Дайын дәрілік түрлерді өндірудің артықшылықтары:
1)дәріханадан дәрілерді жіберуді жылдамдатады, бұл әсіресе, әртүрлі эпидемиялар шыққан кезде өте маңызды;
2)дәрінің сапасын көтереді, өйткені, өндіріс жағдайында дәрі дайындауда оның сапасын технологиялық процестің әр сатысында тексеріп отырады;
3)дәрі дәрмектерді дәріханаларда жеткізу олардың жинақты болуына байланысты, жеңілденеді;
4)дәрінің өзіндік бағасы төмендейді;
5)дәрі түрлерінің ассортиментін кеңейту, бұл олардың ішінен ең тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді;
6)дәрілік заттардың тиімді әсерін қамтамсыз етеді;
7)дәрілік құралдардың сапасы жоғарылайды, олардың қолданылу мерзімі ұзарады, сақтау және тасымалдау жағдайлары жақсарады;
8)алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіледі және технологиялық процестерді бақылау сапасы жоғарылайды;
9)технологиялық процестердің комплексті механизациясы мен автоматизациялануы .
іздің мемлекетіміздің дәрі- дәрмектерге деген сұранысы жылына 300 млн. Доллар бола тұра, қолда бар қуаттар тек 3%-ын ғана қамтамасыз етті. Қалғандары таяу (55%) және алыс (42%) шетелдерден импортталды. Сөйтіп денсаулық сақтау ісі шетелден дайын препараттар сатып алу үшін валюта қаражатының болуына 97% тәуелді болды
Қазіргі кезде отандық фармацевтік өнеркәсіптерде дәрілік құралдардың 6%- ға жуық бөлігі шығарылады, оның ішінде фармацевтік өнім 18 млн долларды, ал медициналық бұйымдар 9 млн долларды құрайды
Болашақта Қазақтан Республикасы ірі фармацевтикалық кәсіпорындар салады деп ойлаймын. Ол үшін қазіргі таңда 2050 бағдарламасы бойынша бірнеше кәсіпорындар Шымкент, Алматы қалаларында салуды жоспарлап отыр. Біздер технолог ретінде сол кәсіпорындардың дамуына үлес қосамыз деген сенімдемін. Дәрілер өндірісінің болашағы зор және айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |