Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері


Болатты электрпешінде алу өндірісі



бет15/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#82917
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Болатты электрпешінде алу өндірісі.
Электрболатқорыту процесі конвертерлі және мартенді әдістерге қарағанда толық жетілген, сондықтан оны басқаларға қарағанда көбірек қолданады. Бұл сапалы және жоғары легірленген болаттарды, іс жүзінде балқыған болаттың шексіз сортименттерін алу, металды қыздыру үшін электр энергиясын қолдану мүмкіндіктерімен анықталады.



Доғалы электрпешінің корпусы (3.3,а-сурет) каптамадан 5 (кор-пустың бір бөлігі жұмыстық тере-зе табалдырығынан 3 жоғары), түбі 2 және сыртқа шығару бөлігінен 10 тұрады. Корпус ішкі қапталмасымен сыртқы болатты қабаттан тұрады (негізгі және оттекті). Пеш корпусында екі тесік бар: жұмыстық терезе 3 – балқыту жолын басқаратын, ферроқорытпаны тиейтін, сынама алу және қожды алып тастау үшін, сондай-ақ дайын болатты және қожды шығару үшін ағынөзек.

а - тік қыздыру; б - жанамалы қыздыру
3.3 – сурет. Доғалы электрпешінің сұлбасы




Жұмыстық терезе жапқышпен 4 жабылады. Жұмыстық терезеге қарай пештің еңкеюі (10...15°) немесе төгін науасы (40...45°) гидравликалық жетегімен 1 арнайы механизм 11 көмегімен жүзеге асады. Ажырату тоғыспасы 6 шегеннің ең аз ұзақ уақыттылығымен сипатталады. Соңғы жылдары доғалы пештер бұрылмалы тоғыспасымен шығады (ДСП сериясы). Тоғыспада 300...600 мм диаметрімен үш графитті электроды өткізілетін тесік бар. ДСП электрпештерінде электр тогы (кернеуі 115...600 В және күші 10...50 кА) электрод ұстағыштармен 8 және майсқақ кабельмен 9 жеткізіледі. Пештің сыйымдылыПештің сыйымдылығы 0,5... 200 е құрайды.
Электрпештерінде болат қорыту үшін мынадай шихталық материалдар қолданылады: металдық бөлік, қож түзгіштер, тотықтырғыштар, қосымша материалдар (тотықсыздандырғыш және легірлеуші) және көміртексіздендіргіш компоненттер. Металл шихтаның көп бөлігін металдық қалдық құрайды. Соңғы жылдары металл шихтаның құрамына металданған шекемтастар және ірі темір қосылады, бұл одан жоғары сапалы болат алуға мүмкіндік береді.
Өндірісте электрдоғалы пештерде балқытудың екі негізгі технологиясы бар: көміртекті немесе жаңа қож (қоспалардың тотығуымен) және легірленген болат қалдықтарынан шихта негізінде (қайта балқыту әдісі). Көміртекті шихтаның құрамына болат ломы (~ 90 %), қабықты өңделетін шойын (<10 %), темір кені, агломерат немесе отқабыршық (1,0...1,5 %), металды және әктасты көміртексіздендіру үшін электродты бой немесе кокс (2...3 %) кіреді.
Болат өндірісінің бөлек тәсілдерін салыстыру жылдық металдың шығарылуы электрпештерде 92...93%, қосақталған үрлеуімен конвертерлерде 91...92%, жоғарыдан үрлеуімен кәдімгі конвертерлер мен мартен пештерінде 90 %, екі астаулы пештер мен оттегі үрмеуімен мартен пештерінде 87...88% құрайтыны көрсетілген.
Болаттың химиялық құрамының аз өзгеру шегі, қорытпаның ірі және шағын құрылымын реттеу, металдың беріктік және созымдылық қасиеттерін жоғарылату, қақталма өлшемдерінің шақтама қатаңдығы – бұл іс-әрекетттер болаттың өзгеріссіз өндірісінде машина жасау өнімдерін алуды жоғарылатуды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет