Деректер түрлері. Деректерді жинау және топтау


Сандық деректерді сапалық деректерге өзгертуге болады (дене массасының индексі, жеткіліксіз салмақ, қалыпты салмақ, артық салмақ, семіздік)



бет2/5
Дата13.02.2023
өлшемі473,71 Kb.
#67494
1   2   3   4   5
Байланысты:
КАЗзанятие 1

Сандық деректерді сапалық деректерге өзгертуге болады (дене массасының индексі, жеткіліксіз салмақ, қалыпты салмақ, артық салмақ, семіздік).

Өз бетімен жұмыс: Сіз деректер қорын алдыңыз. Деректер түрін анықтаңыз.


Пациент


Қан тобы

Аурудың ауырлығы

Ауруханаға түскендер саны

Hb

Мектептегі баға

1

1

1

3

104

4

2

1

1

5

99

3

3

3

2

2

100

4

4

4

1

3

121

5

5

2

3

4

84

3

6

1

4

7

65

4

Вариациялық қатар

  • Вариациялық қатар – өсу немесе кему дәрежесі бойынша орналастырылған варианталар мен оларға сәйкес жиіліктер қатары
  • ​Варианталар – белгінің сандық өрнектелуі (өлшенген мәні). Латынның V әрпімен белгіленеді.
  • Мысалы, вариациялық қатарда он пациентте өлшенген систолалық артериялық қысым көрсеткіштерінің:

    110, 120, 120, 130, 130, 130, 140, 140, 160, 170 ішінде

    6 мән ғана варианталар болып саналады:

    Х 110, 120, 130, 140, 160, 170

    n{i} 1 2 3 2 1 1.

  • Жиілік – вариантаның неше рет қайталанатынын көрсететін сан. Латынның P әрпімен белгіленеді.
  • Барлық жиіліктердің қосындысы (барлық зерттелушілер санына тең болатыны белгілі) n арқылы белгіленеді.
  • Біздің мысалымызда жиіліктердің мәндері төмендегідей:

  • 110 вариантасы үшін жиілік Р = 1 (110 мәні бір пациентте кездеседі),
  • 120 вариантасы үшін жиілік Р = 2 (120 мәні екі пациентте кездеседі),
  • 130 вариантасы үшін жиілік Р = 3 (130 мәні үш пациентте кездеседі),
  • 140 вариантасы үшін жиілік Р = 2 (140 мәні екі пациентте кездеседі),
  • 160 вариантасы үшін жиілік Р = 1 (160 мәні бір пациентте кездеседі),
  • 170 вариантасы үшін жиілік Р = 1 (170 мәні бір пациентте кездеседі),

Вариациялық қатарлардың түрлері

Вариациялық қатарлар түрлері:

  • жай – бұл әрбір варианта тек қана бір рет кездесетін қатар (барлық жиіліктер 1-ге тең);
  • зілдеме (взвешенный)– бір немесе бірнеше варианталар бірнеше рет кездесетін қатар.
  • Вариациялық қатар сандардың үлкен көлемін сипаттау үшін қолданылады, медициналық зерттеулердің көбінде жиналған деректер алғашында дәл осы түрде беріледі.

    Вариациялық қатарды сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер, оның ішінде орта шамалар, өзгергіштік көрсеткіштері (мәселен, дисперсиялар), таңдама деректердің репрезентативтілік көрсеткіштері есептеледі.

Вариациялық қатарлар:

дискретті – мұндай қатарларда белгі үздікті сипатта болады, бір санмен көрсетіледі.

интервалды (аралық)– мұндай қатарларда белгі аралықта орналасады, үзілмейді.


Варианта
Жыныс (х, v)

Жиілік
Саны, адам (f, p)

ер

12

әйел

18

Барлығы

30

Варианта
Жасы, жыл (х, v)

Жиілік
Студенттер саны, адам (f, p)

15

3

16

7

17

20

Барлығы

30

Варианта
Бір айдағы орташа айлық, рубль (х, v)

Жиілік
Жұмысшылар саны, адам (f, p)

10000-15000

16

15000-20000

44

20000-30000

40

Барлығы

100


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет