ДДТ ірі көлемде шығару жағдайлары.
Дайын дәрі дәрмектер химиялық фармацевтік зауыттарда, бірлестіктерде, фармацевтік кіші өндірістерде жасалып шығарылады.
Қазіргі уақытта республикамызда дәрілік құралдар өндіру нан астам мамандандырылған өндіріс орындарында ұйымдастырылған.Дайын дәрі дәрмек дәріхана рецептурасының 80% — дан астам бөлігін құрайды. Кейбір дамыған елдерде бұл сан 95% — ға дейін көтерілген.
Өндірістік дәрежеде дайын дәрілерді жаппай шығару үшін міндетті алдын- ала шарттар керек. Мұндай шарттар болып:
1) осы дәріні жаппай қолдану, яғни, өндірістің тиімділігін қамтамасыз ететін осы өнімге деген жоғарғы сұраныс;
2)дайындалған өнімнің жеткілікті сақталуы, яғни, қолдану мерзімінің ұзақтығы. Себебі, аяққы өнім тұтынушыға белгілі уақыт аралығы өткен соң жетеді. Шикізат пен қосымша материалдар өндіріске бірден келіп түспейді. Сонымен қатар, дайын өнім қоймаларында дәрілерге сұранысты үздіксіз қамтамсыз етіп отыру үшін олардың жетклікті қоры болуы керек. Сақтау кезінде препарат өзінің терапевтік әсерін төмендетпеуі немесе жоғалтпауы керек. Дәрілік препараттардың қолданылу мерзімін ұзарту үшін зауыттық жағдайда әртүрлі технологиялық операциялар қолданылады: тұрақтандыру, лиофилизация, қорғаушы қабықшалармен қаптау, концервация, орауыштардың арнайы түрлерін қолдану және т.б.
3)дәрілік құралды сенімді стандарттау мүмкіндігі. Бір текті өнім шығару үшін бастапқы шикізат пен аяққы өнім стандартты болу керек. Олар нормативті теникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Зауыттық жағдайда стандарттау дәрілік құрал өндірісінің әр сатысында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |