Негізгі əдебиеттер 1[5-9, 27], 6,7,8
Қосымша əдебиеттер21[15-20]
Бақылау сұрақтары:
1. Фотосинтез жасушаның қай органоидының қатысымен жүреді?
2. Фотосинтезге қандай кішімолекулалы қосылыстар қатысады?
3. Фотосинтездегі энергетикалық процесстің сызбанұсқасын көрсетіңіз.
4. Қандай микроағзалар хемосинтездеуші болып табылады?
5. Хемосинтездеуші микроағзалардың энергия көздері болып не табылады?
6. Қандай микроағзалар гетеротрофты жəне автотрофты деп аталады?
Дəріс 4. Зат жəне энергия алмасу. Метаболизм туралы түсінік. Маңызды
энергетикалық процесстер. Аэробты жəне анаэробты тыныс алудың химизмі.
Зат жəне энергия алмасу. Зат алмасу немесе метаболизм дегенде биохимиялық жəне
физиологиялық процесстердің реттелген жүйесін, яғни ағзаға қоректік жəне басқада
заттардың түсуін, олардың жасуша ішінде сіңірілуі мен қорытылуын, сондай-ақ зат алмасуда
пайда болған өнімнің сыртқы ортаға шығарылуын түсінеміз. Зат алмасу барлық жасуша
құрылымының жаңару, өсу жəне даму процесстерін қамтамасыз етеді.
Зат алмасуда өзара байланысты, бірақ қарама-қарсы бағыттағы екі процесс –
анаболизм жəне катаболизм жүреді.
Анаболизм (ассимиляция) – бұл жай молекулалардан күрделі химиялық заттардың
түзілу процессі. Анаболизм процессі кезінде нуклеин қышқылдары, ақуыз жəне ағзадағы
макромолекулалы басқада заттар түзіледі. Бұған тағыда, құрылыс материалдары жəне
энергияның жасушаға түсуін қамтамасыз ететіндіктен, асқорыту кезіндегі қоректік
заттардың ыдырау реакциялары жатады. Анаболизм реакциялары АТФ немесе НАДН
түріндегі химиялық энергиялардың көмегімен өтеді.
Катаболизм (диссимиляция) - бұл ағза жасушасындағы күрделі заттардың жай
заттарға немесе кішімолекулалы соңғы ыдырау өніміне (СО, НəО, NH3) дейін бұзылуы жəне
соңғы өнімнің ағзадан сыртқы ортаға шығарылуы. Катаболизм процесі органикалық
заттардың күделі молекулаларында ұсталып тұрған еркін энергияларды бөлу арқылы жүреді.
Бұл энергияның бір бөлігі энергияның химиялық формасына (АТФ, НАДН) айналып, ағза
жасушаларында сақталады.
Анаболизм жəне катаболизм – қарама-қарсы бағыттағы, бір-біріне бағынышсыз өтетін
екі процесс. Бірақ олар өзара тығыз байланысты. Катаболизм процессі анаболизм процесіне
қажетті метаболит пен энергияны жеткізеді. Анаболизм реакциялары катаболизм
реакцияларының одан əрі жалғасуына қажет күрделі қоректік заттар мен энергияны
жинақтайды.
Қоректік заттардың ыдырауы жəне олардан еркін энергияның бөлінуі бірнеше сатыда
өтеді. Еркін энергия – бұл химиялық энергияның ағзадағы маңызды жұмыстарды атқаратын
бөлігі. Ол жоғарыэнергетикалық қосылыстардың химиялық байланыстарында, негізінен
АТФ молекулаларында жинақталады.
Жасушадағы энергетикалық алмасудың ортасында адениннуклеотидтер: АТФ пен
АДФ орын алады. АТФ - жасушадағы метаболизм жəне ағзаның көптеген басқада
қызметтерін атқаратын қажетті энергия көзі болып табылады, ал АДФ АТФ-ті синтездеу
үшін қажет.
Жоғарыэнергетикалық заттарға гидролиз кезінде 21 кДж/моль – ден жоғары еркін
энергия болетін химиялық байланысқа ие заттарды жатқызады. Фосфорорганикалық
қосылыстар жоғарыэнергетикалық заттар болып есептеледі. Олардың гидролиз кезінде
14
бөлінген еркін энергиясы фосфатты еркін энергиясы төмен екінші заттың молекуласына
тасымалдауға жұмсалады. АТФ-тің гидролиз реакциясы кезінде бөлінген еркін энергия 30-
32 кДж/моль шамасында болады. Жасушада АТФ молекуласының құрамында көбіне Mg +2
катионымен байланысқан теріс зарядталған фосфат топтары кездеседі жəне олар Mg +2
АТФ комплексті қосылыс түзеді.
АТФ өзінің энергетикалық қызметін судың қатысуымен молекуласының ыдырауы
кезінде іске асырады. Əдетте АТФ молекуласынан соңғы фосфат қалдығы үзіледі, яғни АДФ
пен ортофосфор қышқылы пайда болады.
АТФ + H2O→АТФаза→ АДФ +Н3PO4 ∆G = -30,4 кДж/моль
Cпецификалық фермент – аденазинтрифосфатаза (АТФаза) катализатор қызметін атқарып,
реакцияны жылдамдатады. АТФ гидролизі АМФ жəне пирофосфор қышқылын түзу арқылы
да жүреді.
АТФ + H
2
O → АМФ + Н
2
P
2
O
7
∆G = -32,2 кДж/моль
Өзінің жоғары энергетикалық фосфатын өзге заттарға жеңіл беретіндіктен АТФ ағза
жасушаларында жылдам жаратылады. 90%-ға дейінгі АТФ жасуша митохондрияларында
түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |