Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет69/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Қақтығыстарды зерттеу тарихы.
Қоғамдық дамудың бірқатар теориялары, қрқтығыстарға тарихтан маңызды орын береді. 
Маркстік теория революцияны тарихтың қозғаушысы деп атайды. Соңдықтан марксизмді 
қолдаушылар таптық күреске үлкен мән береді және қарулы көтеріліс пен билікті басып алуды 
өздерінің басты мақсаты деп санайды. Яғни, қақтығыстардың мәні тым абсолютендіріледі, ал одан 
шығудың жолы - тек бір таптың жеңісі деп түсіндіріледі., Алайда мұндай теориялардың соғыстар 
мен апаттардың көзіне айналатындығың айта кеткен жөн. Қактығыстарға қатынастағы басқа жол 
оларды күшпен емес, келіссөздер арқылы шещуге талпыну. Мұндай жағдайда тек бір тараптьщ 
пікірі ғана ескерілмейді. Бұл көзқарас қақтығыстар туралы айтпауды немесе оны басып тастауды 
емес, керісінше оларды сұхбаттасу жолымен, әртүрлі пікірлер мен сұраныстарды ескере отырып 
шешімін табуға негізделеді. 
Саяси қақтығыстар теориясы XX ғасырда белсенді дамып, тіпті конфликтология деп 
аталатын өзінің көптеген аспектілерден тұратын зерттеу нысаны бар жаңа пән қалыптасты. 
Олардың іішінде заң, әлеуметтік, саяси және психологиялық аспеткілер маңызды болып табылады. 
Қақтығыстар (қоғамдық құбылыс ретінде көптеген, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың 
көзқарастарына ілікті. Бастапқыда көптеген зерттеушілер (М.Дойч, А.Бернард және т.б.) 
қақтығыстарды келеңсіз және қажетсіз құбылыс ретінде қарастырғандықтан, олар 
қақтығыстардың пайда болуының алдын алу мен одан шығу әдістерін іздестіруге басымдық берді. 
Біздің күнімізде (Л.Понди, Р. Дарендорф және т.б.) қақтығыстар әртүрлі мүдделі топтардың
арасында міндетті түрде панда болатын заңды құбылыс ретінде қарастырады. Жалпы, 


қақтығыстардың туындау мүмкіндігі негізінен құрылымдық қатынастардан келіп шығады. Қазіргі 
күнде қақтығыстар оған жол бермеуге болатын және басқаруға болатын үдеріс ретінде түсініледі.
Л. 
Понди қақтығыстың бастауы ресурстардың, лауазымның немесе биліктің 
жетіспеушілігінен жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе саяси институттар арасында 
бәсекедестіктен туындайды деп санайды.
Зерттеуші қақтығысты ұйымдастырушылық міндеттерді шешу құралы ретінде қарастыруға 
болады деп есептейді. Қақтығыстың өзін алып қарар болсақ - ол жаман да, жақсы да емес. Оны тек 
алға қойған мақсаттарға қол жеткізу жоспарында ғана бағалауға болады. Жекелеген ғалымдар ара 
қарқынды емес қақтығыстарды жүйенің немесе жеке ұйымның эволюциялық қайта өзеріп отыруы 
үшің тіпті пайдалы деп есептейді.
М. Дюверже саяси қақтығыстарды оған қатысып отырған қоғамдық құрылымдар мен 
топтардың қатысып отырғанына қарай тік және белдеулік деп бөліп қарастырады. Мәселен, саяси 
қақтығыс басқарушы элита мен қарапайым сайлаушылардьң, билік басындағы элита ішіндегі 
жекелеген топтардың, беделі мен салмағы тұрғысынан тең келетін саяси партиялардың, үкімет 
пен ықпалды экономикалық күштердің арасында туындауы мүмкін. Р. Дарендорфтың пікірі 
бойынша, қақтығысты да интеграцияны өмірге алып келген құрылымдар туындатады. Интеграция 
- оның нәтижесінде қоғамдық күштер тұтастық ретінде көрінетін, ал қоғам ауыз біршілік пен 
келісім негізінде өздері таңдаған бағытта қозғалатын әртүрлі мүдделерді үйлестіру үдерісі болып 
табылады. Осы ретге, интеграция, бір жағынан, қақтығыстық жағдайларды шепіуге мүмкіндік 
береді, және, екінші жағынан, барлық қоғамдық топтардың келісімдерін қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет