Биотехнологиялық саты. Биотехнологиялық сатының негізгі мəселесі белгілі
органикалық затты алу. Бірақ биотехнолгиялық саты тек қана органикалық заттардың
синтезінен ғана емес, басқа да биотехнологиялық процестерден тұрады.
Ферментация. Ол көбіне үлкен көлемді ферментаторларда жүреді. Аппаратты ортамен
толтыру алдында оның герметикалық күйін тексеріп ыстық бумен стерилиздейді. Осыдан
кейін оны суытылған стерильді қорек ортамен толтырады. Ферментатордағы ортаның
мөлшері жалпы көлемнің 70%-нан аспау керек. Ферментация кезінде ортаның
температурасы мен рН-ы автоматты түрде реттеледі. Белсеңді заттарды периодты
ферментация тəсілімен алған кезде екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде қорек ортаның
компоненті энергия алу жəне құрылымдылық алмасу үшін пайдаланылады. Екінші кезеңде
қажет метаболизмнің интенсивті синтезі жүреді, клеткалардың ескіруі байқалады..
Ферментацияны қажет өнімнің максимал мөлшері жиналған кезде тоқтатады.
Ферментацияның соңын микробиологиялық жолмен де продуцент клеткаларының
морфологиялық өзгерістерінен де айқындауға болады.
Биотрансформация – микроағза жасушаларының ферментативті белсенділігініңнемесе
дайын ферменттердің əсерінен заттың химиялық құрылымының өзгеру процесі. Бұл
процесте қалыпты жағдайда микроағзалардың жасушалары жинақталмайды да заттың
химиялық құрылымы аса өзгермейді. Зат негізінде дайын болған кезінде биотрансформация
оның химиялық модификациясын жасайды: радикалдарды, гидроксилді иондарды қосады
немесе алады.
Биокатализ – биокатализатор-ферменттердің қатысымен заттардың химиялық
өзгерістерге ұшырауы.
Биоқышқылдану - аэробты жағдайдағы микроағзалар немесе микроағзалар
ассоциациясы көмегімен ластаушы заттарды қолдану.
Биосорбция – арнайы қатты тасымалдағышқа бекітілген микроағзалармен газдардағы
немесе сұйықтардағы зиян заттарды жұту.
Бактериалды сілтілеу – суда ерімейтін металл қосындыларын арнайы микроағзалар
əсерімен еріген күйге айналдыру процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |