Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет68/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Әдебиеттер тізімі: 
1. Дереккөз: https://www.primeminister.kz/kz/news/ukimette-100-nakty-kadam-ult-zhosparyn-
iske-asyru-barysy-karaldy-25283 
2. Саяси модернизация: оқу құралы / Г.Қ. Әбдіғалиева, А.О. Жампетова. – Aлмaты: Қaзaқ 
университеті, 2020. – 158 б. 
3. Д. Жамбылов. Саясаттану. Оқулық. Алматы, 2001 
4. Тәжиева Р.С. Саясаттану. Оқу құралы. Шымкент, 2014 
5. Абдыкалыков У.К. Симтиков Ж.К. Саясаттану. Оқулық. Алматы, 2018 
Дәріс 14Саяси қақтығыстар мен дағдарыстар. 
1. Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны 
2. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері 
3. Этносаяси жанжалдар 
4. Саяси шиеленістер және оппозиция 
Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-
қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір 
таласты айтады. 
Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII-VI ғасырларда кытай 
фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан 
тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен кұбылыстардың дамуы 
қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында 
қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Қоғамдағы шиеленістерді зерттеуге Н. 
Макиавелли көп көңіл бөлді. Ол әртүрлі деңгейдегі шиеленістерді сараптай отырып, олардың 
қоғамдық процестердің дамуындағы жағымды сипатын атап көрсетеді. Алайда, ХYІІІ ғасырдың 
соңына дейін саяси шиеленісті зерттеуші ойшылдар оны ең алдымен мемлекеттің реттеуші 
қызметі санап, үстемдік ету мен бағыну мәселелеріне жатқызды.Гегель қарама-қарсылықтардың 
қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады. Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл 
бөлген марксизм. Маркс пен Энгельс “Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен кұл, 
патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, кысқасы, езуші мен 
езілуш бірімен-бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айкын түрде үздіксіз күресіп 
келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе 
күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық 
қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді. 
Алайда, ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап әлеуметтік шиеленістерді қоғамның ішкі 
өміріне ықпалы бар құбылыс ретінде қараған арнаулы еңбектер пайда бола бастады. Осы ғасырдың 
50 жылдарында американдық Льюис Козер ((АҚШ) “Позитивті-функционалды шиеленіс”) 
әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы қаражат үшін күресті жатқызды. 
Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.
60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф (Германия) «коғамнын дау-
дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» 
деген енбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар 
кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм 
біртіндеп терен өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс 
айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. 
Американын әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы теориясын» жасады. 
Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай 
кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері аркылы реакцияларды, 


кұндылықтарды, жеке адамдардың кұштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында 
коғамдық кұрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды. 
Қазіргі кезде коғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан 
осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол 
мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін 
саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға 
бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. 
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың 
теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің коғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. 
Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: («Бұл қайшылық 
әрқашан болған және бола бермек,
сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз» дейді. 
Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың, талап-тілектің өтелмеуі немесе 
қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. 
Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т.б. бірлестіктердің 
мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын 
басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір 
халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы 
баскілер және т. с. с. 
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. 
Мысалы, жеке адам мен қоғамдық кұндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам 
бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың 
ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, T.T. 
Шиеленістер коғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс 
адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай 
шешуге септігін тигізеді. 
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар 
мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі 
топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатың субъектілерге байланысты 
мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, 
экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне 
қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік 
емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қысқа 
мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр. 
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезендерден өтеді. Алғашқы кезеңінде 
кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамнын кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға 
айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, 
құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың 
алдынғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде 
келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық 
мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның 
беделі де, халықты бағындыратың сикырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы 
төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін 
екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген 
адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-
жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы 
Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сиякты. 
Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сынай білдіреді. 
Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан шиеленісті 
шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамнын "таза" даму 
қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы 
келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы 


құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын 
мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей. 
Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар. 
1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға 
қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі 
ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым 
болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. 
Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі
дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. 
Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т. б. 
зерттеп білген жөн. 
Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне заңды оппозицияның баржоғына да байланысты. Бұрынғы 
Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе 
сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына 
сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары 
ескеріледі. Сондықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып 
тастаса, диктатура қалады деп тегін айтпаған. 
Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім 
негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, 
сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық денгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін 
қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген 
абзал. 
Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді 
реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, қоғамның 
ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. 
Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар. 
Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардын жекелеген түрі ғана 
қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіндерді дер 
кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық 
өмірдің демократиялық жагдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан америкалық саясатшы 
Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте 
дұрыс санайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет