Әлеуметтік көмек әлеуметтік қорғауға қарағанда тек тікелей оған қажеттілік кезінде (медициналық көмек, заңдық көмек, психологиялық көмек) болады.
Әлеуметтік қамтамасыз етуді әлеуметтік қызмет клиенттеріне ашық және жасырын материалдық қоғамдық ресурстарды беру арқылы түсіндіруге болады.
Ашық төлемдерге: зейнетақы – ай сайынғы мемлекеттік ақылай төлем. Ол жоғалтқан жұмыс ақысын компенсациялау түрінде азаматтарғаберіледі. Жәрдемақы -жұмыссыздық, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, отбасының ауру мүшесін қарау, ауру, карантин кезінде, көпбалалы және жалғыз басты аналарға, аз қамтамасыз етілген балаларға, шұғыл қызметтегі әскери адамдардың балаларына т.б. беріледі.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің жасырын түрі жеңілдіктер – халықтың нашар қорғалған категориясына қандай да қызмет көрсету түрін өтеуге жеңілдіктер жасау. Әлеуметтік қолдау категориясын нақтылауда көмектің субьекті және обьекті арасындағы өзара қатынастың интерактивтік жағына назар аударылады.
Әлеуметтік қолдау клиенттің өзі үшін маңызды өзіндік мінез-құлық сызығын құруға көмектесуге бағытталады.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Мақсат – іс-әрекеттен күтілетін нәтиже. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – қиын жағдайға түскен азаматтың алдындағы мемлекеттің, қоғамның парызы туралы құндылық ұғымдардың сәйкестендіру нәтижесі.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаттарын анықтау бірнеше қайшылықтарды шешумен байланысты.
1. Бірінші қайшылық өмірлік қиын жағдайды жеңудің обьективті түрде мүмкін болмауынан пайда болады. Мүгедектік, жетімдік, қауіпті ауруды (ЖҚТБ, онкологиялық аурулар т.б.) толық өзгерту практикалық түрде мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың мақсаты өмірлік жағдайды аз да болса жеңілдету.
2. Екінші қайшылық - әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жағдайында жақсы тұрмыстың қоғамдық нормалары мен индивидуалдықтың сәйкес келмеуі. Бұл жағдайлар адам басынан кешіретін күйзелістермен байланысты, олар қиын жағдаймен қоғамда қабылданға нормалар арқылы күреседі (қылмыстық құлық нормаларына тәуелді, адекватты емес адамдар).
3. Үшінші қайшылық – халықтың кейбір категорияларына медициналық қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік жұмыс, яғни, әлеуметтік жұмыс әлеуметтік практиканың басқа түрлеріне ауысады.