Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі


Ауыл шаруашылығындағы биотехнология



Pdf көрінісі
бет7/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Ауыл шаруашылығындағы биотехнология. Жемдік ақуызы. Жануарларды бордақылаған 

кезде  ақуыздық  қорек  (балық  ұны,  ет-сүйек  ұны,  соялар,  бұршақ)  қажет.  Біздің  елімізде 

мұның  бəрі  жеткіліксіз.  Мұнай  өндірісінің  қалдығы  -  сұйық  парафинде  өсірілетін  Candida 

maltosa  ашытқыларының  көмегімен  алынатын  жемдік  ақуыз  көп  қолданылады.  Сонымен 

қатар техникалық метанол, этанол жəне ағаш гидролизаты негізінде ақуыз алу технологиясы 

бар. 


Жемдік  аминоқышқылдар.  20  аминоқышқыл  арасында  адам  үшін  ауыстырылмайтын  8 

аминоқышқыл  бар.  Бұл  аминоқышқылдар  ағзада  синтезделмейді,  сырттан  қорек  арқылы 

келеді.  Лизин,  триптофан,  треонин  сияқты  аминоқышқылдар  ағзаларға  қажет.  Бұл 

аминоқышқылдар микроағзалардың арнайы штаммаларымен өндіріледі. 



Силостық  ашытқылар.  Шабылған  шөптің  сақталынуы  үшін  жəне  оның  қорек 

құндылығын  жоғарлату  үшін  силостарға  арнайы  ашытқылар  –  микроағзалар  қоспасын 

араластырады. 

Пробиотиктер.  Бұл  жануарлар  асқорту  трактісінің  пайдалы  микроағзалары.  Оларды 

кейбір  жағдайларда  жемге  тірі  биопрепарат  ретінде  қосады.  Бұл  бірсегментті  асқазаны  бар 

жануарлардың ауыр жемдерді қортуна септігін тигізеді. 

Бактериалды  тыңайтқыштар.  Ауадағы  азотты  пайдаланып,  оны  аммоний  жəне 

органикалық  қосылыстарға  айналдыра  алатын  микроағзалар  бар.  Бұндай  микроағзалармен 

симбиозды тіршілік ететін тұқымдарды өңдеу оң əсерлер береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет