Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы. Деректер моделі


Деректер қорының модельдері



бет5/7
Дата17.10.2023
өлшемі160,49 Kb.
#117331
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы Дана дайын емес

Деректер қорының модельдері
Деректер қоры – ақпаратты ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған құрылым.
Деректер қоры ұғымымен деректер қорын басқару жүйесі тығыз байланысты.
ДҚБЖ деп жаңа қордың құрылымын жасауға, оны мәліметпен толтыру, түзету және визуализциялауға мүмкіндік беретін программалық кешенді айтады.
Егер де деректер қорында ешбір мәлімет болмаса бұл – бос деректер қоры деп аталады. Қорда мәлімет болмағанымен, онда қордың құрылымы бойынша ақпарат бар деп айтады.
Кез келген деректер қорының негізгі объектісі – кесте болып саналады.
Әрбір кестенің өзінің бағандары мен жолдары болады, деректер қорында оларды өрістер(поля) мен жазбалар(записи) деп атайды.
Деректер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. ДҚ көмегімен шешілетін әр алуан есептер ДҚ құрылымдау мен мен мәліметтердің арасындағы ббайланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде ДҚ бірнеше моделі пайда болды. ДҚ моделі деп ДҚ логикалық кейіптеуін айтамыз. Сонымен қатар, деректер моделі деректердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Алғашқы ДҚ

  • Иерархиялық

  • Желілік

  • Реляциялық

  • Постреляциялық

  • Көпөлшемділік

  • Объектілі-бағытталған жаңа моделдер пайда болды

және барынша дамып, қолданысқа енгізіле бастады.
70-80 жылдардың соңында деректер қорыын басқару жүйесінің дамуы негізінде деректерді ұсынудың әртүрлі модельдері пайда болды. Әрбір модельдің өзінің ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері болды.
1 Деректердің иерархиялық моделі . Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі бір ережелер бойынша байланысқан элменеттер жиынтығын береді.
Иерархиялық байланыстағы объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады.
Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиынтығы. Сұлбада иерархиялық ағаштың түйіндері граф төбелері ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары деңгейдегі әр түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет