Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы. Деректер моделі



бет3/7
Дата17.10.2023
өлшемі160,49 Kb.
#117331
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы Дана дайын емес

Деректер
Деректер – нәтижелерді алуға болатын таза факторлар жиынтығы. Қолмен жазылған хат, басып шығарылған кітап, отбасылық сурет, видеопленкадағы кино, шығарылған және қол қойылған құжаттар, банк бухгелтериясы және шот иесінің жинақ кітапшасы – мұның барлығы деректер мысалы.
Компьютерлік дәуірдің басталуына дейін деректер қағаз жүзінде немесе пленка арқылы таратылды. Бүгінде осы деректерді ыңғайлы формаға келтіруге болады, мысалы, электрондық хабарлама, электронды кітап, растрлық бейне немесе цифрлық кино. Бұл деректерді компьютерде құрып және 1.2. суретте көрсетілгендей нөл мен бірліктерден тұратын жолдар сияқты электронды түрде сақтауға болады. Мұндай деректер қоры цифрлық деректер деп аталады, олар компьютерлік өңделуден кейін қолданушыға рұқсат етілген болады.
Компьютерлік технология мен техникалық байланыс құралдарының дамуына байланысты деректерді құру жылдамдығы мен деректерді алмастыру жылдамдығы геометриялық прогрессияда артты. Цифрлық деректердің артуына себеп болған бірнеше факторлар:

  • Деректер қорын өңдеу кезіндегі өнімділіктің жақсатуы: қазіргі компьютерлер

Деректерді өңдеу және сақтау өнімділігінарттыру мүмкіндігін береді. Бұл әр түрлі ақпарат тасушыларға контенттің ұлттықтүрлерін цифрлық форматтарға түрленуіне мүмкіндік береді.

  • Цифрлық құрылғылардың бағаларының төмендеуі: технологиялық прогресс және деректерді сақтау құрылғысының құнының төмендеуіқымбат емес шешімдердің пайда болуына және арзан деректерді сақтау құрылғыларының өңделуіне себепші болды. Бағалардың төмендеуі өндіріс көлеміне және деректерді сақтаудың артуына мүмкіндік туғызды.


Сурет 1.2. Цифрлық деректер

  • Жоғары жылдамдықты технологияның пайда болуы: қазіргі таңда цифрлық деректерді алмастыру жылдамдығы ұлттық әдістерден асып түсуде. Қолмен зазылған хатты қабылдаушыға жеткізу бір апта уақытты алады, ал электронды хатты алушыға жөнелту бірнеше секунд уақытты ғана алады.

Деректер қорының қымбат емес және қарапайым құрылу түрі, бизнес пен жеке тұлғалардың дамып жатқан қажеттіліктерінде деректер қорының барлық түрлерін жинау және сақтау ақпараттық бум деген атаумен белгілі деректер көлемінің жылдам дамуына әкеліп соқты. Сондықтан, ақпараттық бумға әртүрлі деңгейде коммерциялық кәсіпорындар мен жекетұлғалар әсерін тигізді.
Уақыттың өтуіне байланысты деректердің мәнділігі (значимость) мен қажеттілігі өзгереді. Көп жағдайда құрылатын деректердің мәнділігі қысқаша сипатта болады, ал уақыт өте келе ондай деректер құнсызданады. Бұл деректерді сақтау үшін қолданылатын шешімдер типін анықтайды. Жеке тұлғалар деректерді түрлі құрылғыларды, яғни қатқыл дискте, CD/DVD дисктерде немесе флэш-жадылы USВ-құрылғыларында сақтайды.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет