Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет50/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Азотты қоректік заттардың көзі. 

Көптеген микроағзалар неорганикалық азоттың көздерін: аммоний сульфатын, аммоний 

нитратын,карбамидті, аммиак суын утилизациялауға қабілетті. 

Көпшілік жағдайда ферментация процесі үшін ортаның құрамына аминоқышқылдардың 

жəне  ақуыздардың  бастамасы  болып  табылатын  органикалық  азот  көздері  қажет  болады. 

Шикізаттар  ретінде  əртүрлі  табиғи  өсімдіктер  жəне  жануарлар  болып  табылады.  Бұлардың 

ішінде көп тарағандарын қарастырайық. 

Жүгері  экстракты  –  құрғақ  зат  өнімі  48%-дан  төмен  болмайтын  жүгері  дəндерінің 

бұқтырмасының  құрамындағы  сұйықтықты  толық  бұландыру  жолымен  алынатын  крахмал- 

уыз  өндірісінің  қалдығы.  Бұқтыру  процесінде  жүгері  ақуызының  ферментативтік  гидролизі 

өтеді, нəтижесінде экстарттың азотты құрамының жартысынанан көбі – аминоқышқылдарға, 

полипептидтерге,  ақуыздарға  айналады.  Экстрат  –  күңгірт  түсті  қоймалжың  сұйықтық, 

құрамында  6-8%  жалпы  азот,  24%  күл  бар.  Күлдің  қүрамында  фосфор,  калий,  магний  бар, 

сондай-ақ фосфор фитин түрінде болады. Сонымен қатар В тобының витаминдері  (биотин) 

болады. Жүгері экстракты əртүрлі қоректік заттар көзі болатын жақсы қоспа. 



Соя ұны – соя дəндерін жəне майы алынған күнжарасын (жмых) ұнтақтау арқылы алады. 

Осыған  байланысты  соя  ұны  майлы,  майсыз,  майлылығы  төмен  болып  бөлінеді.  Сондай-ақ 

бумен  өңделген  (дезодорированная)  түріде  болады,  ол  бір  жыл  бойына  сақтауға  мұмкіндік 

береді. Бумен өңделмеген соя ұныныда ферменттер сақталады, олардың сақталу мерзімі 1-3 

ай.  Ұнның  құрамында  45%  протеин,  32%  көмірсулар  бар,  осыған  орай  оны  көмірсу  көзі 

ретінде  қолдануғада  болады.  Оның  күлінің  құрамына  калий,  кальций,  магний  жəне  көп 

мөлшерде  фосфор  кіреді.  Соя  ұны  жүгері  экстракты  сиқты  азот,  көміртегі,  фосфор 

негіздерінің  керемет  көзі.  Соялық  ортаның  кемшілігі  –  қатты  көбіктенуі  жəне  қатты  тұнба 

беруіне байланысты оны бөліп алудағы қиыншылықтар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет