Жиілік – вариантаның неше рет қайталанатынын көрсететін сан. Латынның P әрпімен белгіленеді.
Барлық жиіліктердің қосындысы (барлық зерттелушілер санына тең болатыны белгілі) n арқылы белгіленеді.
Біздің мысалымызда жиіліктердің мәндері төмендегідей:
110 вариантасы үшін жиілік Р = 1 (110 мәні бір пациентте кездеседі),
120 вариантасы үшін жиілік Р = 2 (120 мәні екі пациентте кездеседі),
130 вариантасы үшін жиілік Р = 3 (130 мәні үш пациентте кездеседі),
140 вариантасы үшін жиілік Р = 2 (140 мәні екі пациентте кездеседі),
160 вариантасы үшін жиілік Р = 1 (160 мәні бір пациентте кездеседі),
170 вариантасы үшін жиілік Р = 1 (170 мәні бір пациентте кездеседі),
Вариациялық қатарлар
дың түрлері
Вариациялық қатарлар түрлері:
жай – бұл әрбір варианта тек қана бір рет кездесетін қатар (барлық жиіліктер 1-ге тең);
зілдеме (взвешенный)– бір немесе бірнеше варианталар бірнеше рет кездесетін қатар.
Вариациялық қатар сандардың үлкен көлемін сипаттау үшін қолданылады, медициналық зерттеулердің көбінде жиналған деректер алғашында дәл осы түрде беріледі.
Вариациялық қатарды сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер, оның ішінде орта шамалар, өзгергіштік көрсеткіштері (мәселен, дисперсиялар), таңдама деректердің репрезентативтілік көрсеткіштері есептеледі.
Вариациялық қатарлар:
— дискретті – мұндай қатарларда белгі үздікті сипатта болады, бір санмен көрсетіледі.
— интервалды (аралық)– мұндай қатарларда белгі аралықта орналасады, үзілмейді.