Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Психосоциалды және «проблемалы бағыттанған» бағыттардың диагностикалық тереңдетілген жүмыстары олардың маңыздылығын айқындай түседі



бет6/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың негіздері

Психосоциалды және «проблемалы бағыттанған» бағыттардың диагностикалық тереңдетілген жүмыстары олардың маңыздылығын айқындай түседі.
Топпен әлеуметтік жұмыс топтың іс — әрекетінің басымды мақсаттарына байланысты ұйымдастырылады. Топ азаматтық жэне құқықтық мақсаттардың кең контекстегі жалпы мәнді жетістігіне бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы байланыстарының координаторы жэне ұйымдастырушысы ғана болып табылады. Топтың мақсаты оның мүшелерінің интенсивті және рефлексивті қарым -қатынас әсерінен жеке тәжірбиелері мен өзіндік сана аясының кеңеюі болуы мүмкін. Бұл жерде топ « қарым-қатынастың лабораториясы » ретінде көрінеді және әлеуметтік жұмыскердің іс -эрекеті топтық дискуссия немесе тренингті жүргізуші мен ұйымдастырушы ретінде топішілік өзара әрекеттестікте тұйықталып қалады. Ақырында, топ индивидтерді ұқсас кызығушылықтары мен ұмтылыстары бар адамдармен мәнді қатынасқа енгізудің шынайы тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар осы жағдайда элеуметтік маңызды мақсатқа жетудің құралы және индивидуалды өзіндік даму мен өзгерудің стимулы болып та көрінеді (топпен жұмыстың кешенді моделі). Әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы белсенділігі жағдайында да және оның мүшелерінің өзара әрекеттестігінде де делдал рөлінде болады.
Осылайша, топпен әлеуметтік жұмыс:
-топтық іс — әрекет тәжірбиесі мен ортақ маңызды мақсатқа жетуде топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділіктерін ұйымдастыру;
-интенсивті және рефлексивті қарым -қатынаста өзіндік сана мен индивидуалды тәжірбиенің аясының кеңеюі;
-топтың продуктивті,шығармашыл жэне дамушы іс-әрекетке ендеуі есебінен жүзеге асырылады.
Бірлестіктегі әлеуметтік жұмыс әлеуметтік жұмыскерлердің іс-әрекетке қатысуы арқылы ұйымдастырылады:
• адамдардың жергілікті, географиялық шектеулі бірлестігінің дамуы бойынша ешбір ортақ маңызды мәселелермен салыстырғанда жеке және топтық қатынастарды координациялау мен ынталандыру арқылы;
• әлеуметтік жоспарлау, әртүрлі мекемелердің әлеуметтік білім беру мәселесі бойынша әрекеттердің стратегияларын жасау және денсаулық сақтау мен қорғау бойынша;
Тұрғындардың осал топтарының негізгі азаматтық құқықтарының жүзеге асуына кедергі келтіретін қолданыстағы заң шығарушы және ұйымдастырушы тәжірбиенің өзгеруіне бағытталған қоғамдық компаниялар мен көпшілік әлеуметтік акцияларды ұйымдастыру бойынша;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет