Антибиотиктерді өз еркімен жиі пайдалану ағзаның микробтарға қарсы препараттарға төзімділігін (резистенттілігін) арттырып, антибактериалды дәрілік заттардың инфекциялық ауруларға қарсы тиімсіз болу
Антибиотиктерді өз еркімен жиі пайдалану ағзаның микробтарға қарсы препараттарға төзімділігін (резистенттілігін) арттырып, антибактериалды дәрілік заттардың инфекциялық ауруларға қарсы тиімсіз болуына әкеліп соғады.
Дәрігер антибиотиктерді қолданғанда оның сапасына да ерекше мән беру керектігін айтады. Оның ішінде түпнұсқа дәрілерді пайдаланған жөн. Алайда, қазір дженериктер өтімді болып тұр. Ал дженерик дегеніміз — патенттік мерзімі аяқталған дәрілердің өндірісі. Мәселен, дәрі жасап шығарушы жаңа дәрі ойлап тапқанда, оны алдағы жиырма жыл ішінде өндіріп, сатуға тыйым салатын патентті иеленеді. Сөйтіп, түпнұсқа дәрілерді шығарады. Ал жиырма жылдан соң патент мерзімі аяқталып, дәріні шығаруға басқалар да мүмкіндік алады. Сөйтіп, дәрінің формуласы өзгереді. Технологияны жетілдіруге көп шығын жұмсалмайтындықтан, әлгі дәрі дәл сондай сапамен шықпауы ықтимал. Бірақ дженериктердің бағасы сәл арзан. Түпнұсқа дәрілерді Ұлыбритания, Швейцария, Голландия елдері шығарса, дженериктерді өндіруде Қытай мен Үндістан алда келеді.