Оқу процесінде білім, іскерлік, дағдының өзара байланысы оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкаіндік туғызады.
Оқыту екі жақты процесс, ол мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу – оқушылар іс-әрекеттерінің яғни обьективті әлемді танудың ерекше формасы.

Оқытудың тәрбиелік функциясы – ғылыми теориялар мен ережелер оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айнала отырып, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады, баланы өмірге, білім алуға тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы – оқушылардың таным іс-әрекеттерін дамыту, олардың ой-өрісін дамытып, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.