Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері


Металдарды кесумен өңдеудің негізгі тәсілдері



бет39/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
консмат лекция

Металдарды кесумен өңдеудің негізгі тәсілдері

 

Кесумен өңдеу процесінде екі түрлі жұмыстық қозғалысты ажыратады: жоңқа бөлінуінің жылдамдығын анықтайтын басты қозғалыс - V; құралдың кесетін жиегінің металдың жаңа қабаттарына енуін қамтамасыз ететін беру (жіберу) қозғалысы - S.



Металдарды кесумен өңдеудің көптен-көп тараған тәсілдері -жону, тесу, фрезерлеу, сүргілеу, ажарлау (1-сурет).

 

 

1-сурет. Металдарды кесумен өңдеудің негізгі тәсілдері



а-жону; б-тесу; в-фрезерлеу; г-көлденең-сүргілеу станоктарда жону;

 д-бойлық- сүргілеу станоктарда сүргілеу; е-сыртқы дөңгелек ажарлау; 

ж-жазық ажарлау

 

Кесу жылдамдығы деп, дайындаманың өңделетін бетіндегі уақыт бірлігінде құралдың кесу жиегімен салыстырғандағы ауысуын айтады. Жону кезіндегі кесу жылдамдығы: V = πDn /1000 (м/мин).



мұндағы D-дайындаманың өңделетін бетінің диаметрі, мм; n-дайындаманың бір минуттегі айналым саны.

Беріліс S-кескіштің кесу жиегінің өңделетін дайындама бір айналғандағы ілгерлемелі ауысуы (жонғанда берілістің өлшемі мм/айналым).   

Кесу тереңдігі t-кескіштің бір өткенінде алынған өңделетін және өңделген беттердің ара қашықтығы. Сырттай бойлық жонғанда кесу тереңдігі былайша анықталады   t = (D-d)/2,  мұндағы d-дайындаманың өңделген бетінің диаметрі.

Кесіктің көлденең қимасы F (кесілген қабаттың ауданы) кесіктің ені а мен калыңдығының b көбейтіндісінен немесе беріліс S пен кесу тереңдігінің t көбейтіндісіне тең, былайша айтқанда  F = аЬ = S*t




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет