Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»



бет4/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл қандай да бір әрекет және операциялар алгоритмі бар, белгілі әлеуметтік, экономикалық, психолог-педагогикалық және құқықтық механизмдерге негізделген әлеуметтік қорғаудың не көмектің жақын міндеттерінің жиынтығының шешілуінің идеалды моделі. Практикалық іс-әрекетте таза технологиялар жоқ. Ол әлеуметтік мекеменің ерекшеліктеріне, не ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің жиынтығына адаптациялана отырып, әдістемеге айналады.
Әлеуметтік жұмыстың әдістемесі технологиядан мынадай айырмашылықтары бар: бірінші – нақты міндетті шешуге бағынышты, ал екіншісі – шешім процесін нормалау үшін нақты міндеттер жиынтығына ие. Әрбір технологияның потенциалы шектеулі екендігіне күмән жоқ, әрбір технологияның шегі бар.
Практикалық іс-әрекет тәжірибесі – білім саласы ретінде әлеуметтік жұмыстың құрамды бөлігі. Оның ерекшелігі персонификация, яғни, тәжірибе белгілі мекемедегі нақты маманның кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасын білдіреді.

Дәріс 3. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің жіктелуі.


Әлеуметтік жұмыс көптеген шет мемлекеттерде функционалды мамандандырылған қызметтүрінде басталған. Бірақ 1940-1950 жылдары психологиялық және социологиялық теорияның қарқынды даму әсерінен әлеуметтік жұмыскерлердің әдістемелік мамандандарылуы біржолата қалыптасты (индивидуалды, топтык әлеуметтік жұмыс және қауымдастықпен жұмыс). Үш дәстүрлі әдістерді жақтаушылардың әрқайсысылары өз теорияларына сәйкес көмек көрсетудің өзіндік тәсілдері мен кәсіби шеберліктерін байланыстыруға мүмкіндік алды:
- «индивидуалды» жұмыскерлер тұлға және сананың әртүрлі теорияларына сүйенді;
-«топтық» — адамдардың өзара әрекеттестігін әлеуметтік -психологиялык түсуіне иек артты;
- ал қауымдастықты ұйымдастыру сферасындағы мамандар әлеуметтік концепцияларға сүйенді.
Нәтижесінде қайсыбір әдістемелік бағдарланудың өкілдері өзара сәйкестенуі қиын түсініктер мен категорияларды қолдана отырып, өздерінің іс — әрекетін координаттың түрлі жүйелерінде ұғына бастады. Әрине, осы үш әдісті бір-бірінен ажырату әлеуметтік жұмыскердің не істейтінімен емес, олар әрекеттесетін адамдар санымен байланысты. Басқаша айтқанда, іс -әрекетті емес, жұмыс түрін немесе қызмет бағытын сипаттайды. Осындай бөліну іс - әрекет бағыты мен мазмұнын толық ашпай, әлеуметтік жұмыскердің клиенттің проблемасының маңызын есепке алмай және соған сай шешімнің технологиясына өзара әрекеттестігін ерікті түрде шектейтіндігі үшін кәсіби бірлестік тарапынан осы уақытқа дейін сынға ұшырап келеді. Бірак интегративті моделді ізденіс тенденциясының жақындауына қарамастан, әлеуметтік жұмыстың индивидуалды әлеуметтік жұмыс, топпен әлеуметтік жұмыс және бірлестіктермен (қауыммен) әлеуметтік жұмыс деп бөлінуі қазіргі кезге дейін сақталуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет