ортаны айтады. Берілген объектіні физикалық (температура, сəулемен атқылау, фильтрация)
жəне химиялық құралдармен өңдеу кезінде стерильденеді. Нəтижесінде жасушалық
коллоидтық микроағзалар коагулиацияланады. Жасушалық массаның температурасы жəне
37
заттар микроағзалардың өліміне əкеп соғады. Оған хлор, йод, формалин жатады. Іс жүзінде
көбіне ыстықпен ылғалды жəне құрғақ стерильдеу, фильтрлі стерилдеу қолданылады.
Биотехникалық процестердің жүруіне қажетті газдарды стерилдеуге əзірлік. Көбіне
ауаны биотехнологиялық процестің жүруіне қажет ауаны даярлау шаң мен ылғалдылықтан
тазарту, қажетті температурада ұстау жəне ауадағы микроағзалардан тазарту болып
табылады.
Əр мəдени өсімдік морфологиялық, физиологиялық толық жазбасы бар төлқұжатқа ие.
Ол культивация жəне мəдени өсімдікті сақтау барысында қажет. Мəдени қасиетін сақтау
үшін, оны сəйкес жағдайларда сақтау қажет. Сақтау негізіне суыту, мұздату жəне кептіру
жатады.
Технологиялық процестің алдында дақылды зертханасында стерильді жағдайда ортаның
оптимальді құрамында жəне режимінде (рН, температура, уақыт) көбейтеді. Қиғаш агардың
бетінен дақылды стерильді 100-200 мл көлемді колбаға ауыстырып термостатта
инкубациялайды. Колба ішіндегі затты инокуляция уақыты 2-4 тəулік болатын таза дақыл
цехінің бірінші инокуляторы үшін егу материалы ретінде пайдаланады. Егу материалын
дайындаған кезде аппараттарда культивациялаудың оптимальды режимінің болуын
қадағалау керек. Басты ферментация үшін егу материалын пайдаланып отырған қорек
ортаның 5-20 % көлемі мөлшерінде дайындау керек.
Сурет 12. Биотехнология өндірісіндегі технологиялық
процестердің негізгі
сатыларының типтік сызбанұсқасы
Биокатализаторларды əзірлеу. Биотрансформация немесе биокатализ процестері үшін
алдын ала биокатализаторды – бос немесе тасымалдағышқа бекітілген фермент немесе
алдын ала ферментативті белсеңділік пайда болғанға дейін өсірілген микроағзалардың
биомассасын даярлау керек.
Шикізатты алдын ала өңдеу. Биотехнологиялық процеске жарамсыз күйде келген
шикізатты алдын ала өңдейді. Мысалы спиртті алғанда бидайды алдын ала ұнтақтайды,
38
содан кейін ферментативті процеске «тəттілеуге» кіріседі, содан соң қантталған суслоны
биотехнологиялық сатыда ферментация жолымен спиртке айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: