Байланысты: Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы Дана дайын емес
Деректер қоры және деректер қорының басқару жүйесі Тапсырманы шешу барысында қолданылатын қолданбалы бағдарламада бір немесе бірнеше жеке файлдарды шешу кезінде сақтау және деректер сенімділігіне сол тапсырмамен жұмыс істейтін бағдарламалаушы жауап береді. Деректер қорын қолдану түрлі қолданушылар тапсырмасын шешетін бірнеше қолданбалы бағдарламалар жұмысын жоспарлайды. Әрине, қолданбалы бағдарламалардың біреуін шешетін программист интегрирленген деректер сенімділігі мен жеткіліктілігіне жауап бере алмайды. Бұдан басқа тапсырмалардың деректер қорын қолдана отырып жаңа жазбалар типі мен олардың арасындағы қатынастардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Деректер қорының мұндай өзгеруі бұрын өңделген жиындар мен деректер қорымен жұмыс жасайтын қолданбалы бағдарламалар жүйесін сәтті функционирлейтін жиындардың өзгерісіне алып келмеу керек. Басқа жағынан қолданбалы бағдарламалардың кез-келгенінің мүмкін болатын өзгеруі, өз кезегінде, деректер құрылымын өзгертуге алып келмеу керек. Барлық жоғарыда айтылғандар қолданбалы бағдарламалардан деректердің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қолданбалы бағдарламалар мен деректер арасындағы интерфейстің рөлінтәуелсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен – деректер қорын басқару жүйесі атқарады (ДҚБЖ ) (сурет 2.3).
Сурет 2.3. Қолданбалы бағдарламалар мен деректер қорының тәуелсіздігін
қамтамасыз ету
ДҚБЖ – көп қолданушылармен құру, енгізу және деректер қорын қолдану үшін арналған интегрирленген деректер жиынтығынан тұратын бағдарламалық кешен.
Бұдан басқа жүйе бір файлда деректерді өзгерту оқиғасының қатарында екінші файлдың модификациясын автоматты түрде шақыртуды ескеру керек, файлдардың жалпы құрамы келісілген болу керек. Мысалы, егер жұмысқа жаңа қызметші алынса, онда СЛУЖАЩИЕ файлына жазба қосу керек, сонымен қатар ОТДЕЛЫ файл жазбасында сол қызметшінің бөліміне сәйкес келетін ОТД_СЛУ_ЗАРП және ОТД_РАЗМЕР өрістерін өзгерту керек. Нақтырақ айтқанда, жүйе келесі ережелермен жетекшілік етілуі керек:
егер СЛУЖАЩИЕ файлында n-ге тең өрісінің мәні СЛУ_ОТД_НОМЕР жазбадан тұрса, онда ОТДЕЛЫ файлында n-ге тең ОТД_НОМЕР мәні бар өріс болуы керек;
егер ОТДЕЛЫ файлында m-ге тең ОТД_РУК мәні бар өріс болса, онда СЛУЖАЩИЕ файлында m-ге тең СЛУ_НОМЕР мәні бар өріс пайда болу керек;келесі дәрістерде біз (1) және (2) ережелері жалпы біртұтас сілтеме ережесінің жеке оқиғалары болатынын көреміз: СЛУ_ОТД_НОМЕР өрісі ОТДЕЛЫ кестесінің жазбаларына жіберілетін «сілтемелерден» тұрады және ОТД_РУК өрісі СЛУЖАЩИЕ кестесінің жазбаларына жіберілетін «сілтемелерден» тұрады;
ақпараттық жүйенің кез-келген жағдайында ОТД_СЛУ_ЗАРП өрісінің мәні ОТДЕЛЫ файлының кез-келген отд_k жазбасында СЛУЖАЩИЕ файлының барлық жазбаларында СЛУ_ЗАРП өріс мәнінің қосындысына тең болу керек, онда СЛУ_ОТД_НОМЕР өріс мәні отд_k жазбасының ОТД_НОМЕР өріс мәніне сәйкес келеді;
ақпараттық жүйенің кез-келген жағдайында ОТДЕЛЫ файлының кез-келген отд_k жазбасында ОТД_РАЗМЕР өрісінің мәні СЛУЖАЩИЕ файлының үш жазбасына тең келу керек, ондағы СЛУ_ОТД_НОМЕР өріс мәні отд_k жазбасындағы ОТД_НОМЕР өріс мәніне сәйкес келу керек; келесі дәрістерде (3) және (4) ережелер біртұтас деректер қорының жалпы шектуінің мысалын көрсетеді.
Деректердің келісімді немесе біртұтастық түсінігі деректер қорының кілттік түсінігі болып табылады. Егер ақпараттық жүйе (мысалдағыдай қарапайым) деректерді сақтауды бірнеше файлда келісімді түрде қолдаса, онда ол деректер қорын қолдайды деп айтуға болады. Егер деректерді басқарудың қосымша жүйесі олардыі келісімділігін қамтамасыз ете отырып, бірнеше файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндік берсе, оны деректер қорының басқару жүйесі деп атауға болады.
Енді тек қана бірнеше файлдағы деректердің келісімділігін қолдауды талабы ақпараттық жүйені құру кезінде қызмет кітапханасысыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді: мұндай жүйеде деректер тұтастығын анықтайтын кейбір жеке деректер болуы керек. Біздің мысалда ақпараттық жүйе СЛУЖАЩИЕ және ОТДЕЛЫ файлдарының құрылымы туралы метадеректерді жеке сақтау үшін, сонымен қатар сол файлдардағы деректердің біртұтастық шартын анықтайтын жеке деректерден тұруы қажет (бұл ережелерді метадеректер бөлігі құрады деп есептеу қабылданған).