Жылу арқылы кептіру күннің кез келген уақытында әрі жылдың кез келген мезгілінде пайдаланылатын әдіс. Стационарлық кептіргіштер арнайы ірі кептіру орталықтарында, жабық бөлмелерде орналасқан, әрі екі бөлімнен тұрады – кептіру камерасы және жеке котелдық қондырғыдан.

Кептіру камерасы кептіргіш төсеніштері мен рамалардан, жылыту түтіктері жүйесінен және жылуды ішке және сыртқа тартып тұратын желдеткіштен тұрады. Түтіктерден ыстық су, бу жылжып отырады. Осыған байланысты бу қазандықтарында төмен қысымда жұмыс жасайтын су және бу қазандары немесе пештер қондырылады.
Жылжымалы кептіргіштердің құрылысы әртүрлі болады. Сөлді жиделерді кептіруге жиде-жеміс кептіргіштерін қолдану дұрыс. Жеке шикізаттар мен әртүрлі шикізат үшін жылу температурасының көрсеткіші әр түрлі болуы керек. Ол көрсеткіштерді тәжірибе жасау арқылы анықтайды.
Шикізатты стандартқа сәйкес келтіру
Кептіргеннен кейін шикізатты стандартты күйге, яғни оны стандарттар талабына (МСТ, АНҚ, УАНҚ) толық жауап бере алатындай жағдайға келтіреді. Осы операцияның жүру барысында бір мезгілде массасы жөнінен әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біртекті партиясын құрады.
Дәрілік өсімдік шикізатын дұрыс жинамаудан және кептіру барысында пайда болған түрлі қоспалардан тазартып, дефектілерді болдырмау үшін түрлі сорттау жұмыстарын жүргізеді:
1) Шикізатты басқа өсімдіктердің бөліктерінен тазарту;
4) Шикізатты жат органикалық және минералды қоспалардан тазарту.
Әдетте шикізатты стандартты күйге келтіру жұмысында барлық операцияны бір мезгілде жасайды. Бұл үшін ауысып отыратын елеуіштермен жұмыс істейтін механикаландырылған ірі құм өткізгіш машиналарды пайдаланады. Шикізатты вибрация күшімен ары бері қозғалтып отыратын қиғаш орналасқан елеуіш – өткізгіштің елеуі кезінде топырақ пен өте ұсақ бөлшектерелеуіштен өтіп отырады. Бұл кезде ірі қоспалар мен дефектілерді қолмен алып тастап отырады, қозғалып тұрған жұқа қабатта олар көзге жақсы көрінеді. Жалпы сорттайтын машиналардың қатарына құрылысы әртүрлі тұқымды шикізаттарды суырып сорттайтын машиналарды қолданады. Жеңіл қоспалар (ұсақ жемістер, тұқымдар, жапырақтар мен бұталар) қатты айналатын вентилятордың қанаттарынан пайда болған ауадағы желмен бірге ұшып тазарады. Қалған қоспалар машиналарға ауыстырылып қойылып отыратын өлшемдері әртүрлі елеуіштердің көмегімен біртіндеп тазарады.