Синтетикалық дәрілік заттардың жіктелуі, номенклатурасы және ізденістерінің негізгі бағыттары.
Синтетикалық дәрілік заттар – синтетикалық органикалық химияның ең маңызды жетістіктерінің бірі. Бұл препараттар XIX ғасырда пайда бола бастады.
1853 ж. – аспирин;
1887 ж. – фенацетин (анальгетик);
1896 ж. – пирамидон
Синтетикалық дәрілік заттардың жіктелуі
Алифатты қатардағы синтетикалық органикалық қосылыстар
Алифаттық қатардағы дәрілік қосылыстар - көміртек атомдары ашық тармақталмаған немесе тармақталған тізбектерде өзара байланысқан көмірсутектер және олардың туындылары:
Хлороформ
Йодоформ
Этилхлорид
Диэтил эфирі
Хлоралгидрат
Уротропин
Бромурал
Ароматты қатардағы синтетикалық органикалық қосылыстар-— молекуласы 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар.
Ароматты қатардағы дәрілік заттарға келесі препараттарды жатқызуға болады: салицил қышқылы, аспирин, салол, параминосалицил қышқылы, ванилин, фтивазид, фенацетин және т.б.
Сульфаниламидтер- Молекуласында сульфотобы бар ароматты көмірсутектердің туындыларын ароматты сульфоқышқылдар дейді. Сульфаниламидтер микробқа қарсы агенттер. Бұл заттардың көпшілігі ХХ ғасырдың ортасынан бастап бактерияға қарсы препараттар ретінде қолданыла бастады. Қарапайым өкілі - пара-аминобензолсульфамид (ақ стрептоцид). Негізгі дәрілік препараттары: ақ стрептоцид, сульгин, норсульфазол, этазол, фталазол, сульфадиземин, бутамид және т.б.
4. Гетероциклді қосылыстар
Гетероциклді қосылыстар – сақиналы молекулалар, сақина құрамында көміртек атомынан өзге бір немесе бірнеше гетероатомы бар органикалық қосылыстар
Гетероциклді қосылыстардың класын бес және алтымүшелі гетероцилді қосылыстар құрайды. Туындылары: пиразол, пирамидон, анальгин, хинолин, хинозол, фуран, барбитур қышқылы және т.б