Бактериялар шар- немесе коккитəріздес, таяқшатəріздес жəне тармақталған пішінді
1) Коккитəріздес бактериялар – өлшемі 0,5-10 мкм шамасындағы шартəріздес
жасушалар. Егер шартəрізді бактериялар топта екі-екіден орналасса оларды диплококка
6
(пневмококк, менингококк), топта төрттен орналасса – тетракокка, топта сегізден орналасса
– сарцина, тізбектеліп орналасса - стрептококка, жүзім шоғы тəрізді орналасса –
стафилококка деп атайды.
Сурет 1. Бактериялардың негізгі формалары:
1-стафилококтар; 2 – стрептококтар; 3- сарциндер, 4- гонококтар; 5 - пневмококтар; 6
– пневмакок капсуласы; 7- дифтерия бактериясы; 8 – клострищалар; 9-бациллалар; 10-
вибриондар; 11-спиральдар; 12-трепонемдар.
2)
Таяқшатəріздес
бактериялар
өлшемдеріне,
жасушалардың
аяқталуына,
жасушалардың өзара орналасуына қарай ерекшеленеді. Жасушалардың ұзындығы 1,0 –ден
10 мкм-ге дейін болады. Олар бактерия, бацилла, клостридияларға жіктеледі. Бактериялар-
спора түзбейтін (ішек, дизентерия, туберкулез жəне т.б) таяқша тəріздес микробтар.
Бациллалардың споралары жасуша диаметрінен аспайды (сибирь жарасы бацилласы).
Клостридия споралары жасуша диаметрінен үлкенірек(батулизм, столбняк клостридиясы)
3)
Имек пішіндес бактерияларға – виброндар, спиральдар, спирохеттер жатады.
Вибриондар үтір белгісіне ұқсас имек таяқша(холера, су вибриондары). Спиралдар – бір
немесе бірнеше орамы бар спиралды бактериялар. Спирохеттер жіңішке, ұзынша, имек,
штопр тəрізді бактериялар (сифилис жəне тифтің қоздырғыштары).
Достарыңызбен бөлісу: