Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


дәріс. Саяси даму мен модернизация



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
13 дәріс. Саяси даму мен модернизация
 
 
Саяси даму және оның критерилері. Саяси модернизация ұғымы 
1. Саяси модернизацияның негізгі сипаттамалары мен түрлері 
2. Қазақстан Республикасының саяси модернизацисының ерекшелігі. "Қазақстан-2050 
Стратегиясы", Ұлт жоспары – бес институционалдық реформа, Рухани жаңғыру – болашаққа 
бағдар бағдарламасы – қазақстандық саяси модернизациясының тәжірибесі ретінде. 
1. Саяси даму. Қазiргi саясаттану ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпы таныған 
анықтамасы жоқ. Көбiнесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады: 
· экономикалық дамудың алғышарты;
· өндiрiстiк қоғамға тән саясат;
· саяси модернизациялау; 
· ұлттық-мемлекеттi басқару;
· әкiмшiлiк және құқықтық даму;
· жаппай жұмылдыру және қатысу; 
· демократиялық қоғамды құру;
· өзгерiстер сабақтастығы мен тұрақтылығы;
· әлеуметтiк өзгерiстердiң көпжақты процесiнiң бiр аспектiсi.
Саяси iлiмдер тарихында саяси дамудың әр түрлi концепциялары қалыптасқан. 
Мәселен, саяси дамудың либералдық өкiлдерi, саяси дамудың өлшемi ретiнде адам 
құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм 
мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар, саяси дамудың негiзгi құндылықтары 
ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен 
сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды 
есептейдi. Марксизм, саяси жүйе дамуының өлшемiн жеке меншiктiң қоғамдық меншiкке 
ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистiк партияның жетекшiлiк 
рөлi артуымен байланыстырады. Демек, алдыңғы екi бағыт демократияның тоталитаризмге, 
ал марксизм болса социализмнiң капитализмге үстемдiгiн қолдайды. Бiрақ, саяси процестер 
аяқталмаған транзиттi қоғамда бұл өлшемдердi пайдалану қиындық тудырып ғана қоймайды, 
кейде даму идеясының өзiне қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билiктi демократиялық 
негiзде институттау, плюрализмдi кеңейту басқарудың деспоттық формасының 
қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салдарлардың тууына алып келуi 
мүмкiн. Саяси даму − саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтiк, 
экономикалық және т.б. мәселелердi тез арада қабылдау қабiлетi мен сезiну икемдiлiгiне, әрi 
қоғамдық пiкiрдi қабылдау мүмкiндiгiне тәуелдi. Демек, керi байланыстың тұрақты 
механизмi қалыптасуы тиiс, бұл дегенiмiз басқарудың тиiмдi буындары тұрғындар пiкiрлерiн 
есепке алуға қабiлеттi, шешiмдi тиiмдi таратушы, саяси жүйе шиеленiстi реттеудiң икемдi 
механизмiне айналған және билiктi қолданудың тиiмдi жолдарын таңдаған деген сөз. Мұнда 
бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттiк форманың өзгерiсiн иеленетiндiгi ешқандай 
мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбiр рөл 
атқармайды. Ең негiзгiсi, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше бiлу қабiлетiнде, 
оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билiк жүйесiнiң жағымды динамикасын, өмiр 
сүрудiң жаңа сапасына өткендiгiн бейнелейдi. Бұл пiкiрдi Д. Истон, Г. Алмонд және Г. 
Пауэлдiң саяси жүйедегi ең бастысы оның құрылымында емес, iс-әрекетiнде деген 
тұжырымдары да растайды. Саяси даму дегенiмiз саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк 
жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң дамуы және талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет 
арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы. Саяси дамудың мақсаты 
қандай да бiр тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси 
институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан 
әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу. Саяси даму процесi саяси жүйенiң iшiнде 
оның мақсатының мынадай факторлармен − әлеуметтiк-экономикалық даму тұрақтылық, 
теңдiк, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етедi. Табысты бөлудегi теңсiздiк пен 


саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтiк қиналыс, саяси 
тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады. Саяси дамудың эволюциялық 
жолы үшiн қажеттi жағдайлар мыналар: 1) тұрғындардың шешiм қабылдау мүмкiндiгiн 
кеңейту, қоғамдық сұраныс пен мүдденi есепке алу; 2) билiк үшiн күресте әдiл және еркiн 
бәсекелестiктi орнату; 3) шиеленiстi шешудiң тиiмдi механизмiн қалыптастыру; 4) саяси 
жетекшiлердiң бiлiктiлiгi, хабардарлығы, қарсыласымен келiсiмге келе бiлу қабiлетi, 
күштеуге жол бермеу;
Саяси процесс ұғымы саяси өзгеріс және саяси даму ұғымдарымен тығыз байланысты. 
Саяси процесс саясаттың динамикасының көрсеткіші болғандықтан саяси өзгерістермен 
саяси даму түрінде көрініс табады. Бұл екі ұғымның екі бір бірінен айырмашылықтары бар. 
Саяси өзгерістер негізінен сандық өзгерістер, ал саяси дамуды жекелеген компоненттердің 
сапалық өзгерістер деп қарастыруға болады. Мысалы, президент сайлау нәтижесінде жаңа 
президент басшысының келуі ол саяси өзгеріс. Ал жаңа дәуірде батыс еуропаның 
буржуазиялық төңкерістерінің нәтижесінде республикалық формасы бар ұлттық 
мемлекеттердің құрылуы саяси дамудың мысалы. Бұл маңызды сапалық өзгерістер. Сонымен 
қатар ұзақ эволюциялық процестер сандық өзгерістердің жинақталуы арқылы жүзеге асып, 
олар біртіндеп сапалы өзгерістерге айналады. Яғни алдымен саяси өзгеріс керек, одан кейін 
саяси даму болады.
Саяси жүйедегi даму процесi: талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлi 
күштеу топтары мен саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметi шектетiлетiн болса, 
онда саяси жүйенiң бейiмделу мүмкiндiгi әлсiрейдi. Талаптарды електеу, белгiлi бiр 
каналдарға бөлу. Ол мәдени әрi құрылымдық болып екiге бөлiнедi. 
Құрылымдық немесе саяси түрi, оған партия, жоғары қабат, парламентаризм жатады. 
Мәдени реттеуге саяси қалыптар, құндылықтар, түсiнiктер, көзқарастар жатады. Сондықтан 
мұнда саяси әлеуметтендiру рөлi басым. Талаптарды қысқарту, топтастыру, баламалық 
талдауды қалыптастыру. Бұл қызметтi саяси партиялар тиiмдi атқарады. Қазақстан 
Республикасында саяси партиялардың әлсiздiгi саяси жүйенiң сыртқы және iшкi өзгерiстерге 
тез арада бейiмдiлуiнiң стратегиялық потенциалын төмендетуде. Керi байланыс қоғамдағы 
шиеленiстердi шешудiң бiрден-бiр көзi, ол билiктiң саяси жүйеге түскен талап-тiлектердi 
реттеу қабiлетiне байланысты. Керi байланыс саяси жүйенiң өзiнiң мақсатына қаншалықты 
жеткендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасында саяси жүйе керi 
байланыс әлсiздiгiнен қиналысқа ұшырауда. Бұл саяси жүйенiң ақпараттар каналдарының 
қызметi әлсiздiгiне байланысты. К. Дойч саяси жүйе өз мақсатына жетуi үшiн мына төрт 
факторға тәуелдi деп есептейдi:
· жүйенiң ақпараттармен жүктелуi;
· саяси жүйе реакциясының жылдамдығы;
· саяси жүйенiң жаңа фактiлерге тез, әрi сапалы жауап қайтаруы;
· мақсатты нақты белгiлеу.
Демек, саяси жүйе қызметiнiң тиiмдiлiгi қамтамасыз ететiн факторларға айналымдағы 
ақпараттардың жеткiлiктiгi мен сапасы, жүйенiң сыртқы ықпалдарға жауап қайтару жолдары 
мен формалары, сонымен қатар коллективтiк әрекет арқылы бiлдiру, оның нәтижесiнiң 
бастапқы мақсатқа сәйкес келуiн жатқызуға болады.
2. Сонымен қатар саяси ғылымда саяси өзгеріс пен саяси дамумен қатар саяси 
модернизация деген түсінік бар. Саяси модернизация дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік 
мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен 
халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек, саяси саладағы 
модернизация әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және мемлекет пен саяси қатысудың 
ортақ тетігін табуы тиіс. Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. 
Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика 
стандарттарына жету міндеті қойылады.
Этимологиялық тұрғыдан «жаңғыру» ұғымы modern (фр. mo-derne) жаңа, заманауи, ал 
оның туынды етістігі modernize (фр. mo-derniser) заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру, 
жаңарту, өзгерту деп пайымдалады. Артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің 


деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясат. ХХ ғасырдың ортасында modernity 
заманауи бағыт бойынша әлеуметтік жүйенің өтпелі жағдайын білдіретін ұғым ретінде 
қалыптаса бастайды. Итал. moderniti – «өркениетті қоғам». «Жаңғыру» термині ағылшын 
тілінен аударғанда жаңашаландыру деген мағынаны білдіреді және қазіргі қоғамға тән 
бірқатар сипаттамасы бар.
Модернизация ұғымы саясаттану ғылымында 1960 жылдары дамушы елдерде болып 
жатқан даму процестеріне сипаттама беру үшін пайда болды. Көптеген саясаттанушылар 
саяси модернизацияның дәстүрлі саяси жүйеден қазіргі индустриялды немесе пост 
индустриалды жүйесіне көшу деп түсіндірді. Мысалға айта кететін болсақ, тарихтың өзінде 
құлинеушілік, қайта өрлеу, жаңа заман. Сонда заман мемлекеттің бір дәуірдің екінші дәуірге 
өтуі модерницазия процесі екен. Яғни қоғамдағы үлкен серпіліс барлық саланың өзгеруіне 
алып келеді. Мысалы жаңа замандағы өнеркәсіптік жаңашылдықтар толығымен өндіріс пен 
еңбек салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Жалпы саяси ғылымда модернизация 
теориясына бірнеше кезеңді қамтиды. Яғни мемлекеттерде модернизация процесі қандай 
әдістермен немесе тәсілдер мен жүзеге асу тиіс деген сұрааққа жауап беруге тырысады. 
Модернизацияның бірінші кезеңі ХХ ғасырдың 50- 60 жылдарын қамтиды.
50- 60 жылдардағы модернизациялық теориясы әмбебаптық принципке негізделген.
Барлық елдер мен мемлекеттердің дамуы әмбебап деп есептеледі. Яғни барлық 
мемлекеттердің бір деңгейде бір кезеңдегідей үлгіде дами алады деген тұжырым басым 
болды. Мемлекет дамуындағы ұлттық ерекшеліктер ескеріледі. Бірақ олар екінші кезекте 
болып есептелді. 50 - 60 жылдардағы модернизация теориясының авторлары әлеуметтік даму 
экономика мен технологиялық прогреске негізделеді. Ол өз алдына өмір сүру деңгейінің 
жоғарылауына және әлеуметтік мәселелерді шешуге әкеледі деп санаған. Ғылыми 
техникалық прогрестің арқасында қоғамның модернизация, яғни дәстүрлі құндылықтардан 
бас тартып әлеуметтік құндылықтардан өзгеріске ұшырайды деп есептеген. Модернизация 
теориясының өкілдері АҚШ, одан кейін еуропа елдері ең дамыған заманауи ел деп атаған. 
Алайда артта қалған елдердің алдыңғы қатарына даржавалардың заманауи деңгейлеріне 
жету мүмкіндігі бар деп есептеді. Осылайша бірінші кезеңде модернизация теориясының 
басты белгілерінің бірі теологизм және евроцентризм. Дәлірек айтқанда америкацентризм 
болды. Мұны модернизацияның осы кезеңінде пайда болған кейбір анықтамалары 
дәлелдейді. Атап айтқанда, ірі зерттеушілердің бірі – Шмуэль Ной Эйзенштадт 
модернизацияны былай анықтады: Тарихи тұрғыдан модернизация дегеніміз – Батыс Еуропа 
мен Солтүстік Америкада ХҮІІ–ХІХ ғасырлар аралығында қалыптасқан әлеуметтік, 
экономикалық және саяси жүйелер типтерінің өзгеру процесі.
Модернизацияның екінші кезеңі 70–80 жылдарды қамтиды. Модернизация 
теориясының екінші кезеңі саяси әлеуметтік және экономикалық дамудың факторларына, 
атап айтқанда саяси мәдениет сияқты факторларға негізделді. Жалпы осы кезеңдегі көптеген 
ғалымдар саяси экономикалық процестерді зерттеуде евроценризм көзқарасынан арыла 
бастады. Үшінші әлем елдеріндегі демократияландырудың тиімділігі экономикалық өсім мен 
әлеуметтік экономикалық прогресс мақсаттарын жүзеге асыру қабілет деп есептейді. Осы 
уақытты модернизация теориясының көптеген өкілдері әлеуметтік эконкомикалық 
прогрестің міндетті шарты саяси дамудың тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударады. 
Ғалымдар саяси тұрақтылықты сақатау үшін әртүрлі тәсілдерді ұсынды. Модернизация 
торияларына ұсынған әдебиеттерде шартты түрде екі бағыт бар. Консервативтік және 
либералды. Олардың тұрақтылық факторларына деген көзқарасы әртүрлі.
«Консервативті» бағыттың өкілдері – С. Хантингтон, Дж. Нельсон, Х. Линц және т.б. 
модернизацияның басты мәселелері халықты жұмылыдру, оны саяси өмірге қатыстыру, 
артикуляция мен біріктрудің құрылымдар мен тетіктерінің болуы. Осы орайда ғалымдар 
бұқараның дайын еместігі билік институттарының пайдалану мүмкін еместігі, демек 
саясатқа араласуға күткен үміттердің жүзеге асырылмауы саяси режимнің тұрақсыздығына 
ықпал етеді. 


Самюэль Филлипс Хантингтон «Өзгермелі қоғамдағы саяси тәртіп» атты еңбегінде 
Саяси моодернизацияның басты міндеті – саяси институттарды демократияландыру емес, 
күш пен ұйымдастырушылыққа негізделген бейімделу қабілетін дамыту деп жазды.
«Либералды» бағытты жақтаушылар – Р. Даль, Г. Алмонд, Л. Пай болды, олар 
модернизацияның негізгі мазмұнын – әлеуметтік ұтқырлықты күшейту және халықты саяси 
қауымдастыққа біріктіру арқылы ашық әлеуметтік–ссаяси жүйені қалыптастыру деп 
көрсетті. Олар саяси модернизацияны басты критериі ретінде халықтың саяси өкілділігі 
жүйесіне қатысу нәтижесін қарастырды. Модернизацияның сипаты мен динамикасы еркін 
элиталардың ашық бәсеклестігімен қарапайым азаматтардың саси қатысу процесіне 
нәтижесін байланысты сәтті модернизацияның шарты – тұрақтылық пен тәртіпті элита мен 
тұрғындар арасындағы диалог арқылы қамтамасыз ету және қалың бұұқараны жұмылдыру 
болды.
Модернизацияның үшінші кезеңі бірінші кезеңдегі модернизация теориясы сияқты 
модернизация өздігінен дамитын процесс емес деп қарастырды. Модернизация 
бастамашысы және жүргізушісі болатын, ең алдымен тиісті модернизация саясатын 
жүргізетін саяси элитарға байланысты деп есептеді. Модернизация теориясының көптеген 
авторлары модернизация дәстүрді жою емес керісінше модернизация процесінің өзіндік 
сипатын анықтайтын елде бар дәстүрлерді пайдалану арқылы дамып тұрақатндыру фактор 
ретінде қолдану қажет деп есептеген. Үшінші кезеңдегі модернизация теориясы дәстүр мен 
қазіргі заман арасындағы қатаң қарама қайшылықтың болмауы идеясын алға тартты.
Жаңғырту өнеркәсіптік жабдықтарды, аспаптарды, тұрмыстық бұйымдарды оларды 
жасаудың технологиялық процесіне күрделі өзгеріс енгізбей-ақ жетілдірудің барынша тиімді 
тәсілі. модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық 
немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің 
күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және 
тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық 
өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; 
төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. 
Жаңғырту, негізгі жаңғырту және жабдықты жаңғырту тағы басқа болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет