Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет16/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#82917
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Бақылау сұрақтары
1. Шойынды балқыту кезінде қандай рудалар қолданылады?
2. Байыту деген не?
3. Агломерация деген не?
4. Шойын қандай пештерде қорытылады?
5. Шойынды болатқа айналдырудың мәні неде?
6. Болаттың тотығуы деген не?
7. Болатты балқыту процесі қалай жүреді?
8. Оттекті конвертер құрылысы туралы айтыңыз?
9. Болатты негізгі мартен пешінде скрап-кен процесімен балқыту неден тұрады?
10. Электрдоғалық пештерде болат қорытуда қандай негізгі технология қолданылады?
Дәріс №7. Құю өндірісі. Құйманы алу технологиясы. Құйманың түрлері. Металдар мен қорытпалардың құю қасиеттері.

Құю өндірісі қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын арнаулы қалыптарға құю құймалар алынады. Құйма жасау үшін балқытылған металл, ішкі кеңістігінің түрі жасалынатын бұйымның сыртқы түріне сәйкес етіп жасалған қалыпқа құйылады. Металл қалыпта тұрып суынғаннан кейін түрі қалыптың ішкі кеңістігіне ұқсас құймаға айналады. Құю өндірісінің негізгі технологиялық операциялары үлгі жабдықтары мен құю қалыптарын жасау, металл балқытау, қалыпқа балқытылған металды құю, құйманы қалыптан ажырату, тазарту, кесуден тұрады. Құю өндірісі б.э. 5000 жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде құю өндірісінің өнімдері еліміздің халық шаруашылығының барлық тауарларында қолданылады. Өйткені құю арлықы детальдар жасау арзан, кейде деталь жасаудың бірден-бір жолы болып табылады. Машина детальдарының 40%-і құю әдісімен жасалды, ал кейбір машиналар үшін бұл көрсеткіш артады, яғнаи 80-90%-ке дейін барады.


Мысалы, су трубинасы детальдарының 95%-і универсал фрезер станоктары детальдарының 80%-і құю әдісімен жасалады. Құю әдісімен салмағы бірнеше граммнан жүздеген тоннаға дейін жететін әр түрі құймалар жасауға болады. Құйма өндірудің көлемі жағынан еліміз АҚШ-ты басып озып, дүние жүзі бойынша бірінші орынға шықты. Ерте заманда орыс халқынан көптеген құю өндірісінің шеберлері шығып, дүние жүзіп өз өнерлерімен таңқалдырған.
Құю өндірісінің мәні
Машина жасау өндірісінің металдар мен түрлі қорытпаларды балқытып, ішкі қуысы қажетті пішінді балқымалы құю арқылы әр түрлі бұйымдар мен дайындамаларды жасау саласын құю өндірісі деп атайды.
Қалыпқа құйылғаннан кейін қорытпа қатайып құймаға айналады /құйылған дайындама/. Өндірілген дайындама кесіп өңдеуден өткеннен кейін мөлшері мен беттерінің кедір-бұдырлығы қажетті түрде қамтамасыз етіліп машинаның бөлшегіне айналды. Машиналардың және жабдықтардың 50%, метал кесу станоктарының 80%, тоқыма машиналардың 72%, трактордың 55%, бөлшектері мен детальдар құйып жасалады.
Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі пішінді бұймдар мен детальдарды жасауға болады. Ол бұйымдар мен детальдардың салмақтары бірнеше грамнан жүздеген тоннаға мөлшерлі бірнеше сантиметрден 20 метрге, қалыңдығы 0,5 милиметрден 500 милиметрге дейін жетеді.





5.1-сурет. Құйма моделі (б), тұрық жәшігі (в), шойын төлкесіндегі құйма (г)



а - төменгі жақтау қалыбы; б – жоғарғы жақтау қалыбы, в – тұрықты орналастыру; г – дайын қалып
5.2-сурет. Ажырамалы модель бойынша құйма қалып дайындау сұлбасы

Құю өндірісі адамзатқа ерте заманнан бері белгілі. Металдар б.з.б. 4 ғасырда Египетте, Азияда, Үнді елдерінде әр түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар мен құрал-саймандар жасау үшін қажет болды. Олар алдымен қоладан, кейінірек шойыннан жасала бастады.


Қазақстанның территориясын мекендеген халықтар құю кәсібін жақсы меңгермен. Мысалы, ХІІІ ғасырда осы күнгі Түркістан қаласындағыАхмет-Ясауи сәулет ғимаратындағы "Тай қазанды" онан 25 шақырым жердегі Қарнақ деген мекенде Тебриздік шебер Әбд-л-Азиз ибн Шрафуддин құйып жасаған. Қазан ерекше өрнектермен безендірілген.
Орыс ғалымдары П.П. Аносовтың, Д.К. Черновтың, А.С. лавровтың, Н.Н. Рубцовтың және Г.Ф. Баландиннің терең еңбектері құю өндірісінің өзіндік ғылыми сала болып қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Құю өндірісі келесі процестерден тұрады:

  1. Өндірілген бұйымның немесе дайындаманың үлгісін жасау;

  2. Қалып және өзекшелер жасалатын қоспалар дайындау ;

  3. Өзекшелер жасау;

  4. Өндірілетін бұйымның не детальдың үлгісі бойынша қалып жасау;

  5. Қорытпаны балқыту;

  6. Қалыпқа балқыма құю;

  7. Құйманы қатайғаннан кейін қалыптан шығарып алу;

  8. Құйманы тазарту;

  9. Қажет болған жағдайда құйманы термиялық өңдеулерден өткізу;

  10. Сапасын анықтаумен қатар ақауы бар құймаларды жөндеу.

Қалып пайдалануына байланысты бір рет, бірнеше немесе көп рет /тұрақты/ құйма құйылатын болып жасалады. Бір рет құйылатын қалып құм мен балшықтың, сұық шынының, байланыстырушы заттардың т.б. қоспаларынан жасалады. Бірнеше көп рет құйма құюға арналған қалыптар төзімді материалдарден немесе металл қорытпаларынан жасалады.
Қалыпты жасау әдістеріне байланысты құю жолдары мынандай болып бөлінеді:

  1. Бір рет қолданып құм-балшықтан жасалған қалыпқа құю;

  2. Центрден/орталықтан/ тепкіш машиналар арқылы қалыпқа құю;

  3. Кокильді құю /металл қалыпқа/;

  4. Қысыммен құю т.б.

Өндірілетін құймалардың 75% бір рет қолданылатын құм-балшықтан жасалған қалыптар арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет