Деректер түрлері. Деректерді жинау және топтау


Мысалдардан көріп отырғанымыздай әрбір таралу қатарында екі элемент немесе екі бағана бар. Қатардың элементтері, олардың дискретті немесе аралық қатар болғанына қарамастан, әрқашан атаулары бірдей бол



бет3/5
Дата13.02.2023
өлшемі473,71 Kb.
#67494
1   2   3   4   5

Мысалдардан көріп отырғанымыздай әрбір таралу қатарында екі элемент немесе екі бағана бар. Қатардың элементтері, олардың дискретті немесе аралық қатар болғанына қарамастан, әрқашан атаулары бірдей болады:

— варианта – бұл өзгеріп отыратын белгінің анықталған мәні, атрибутивті қатарда сапалы белгі, вариациялық қатарда сандық белгі. Варианта х, v әріптерімен белгіленеді. Варианта әрқашан бірінші баған (кестенің бастауышы).

— жиілік – вариантаның қаншалықты жиі кездесетінін (немесе қанша рет) көрсетеді — (f, p) әріптерімен белгіленеді. Жиілік екінші баған, зерттеліп отырған вариантаның пайда болу санын сипаттайды.

Таралудың дискретті вариациялық қатарын қалай тұрғызуға болады

1 мысал.

20 жанұядағы балалар саны жөнінде деректер бар.

Балалар саны бойынша таралудың дискретті вариациялық қатарын тұрғызу керек.

  • 0 1 2 3 1
  • 2 1 2 1 0
  • 4 3 2 1 1
  • 1 0 1 0 2

Шешуі:

  • Деректерді енгізетін кесте макетінен (пішін) бастаймыз.
  • Таралу қатарында екі элемент бар болғандықтан, кесте екі бағаннан тұрады.
  • Бірінші бағанда әрқашан варианта – оның атауын тапсырмадан аламыз – бұл балалар саны.
  • Екінші баған бұл жиілік – зерттеліп отырған құбылыста біздің вариантамыз неше рет кездеседі – бағанның атауын да тапсырмадан аламыз — жанұяның таралуы – демек біздің жиілігіміз бұл балалар санына сәйкес келетін жанұялар саны.

Варианта Жанұядағы балалар саны — (х, v)

Жиілік Жанұялар саны (f, p)

Нәтижесінде біздің кестенің пішіні мына түрде болады:

Жанұядағы балалар саны — (х)

Жанұялар саны (f)

0 1 2 3 4

4

Енді берілген деректерден ең болмағанда бір рет кездесетін мәндерді таңдаймыз.
Біздің жағдайда бұл 0 2 4 1 және 3.
Осы деректерді кестенің бірінші бағанына логикалық ретпен орналастырамыз, бұл жағдайда 0-ден 4-ке дейін өсу ретімен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет