Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»



бет2/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

2. Сыртқы ресурстарбұл көмек субьектісінің, яғни талап етілген көмекті беруге қабілетті мекеменің қаржылық, ұйымдастырушылық, кадрлық мүмкіндіктері.
А.Әлеуметтік қамтамасыз етуді керек ететіндер үшін арналған қоғамдық тұтыну қорлары болып табылатын қаржылық ресурстаға әлеуметтік саясат, қоғамдық ұйымдар құралдары, жеке адамдар т.б. жүзеге асыруға бөлінген бюджет (федералды, федерация субьектісі, жергілікті) жатады.
Б. Әлеуметтік мекемелердің материалдық базасының жарақтандырылуы қажетті орындардың, транспорттың, арнайы құрал-жабдықтардың бар екендігін білдіреді.
В. Ұйымдастырушылық ресурстар – бұл халықтың түрлі категорияларына әлеуметтік көмектің мемлекеттік, конфессионалдық, қоғамдық бағдарламалары. Әлеуметік жұмыстың ұйымдастырушылық ресурстарына халыққа көмек берумен айналысатын қандай да болмасын ұйым шеңберіндегі іскери қатынас құрылымдарын жатқызуға болады.
Г. Кәсіби әлеуметтік жұмыстың кадрлық ресурстары – бұл жалақылары мемлекеттік және қоғамдық қорлар негізінен төленетін мамандардың мүмкіндіктері.
Әлеуметтік жұмыстың кадрлық ресурстары мамандардың кәсіби міндеттерді шешу компетенттілігі деңгейінде (кәсіби іс-әрекет тәжірибесі және қабілеттерінің даму деңгейі) көрінеді. Ресурстар ретінде ата-ана, достар, таныстар, көршілер ретіндегі формальдық емес көмек субьектілерінің тұлғалық ресурстары қарастырылады.
Әлеуметтік статусты ішкі ресурстардың қоғамдық бейнесі ретінде айтуға болады. Бір жағынан әлеуметтік статус қоғамның нақты адамға немесе қоғамдастыққа қатынасын көрсетеді, екінші жағынан – олардың сыртқы ресурстарын пайдалануға тікелей жол ашады.Адамның әлеуметтік статусының обьективтік көрсеткіштеріне жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мамандығы, мүліктік, қызметтік және құқықтық статусы және т.б. жатады. Неғұрлым кәсіби іс-әрекет сферасы престижді болса, соғұрлым адамның қоғамдағы орны жоғары. Сондықтан мемлекеттік шенеуіктер, ірі бизнес өкілдері, мәдениет пен өнердің көрнекті өкілдері т.б. қоғамда жоғары статусқа ие. Осылайша, әлеуметтік жұмыс ресурстарды пайдалану үрдісін басқару ретінде жеткіліксіз ішкі ресурстарды сақтауға, көбейтуге, орнын толтыруға бағытталады. Егер индивидтің, отбасының не қоғамдастықтың ішкі потенциалы қажеттіліктердің негізгі массивін жүзеге асыру үшін жеткілікті болса, әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет