Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет51/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Фосфорлы қоректік көздер. Органикалық азоты бар заттар (жүгері экстракты, соя ұны) 

фосфордыңда  көздері  болып  есептеледі.  Неорганикалық  көздердің  құрамында  да  азот  бар. 

Бұл - аммофос (моно-, ди- жəне триаммонийфосфат). 



36 

 

Макро  жəне  микроэлементтер.  Негізінен  неорганикалық  тұздар:  калий  корбанаты, 

калий сульфаты, калий хлориді, магний сульфаты, марганец сульфаты, темір сульфаты, мыс 

сульфаты, кобальт сульфаты, мырыш купаросы қолданылады. 



Арнайы  ферментация  процестері  үшін  шикізатты  таңдау.  Таңдау  кезінде  ортаға 

эксперимент ретінде қолданылатын қоректік көздердің тиімділігі ескеріледі. Ортаны таңдау 

қазіргі  кезге  дейін  тек  ғылым  ғана  емес,  сонымен  қатар  өнерде.  Сондай-ақ  шикізатты 

таңдауда оның бағасыда қаралады. 

Ортаны  таңдауда  бірінші  кезекте  микроағзалардың  биомассасының    химиялық 

құрамына  жəне  жасушадан  тыс  өнімнің  химиялық  құрамына  көңіл  бөлу  керек.  Дегенмен 

əртүрлі  микроағзалардың  биомассасы  құрамы  жағынан  айтарлықтай  өзгешелік  болмайды. 

Субстарттардың  элементтік  құрамыда  өте  жақын.  Тек  кейбір  жағдайларда  ғана  жасуша 

құрамында  сезінерліктей  мөлшерде  экзотикалық  элементтер  (кобальт  жəне  күміс)  болуы 

мүмкін.  Орта  компоненттерін  сəтті  таңдау  көбіне  не  кездейсоқтық,  не  интуиция.  Бірінші 

кезекте,  əрине,  берілген  микроағза  өніп-өскен  орта  компоненттері  немесе  оның  жақын 

аналогтары  алынады.  Ортаның  негізгі  компоненттері  –  көміртегі,  азот,  фосфор,  кұкірт, 

микроэлементтердің  көздері  жəне  биомассаның  бастапқы  өсуіне  қажет  витаминдер.  Бұл 

жерде олардың аралық қатынасын ескеру қажет. 

Осы  аралық  қатынасты  орта  құрамын  оптимизациялауда  тереңірек  қарастыру  керек. 

Орта  рецептурасы  өндірістік  штаммаларда  үлкен  құпия  болып  есептеледі  жəне  көптеген 

микробиологтар осы мəселе бойынша жұмыс істеуде. 

Егер  орта  құрамының  бір  ғана  компоненті  толық  зерттелмеген  жағдайда,  оның 

концентрациясын  өзгерте  отырып  бірқатар  тəжірибелер  жүргізу  арқылы  мағлұмат  алуға 

болады. Əртүрлі концентрацияда процестің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы құралсыз 

көзбенде жақсы байқалады. Сенімдірек болу үшін теңдеулерді қолдануғада болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет