Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет2/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Саясаттану  - саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. 
Әңгімені
көп
жағдайда
нақты 
саяси
білімі 
жоқ 
адамдар 
да 
жасай 
береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге 
болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, 
біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағдарысы, 
т.с.с.
саяси
ұғымдарды 
толығымен 
түсінеміз 
бе? 
Қоғам 
дамуының 
шым-
шытырық бағдардарын түсіндіретін саясаттану пәні болып табылады. Марксистік саяси ғылым 
туралы пікір таласы ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталған болатын. Мәселе 
саясаттанудың қажеттілігі жайлы емес, керісінше, оны басқа қоғамдық ғылымдардан ажыратып 
алып, оқыту қажет пе деп қойылды. Аталған кезеңде Г. Шахназаров, Ф. Бурлацкий, Ю. Красин, А. 
Бутенко сынды беделді ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға өз алдына дербес 
орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болмаса да кеңес қоғамының тоқырау 
кезеңінің тереңдей түскен сәтінің өзінде саясаттануға деген оңды көзқарас қалыптаса 
бастағаны белгілі. Бүгінгі беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып жүрген қоғамдық пәндер 
- дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бір тармағы екендігіне көз жеткізер едік. 
Ең алдымен саясаттану пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын ажыратар болсақ, 
саясаттану политология - грек сөзі «политика» - мемлекетті басқару өнері деген ұғым, «логос» - 
ілім деген түсінік береді екен. Сол себепті саясаттану пәніне алдымен саяси қатынастарды оқып-
үйрету өнері жатады. Пәннің құрамына одан басқа мыналар енеді: қоғамның саяси 
жүйесінің принциптері, саяси жүйенің рөлі мен негізгі құрамдарының өзара қарым-қатынастары 
болып келетін - мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар; мемлекеттік саясатты жасау 
мен жүзеге асырудың әдістері; қоғамдық-саяси қатынстарды реттеу; демократия деген ұғымды 
құратын проблемалардың біртұтас комплексі. Саясаттану сондай-ақ сыртқы саясатты 
да, халықаралық қатынастарды да оқып-үйретеді.
Сонымен, саясаттану – мемлекетті басқру механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік 
пен қоғамдағы күнделікті процестердің өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-
салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде 
саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу 
үрдісінен
аластағанымыздай, 
саясаттану
пәнінен 
де 
ат-тонымызды 
алып 
қашып 
келдік. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды 
мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, 
мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз. 
Саясат ілімдерінің құрылымы.
Батыста саяси философия, саяси ғылым, саяси социология, 
саяси 
психология 
бар. 
Олардың
әрқайсысын 
ажыратып
қарау 
қалыптасқан. 
Мысалы, саяси басшылықты саяси ғылым, саяси социология, саяси психология қарастырады.
Әрқайсысы өз тұрғысынан зерттейді. Нәтижесінде әрбір қоғамдық ғылымның иесі өз тарапынан 
тарихшы-саясаттанушы, экономист-саясаттанушы, философ-саясаттанушы, заңгер-саясаттанушы, 
социолог-саясаттанушы, психолог-саясаттанушы, т.с.с. болып келеді. Десек те, саясаттанудың 
объектісі: саяси жүйелердің теориясы мен әдістерін, оның ішінде саяси қатынастарды, саяси 
институттарды, саяси процестерді зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет