Дәрілік заттардың сапасын реттемелеуші мемлекеттік заңдар мен ережелер



бет18/35
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#12753
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
регламенттеуші құжаттар

GMP стандарты (Өндірістің тиісті тәжірибесі/ Надлежащая производственная практика) – жоғары сапалы және қауіпсіз өнім шығарылуын қамтамасыз ету үшін өндіріске қатысты нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар жүйесі. GMP стандарты толық бастаманы бейнелейді, өндіріс параметрлерін және зертханалық тексерісті реттейді, әрі бағалайды.

GMP («Good Manufacturing Practice»)

GMP стандарттарын енгізуге дайындық 2007 жылдан басталды. Ең алғашқы қадам ретінде 2011 жылы мекемеде ИСО 9001:2009 стандарттары – Дәрілік заттар жасау, өндіру мен айналымға шығару саласындағы сапа менеджмент жүйесі енгізілді. 2014 жылы компания ҚР Денсаулықсақтау мен әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің инспекциясынан сәтті өтіп, ҚР СТ 1617-2006 «Дәрілік заттар өндірісі. Тиісті өндірістік тәжірибе. Негізгі ережелер» GMP мемлекеттік ұлттық стандарттарына сәйкестік туралы қорытынды алды.

GMP талаптарына сәйкестік сертификациясына дайындық үлкен, әрі күрделі жұмыстарды талап етті. Өндірістік орындар GMP стандарттарының талаптарын ескеріп жобаланып құрылды, қазіргі заманғы қондырғылар квалификациядан өтті, өндіріс үрдісінің валидациясы жүргізілді, ішкі нормативті құжат жасалды, ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы ойластырылды.

Жоғары квалификацияланған персонал маңызды рөл атқарды. Үнемі ішкі және сыртқы оқыту арқылы компания қызметкерлері шығарылатын өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз ету үшін GMP енгізілуіне үлкен жауапкершілікпен қарады.

Орындалған жұмыстың нәтижесі ретінде күшіне ие жүйенің тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сәйкес тиімді және нәтижелі қызмет етуі саналды. Компанияның жақын арадағы жоспарында – ЕАЭС елдерінің нарығына шығу, өндірістің толық циклын жүзеге асыру. Бұл мақсаттарға жету үшін 2015 жылдан бастап өзінің өсімдік шикізатын өсіру бойынша плантацияны арттыру көзделді. Мәдени өсіру мен жинаудың тиісті тәжірибесінің негізгі ұстанымдары (GACP): мәдени өсіру, жинау, кептіру, ұсақтау, өсімдік материалының жоғары сапасын және биологиялық белсенді заттардың тұрақты құрамын қамтамасыз етуде маңыздысы – дәрілік шикізатты сақтау енгізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет