Сұйықтық пен биомассаны ажырату. Қажетті өнім көп жағдайда биомассаның өзінде
немесе сұйықта болады. Екі жағдайда да алдымен осы екі фазаны айыру керек.
Тұндыру – гравитациялық күштердің əсерімен бөлу.
Фильтрация – биомасса өтпей тұрып қалатын фильтрлеу материалынан суспензияны
өткізу.
Сепарация, центрифугалау – ортаға тартатын күштердің əсерімен бөлу. Жемдік
биомасса өндірісінде ашытқы немесе бактерияларды бөлу кезінде жиі қолданылады.
Коагуляция – үлкен жасушалы агломераттардың пайда болуы жəне тұнуына көмегін
тигізетін реагенттерді суспензияға қосу жəне олардың тұндыру арқылы сұйықтан бөліп алу.
Достарыңызбен бөлісу: |