандық материалдардың
бір ерекшелігін еліміздің оңтүстігінде көнерген
мезолит дəстүрінің болуынан деп есептейді, ал
осындай шақпақтасты кездесетін керамика,
керісінше оңтүстік-орал жəне батыс-сібірге
жақын (Черников, 1959, 99 б.). Зерттеуші бұл
фактіні заңдылық ретінде бағалауға дайын.
Алайда, жоғарыда мазмұндалғаннан
қорытынды шығару қажет, екі аумақты
шақпақтасы немесе керамикасы бойынша
салыстыруға болмайды, өйткені бұрынғы
археологиялық немесе басқа тасымалдаушы-
ларда болған ішкі себеп-салдар байланысы
жоғалады.
Осылайша, 1970 жылдардың соңында
Қазақстанның
неолит
ескерткіштерінің
мəдениетке жатуы жөнінде С.С. Черников, Л.А.
Чалая, Л.Я. Крижевская, К.В. Сальниковтың
көзқарастары əдебиетте жалпы танылмады.
Себеп біреу – аумақ үлкен жəне аз зерттелген.
Солтүстік Қазақстанның неолиті бой-
ынша заманауи деректер, яғни, республика
аумағы неолитте микролиттік зонаға кіргенін,
жəне оның ұсақ иерархиялық құрылымы бо-
латынын растайды. Біздің материалдар алғаш
рет А.А.Формозов белгілеген аймақтың ше-
карасын кеңейтуге (Формозов, 1959, 48 б.),
Қазақстанның солтүстік аудандары мен За-
урал мен Батыс Сібірдің орманды дала бөлігін
қосуға мүмкіндік береді (21 сурет).
Қазіргі уақытта азиаттық микролиттік
мəдени
зонада
солтүстік-қазақстандық
этномəдени
облысы
жеткілікті
нақты
ерекшеленеді. Ол Тобыл-Ертіс өзендері
арасындағы аумақты, солтүстіктегі Тюменнің
Есіл
маңынан
оңтүстіктегі
Қарағанды
бассейніне дейін. Есіл маңы ауданының
археологиялық
картасында
кеңінен
таныстырылған жəне толық зерделенген.
Біз ерекшелеген этномəдени облыс мезолит-
тен энеолитке дейінгі хронологиялық диа-
пазонды қамтиды. Зерделенуші аумақтардың
əртүрлі аудандарынан жиналған көптеген
коллекциялардың
жан-жақты
талдауы
мəдениеттерді бөлу жөнінде сұрақты қоюға
мүмкіндік берді. Оны атбасарлық деп атауға
болады, өйткені аталған мəдениеттің жарқын
кешендері Атбасар қаласына жақын Тель-
ман шағын ауданынан алынды (22 сурет).
Ол соңғы мезолит пен орта неолит кезеңін
қамтиды. Оның локалді нұсқалары жоспар-
лануда – тельмандық (Есілдің жоғарғы ағысы
мен Нұраның төменгі ағысы аудандары) жəне
явленкалық (Чаглинка өзені жəне Есілдің орта-
ша ағысы).
Неолитте белсенді өзара байланыс
есебінен Явленка нұсқасы мен Телманның
нивелированиесін бақылау жалғасуда.
Кейінгі неолит-энеолитте Ботай –
этномəдени облысы шамасында таралатын
сапалы жаңа мəдениетінің қалыптасуы жүріп
жатыр.
Ерте
неолит
уақытында
атбасар
мəдениеті ескерткіштері солтүстік қазақстан
этномəдени саласында белгілеген шамада жəне
кейде тысқары жерлерде таратылды. Солтүстік-
шығыс форпосты Ертіс бойы ескерткіштері
жатады: Пеньки жəне Омск тұрағы (Матющен-
ко, 1966, 79 б.).
Атбасар мəдениетінің солтүстік-батыс
шекарасына Тобыл маңы, ал батыс жəне
оңтүстік-батысқа – Торғай жырасы.
Осы
аудандарда
қазылған
ескерткіштердің ішінен Тельманға жақыны
Амангелді тұрағы. Тобыл маңы мен Торғай
жырасы неолитте қазақстандық, оңтүстік-
оралдық, оңтүстік зауралдық тұрғындар ара-
сында байланыс белдеуі болып табылады, ол
материалдық мəдение келбетінде толық көрініс
берді. Бұл жақындық біздің деректер бойынша
Тобыл маңы мен Торғай жырасының байланыс
белдеуінде ғана жақындығы байқалады. Атба-
сар мəдениеті таралуының оңтүстік шекарасы
Қарағанды бассейніне дейін созылады, ол жер-
де екі тұрақ қазылды, Қарағанды XV (Клапчук,
1970, 153 б.), Зеленая Балка 4.
Целиноград облысының оңтүстігінде
В.Н. Волошин Жанбөбек 4 бұлақ тұрағын
зерттеді (Волошин, Мазниченко, 1978, 511-
512 б.). Қалыңдығы 50 см болатын мəдени
қабаттан Тельман Х қонысына ұқсас керамика
мен шақпақтас табылды.
Қарағанды ескерткіштерінің батысы,
шығысы жəне оңтүстігінде тек жинау арқылы
алынған материалдар ғана белгілі (Маргу-
лан, Агеева, 1948, 129 б.). Типологиялық кол-
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
198
лекциялар біртекті емес, сондықтан нақты
бір нəрсе айту қиын. Алайда, Қазақстанның
Орталығын жəне Оңтүстік-Батысын зерттеу
кезінде ерте неолиттік кешендер табылып
қалуы мүмкін. Солтүстік Қазақстаннан алыс
жатқан Орта Азия аумағында соңғы 10 жылда
неолиттік кешендер табылды, радикарбон бой-
ынша мерзімделген, оларды хронологиялық
жағынан атбасар мəдениеті ескерткіштерімен
салыстыруға болады. Бұл Үшащы 131 тұрағы,
ол «мүйізді трапеция» сериясын берді жəне
Бесбұлақ 15 тұрағына ұқсас (Черников, 1956,
43-60 б.). Ал кешендердің қалған жері өзінше
ерекше болып келеді.
Орта Азия аумағында Оюқлы ескерткіші
белгілі, ол Каспий маңының оңтүстік-
шығысында орналасқан. (Марков, 1961, 68 б.).
1970 жылдары Е. Бижанов Үстірттен
тұрақтар тапты, ол жер ойығы бар трапеция-
лар, кескіш жəне басқа түрлерін берді (Бижа-
нов, 1973, 210-211 б; Бижанов, 1978, 18 б.).
Жақсы зерттелген Оңтүстік Оралда атба-
сар мəдениетінің ертенеолиттік ескерткіштері
жиынтығы бойынша жақындығы бар материал
беретін ескерткіштер белгісіз.
Орта неолитте атбасар мəдениетінің
кейінгі кезеңінде мəдени қоршауы өзгеше. Біз
ерекшелеген мəдениеттің келбеті де өзгереді,
онда явленка нұсқасы басым.
Аталған кезеңде шақпақтасты құрал-
жабдықтардың
келбетіндегі
өзгерістерді
біржақты түсіндіру қиын. Бірақ, бұл үдерістегі
басымдық ішкі себептер – қоғамның өндірістік
күшінің дамуы екені анық.
Атбасар мəдениеті соңғы кезеңінің
ерекшелігі шақпақтасты құрал-саймандар ара-
сында (Виноградовка X) көне типтегі кейбір
ескерткіштердің болуы – арқасы мұқалған
тілікшелер жəне сырты өңделген, бұлар
Солтүстік Қазақстанның кейінгі неолитіне тəн.
Орта неолит коллекциясында остеологиялық
материал мен жануардың сүйегінен жасалған
бұйымдардың проценті көбейе түседі.
Біздің суреттеп ұсынған кешендерде ке-
рамика бұрынғысынша аз жəне мəнерлі емес,
қабырғалары жұқа, ағаш, өсімдік қалдықтары
жəне құм қосылған. Формасы – түбі дөңгелек
немесе жұмыртқа тəрізді, өрнегі беден –
«адымды тарақ», адымы айқұш-ұйқыш немесе
тесікті сызықтар немесе ойықтар.
Солтүстік-қазақстандық
этномəдени
облысының шамасында бөлінген осы заманның
ескерткіштері ерте неолиттік болып табыла-
ды, қоршаған аумақ фонында өзінше ерекше.
Əрине, осы уақыт үшін Солтүстік Қазақстан
мен Батыс Сібір аудандары арасында шикізатта,
құрал-саймандар типологиясында, керамика-
да жақын қосқатар байқалатыны рас. Тюмень
Есіл маңында қазылған Кокуй І тұрағынан
алынған ескерткіш өте қызықты. Қазба автор-
лары табылған керамиканы Екатерин жəне
Омск тұрағынан алынған керамикамен байла-
ныстырады. Бұл керамика шақпақтасты құрал
кешенінде келеді; авторлар осы керамиканың,
сонымен бірге, шақпақтастың бастауын Тю-
мен Есіл маңының оңтүстігінде көрген. Біздің
материалдар б.з.дейінгі V-IV мыңжылдықтар
аяғы – Кокуй І түріндегі ескерткіштердің
болған уақытын анықтаған В.Ф. Герингтің,
Л.Я. Крижевскаяның, Р.Д. Голдинаның бол-
жамдарын растады.
Кокуй І тұрағы құрал-саймандарының
Явленка IV, V, Виноградовка X, Жабай-Покров-
ка III жəне басқа ескерткіштермен жақындығы
барлық көрсеткіштер бойынша бақыланады –
шикізатына, ыдырату техникасына, типология
жəне морфологиясына.
Обьектілердің аумақтық жақындығы
жəне құрал-саймандағы ұқсастық белгілері
атбасар мəдениетінің кейінгі кезеңі мен орта-
ертіс ерте кезеңі ескерткіштерінің мəдени
бірыңғай екені жөнінде сұрақ тудырады. Бұл
жақындықты екі түрлі түсіндіруге болады:
І) бір өзеннің бойына орналасқан екі аймақ
тұрғындарының белсенді қарым-қатынасы
(мəдени жəне этникалық), олардың жыл бойы
өзара байланысын жеңілдетті; 2) Солтүстік
Қазақстан тұрғындарының Қазақстанның да-
лалы жəне орманды дала аудандарындағы сулы
көлік магистрал бойымен Батыс Сібір орман-
ды даланың солтүстік шетіне меридианалық
көшудің
нəтижесі.
Бірінші
жағдайды
археологиялық көзқараспен əртүрлі мəдениетті
деп, ал екіншіде – бір мəдениетті деп есептеген
дұрыс болады. Бізге жақыны екінші, өйткені
кокуй ескерткіштерінде қалған тұрғындардың
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
|