Байланысты: Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд
Құю жүйесі. Үлгі жасау. Белгілі формалы бөлшек құю үшін сол бөлшектің алдымен үлгілері жасалады. Үлгі жасау үшін мынадай жабдықтар пайдаланады: үлгі қалқаны, өзекше жәшіктері, жақтауыш, үлгінің өзі. Үлгінің сыртқы көрінісі құйманың формасына ұқсас, өлшемдері құйма өлшемдерінен артық болады. Үлгінің өлшемдері металдың отыру еселеуіші мен құйылған құйманы жарақтылық өңдеуден өткізуге арнап қалдыратын сапасының шамасына байланысты есептелген. Мысалы, ақ шойын мен болаттың отыру еселеуіші 2%, сұр шойындікі 1%, қалайы мен қоланікі 1,5%, алюминий құймаларынікі 0,9 - 1,4%. Жаррақтылық өңдеуге қалдыратын құйма артығының мөлшері оның күрделілігіне, өлшемдері мен құю жағдайына байланысты Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленеді. Үлгіні ағаштың (қарағай, қайың т.б.) үлгілерінен және металдан, гипстен, цементтен, пластмассадан жасайды. Ағаштан жасалған үлгілердің меншікті салмағы мен құны төмен, оның жасалуы мен бүлінген жерлерін жөндеу жұмысы жеңіл де, жұмыс істеу уақыты аз (600-1200 рет қана). Құйылған құймалар өлшемдерінің дәлдігі төмен. Ағаштан жасалған үлгінің пайдалану уақытына байланысты майысып, бұзылып, өлшемдері өзгеруі мүмкін. Сондықтан олар аз сериялы бұйымдар жасау өндірісінде ғана қолданылады.
Үлгі шойын, болат, түсті металдар қоспаларынан да жасалады. Металдан жасалған үлгілер ағаштан жасалған үлгілерге қарағанда ұзақ уақытқа жарайды (4500 рет) және дәлдігі жоғары құймалар алуға мүмкіндік береді. Бұл үлгілердің өзіндік құны жоғары және оның бүлінген жерлерін түзету қиынға соғады.
Соңғы кезде құю өндірісінде пластмассадан жасалған үлгілер кеңінен қолданылатын болып жүр. Өйткені мұндай үлгілермен құйылған құймалардың сапасы металдан жасалған үлгілермен құйылған құймалардың сапасынан кем түспейді, сонымен қатар өзіндік құны басқа материалдардан жасалған үлгілерге қарағанда, 3-10 есе арзан болады. Металдан, пластмассадан жасалған үлгілерді көп сериялы құймалар құятын өндіріске мәшинемен қалып жасау ісінде қолданылады.
Құю өндірісінде күрделілігіне қарай құйылатын құйманың бөлшектелмейтін және бөлшектелетін үлгілері пайдаланады. Үлгінің қалыптан бөлінуін жеңілдету үшін оның тік қабырғалары аздап көлбеу етіп жасалады, ал өзекшенің қалыпты дұрыс орналасқандығын үлгіде жасалған белгілер (тиектер) бойынща анықтайды.