Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау - олардың бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда өнімді орналастыру (қоймаға жинау).
Қараңғы жерде сақтау - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарықтан қорғалған жерде сақтау;
Құрғақ жерде сақтау - салыстырмалы ауа ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау.
Термоконтейнер - жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауға арналған , жылу оқшаулағыш қасиеттері және тығыз жанасатын қақпағы бар контейнер (жәшік немесе сөмке), мұнда оңтайлы температуралық режим (+2оС-тан +8оС-қа дейін) оның қуысына орналасқан мұздатылған Тоңазытқыш элементтердің көмегімен қамтамасыз етіледі.
Тоңазытқыш бөлме (камера) - қажетті температуралық режимді 0оС-тан жоғары ұстауды қамтамасыз ететін тоңазытқыш жабдығымен жарақталған арнайы тұмшаланған камера.
Тоңазытқыш бөлме (камера) - қажетті температуралық режимді 0оС-тан жоғары ұстауды қамтамасыз ететін тоңазытқыш жабдығымен жарақталған арнайы тұмшаланған камера.
Тоңазытқыш элемент (бұдан әрі - хладоэлемент) - пайдалану алдында қатып қалатын және контейнердегі температураны +2оС-тан +8оС-қа дейінгі шекте ұстап тұру үшін қызмет ететін, сумен толтыруға арналған герметикалық жабылатын тығыны бар тік бұрышты нысандағы пластикалық немесе металл ыдыс;