Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»



бет5/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

Индивидуалды әлеуметтік жұмыс.Индивидуалды әлеуметтік жұмысқа байланысты бағыттар өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың принциптері мен негізгі жағдайлардың реті бойынша айрықшаланады. Психоаналитикалық бағыт әлеуметтік жұмыскерден клиентттің интрапсихикалық динамикасының анализін және ішкі тұлғалық копфликтілерді шешуде көмек көрсетуді талап етеді.
Психоәлеуметтік бағыт «тұлға — элеуметтік ортада» тәрізді кешенді проблемалы жағдаятты жан — жақты зерттеуге және әлеуметтік диагноздың әлеуметтік жұмыскердің көмек көрсетудегі тиімді әрекетінің шарты ретінде қойылуына табап тірейді. Функционалды багыттың өкілдері алдыңғы көзқарасқа қарсы шыға отырып, тұлғаға да, жағдаятқа да байланысты жан-жақты диагностика мүмкін емес деп есептейді. Сондықтан әлеуметтік жұмыскер клиентке өзінің сауалын әлеуметтік жұмыскер нақты әлеуметтік қызмет немесе агенттіктің өкілі ретінде орындайтын функциялармен ара қатынасын белгілеу үшін көмектесу керек. Проблеманың шешілуіне негізделген бағыт өзінің басты назарын клиенттің интеллектуалды күш жігерін оның проблемалы жағдайына байланысты нығайтуға және оны өмірдің күрделі жағдаяттарынан өз бетінше жол табуға үйретуге аударады. Бихевиористік бағыт өздерінің теориялық бағдарларына сәйкес өз назарын клиент мінез — құлығының дезадаптивті моделдеріне және олардың коррекциясына тұрақтандырады. Жоғарыда аталған бағыттар іс — әрекет принциптерінің сыртқы өзгешелігі, сонымен қатар диагностикалық және әдістемелік процедураларды қолдануда өзара бірін — бірі жоққа шығарушы болып табылмайды.
Бастапқы теориялық постулаттарына тәуелсіз олардың барлығы әлеуметтік жұмыскер мен клиенттің өзара әрекеттестігінде:
1) алғашқы коммуникацияның орнатылуын ( эмоционалды және
интеллектуалды байланыс );
2) проблемалы жағдаятты зерттеу мен талдауды;
3) бірлескен жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауды;
4) индивидтің әлеуметтік қоршаумен және / немесе өз — өзімен өзара
қарым — қатынасының түр өзгертуін ;
5) бірлескен жұмыстың нәтижесі мен дамуының бағасын шамалап
ұйғарады.Бұл бағыттар көмектің алуан түрлеріне бағытталған ,
мәселен, жоғары мамандандырылғац психо — педагогикалық көмек талап ететін жерлерде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет