Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет42/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
Байланысты:
консмат лекция

Буынды жоңқа (опыру жоңқасы) кесу жылдамдықтары аз және кесілетін қабаттың қалыңдығы үлкен қаттылығы орташа металдар мен қорытпаларды (қаттылығы жоғары болатты, жездің кейбір түрлерін) кесу кезінде пайда болады (21.9-сурет, б). Ол кескіш жанындағы тегіс қабырғасы бар таспаны білдіреді, оның сыртқы қабырғасында арасында байланыс жоғалмаған элементтер (кетіктер) айқын көрсетілген.

Жарықшақ жоңқасы (элементтік) морт қорытпаларды (шойын, қола және т.с.с.) кесу кезінде түзіледі және өз араларында байланыспаған кездейсоқ пішінді жеке элементтерден тұрады (21.9-сурет, в). Жарықшақ жоңқасы түзілгенде өңделген бет кедір-бұдыр, кетіктерімен және тіліктерімен алынады.

Иірмелі және буынды жоңқаларды ығысу жоңқалары деп атайды, өйткені олардың түзілуі ығысу кернеулерімен байланысты.

Жарық­шақ жоңқасын кейде үзу жоңқасы деп атайды, өйткені оның түзілуі созылу кернеулерімен тудырылған.

Жоңқаның сипаты өңделетін материалдың физика-механикалық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге кесу режиміне, кескіш құрал геометриясына және бірқатар басқа себептерге де байланысты болады. Жоңқаны бір күйден екіншіге, мысалы буынды жоңқаны жарықшақ жоңқасына ауыстыру үшін, кескіш құрал конструкциясына кейбір элементтерді енгізу қажет: жоңқа бұзғыш құрылғылар, табалдырықтар, бөлгіш бунақтар және т.б., дірілдік немесе үзік кесуді қолдану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет